7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Бауырмалдылық пен кеңпейілділік

Сабақтың тақырыбы: Бауырмалдылық пен кеңпейілділік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Мектеп: №36 қазақ орта мектебі

Мерзімі : Мұғалім: А.Дошниязова

Сынып: 6«А»Оқушылар саны: 20

Тақырып: Бауырмалдылық және кеңпейілділік

Құндылық: Сүйіспеншілік.Қасиеттер: мейірімділік, татулық, қамқорлық.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бауырмалдылық пен кеңпейілділік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Оқушыларға бауырмалдылық, кеңпейілділік ұғымдарының маңызын аша отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсіндіру.

2. Оқушыларды бөлісе білу, өзгеге көмек көрсетуге баули отырып, қамқорлық қасиетін дамыту.

3. Оқушыларды мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)



Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың күнделік, оқулық, дәптер, пеналын тексеру. Оқушылармен бірге 5 «Т»ережесін еске түсіру.

Т-Тәртіп

Т-Талап.

Т-Тазалық.

Т-Тыныштық.

Т-Татулық.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Мұғалім:Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түседі.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы ,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен тек жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге,барлық адамдарға,жан-жануарларға, өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...

Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен нұрмын». Осындай нұр,махаббат,Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Балалар тыныштық сәтінде қандай әсер алдыңыздар?

(Оқушылар алған әсерлерімен бөліседі.)













Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты шығармасын оқып келу.43-бет.

Мазмұн бойынша сұрақтар:

1. Басқарма халықты не үшін жинады?

2. Ахмет ата неліктен немістің баласын таңдады?

3. Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?

4. Ахмет атаның сүйіспеншілікпен жасаған жақсылықтарын айтып беріңдер?

5. Сендерге жақындарың мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер? Әңгімелеп беріңдер





Дәйексөз.

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен шығады.

Ш.Құдайбердіұлы



Дәйексөзді ұлдарға1 рет,қыздарға 1 рет оқытып, мағынасын ашу.

Дәйексөздің мағынасы ашылған соң дәптерге жаздыру.







Әңгімелеу.

Ағайынды екі қыз

Ертегі



Ертеде бір әйелдің екі қызы болыпты. Бірде ол екі қызмен бірге орманға бүлдірген теруге барады. Үшеуі орманда ұзақ жүріп, себет толтыра бүлдірген жинайды.

Қыздың бірі көк шөптің үстіне орамалын жайып, себетіндегі бүлдіргендерін жапырақтарынан тазаламақшы болып төге қояды. Сол сәтте жел соғып, қыздың орамалын ұшырып әкетеді. - Ой, неткен қатыгез жел!-деп қыз долданаайғайсалады.

Мұны естіген анасы оған:

- Қызым, жел туралы олай ғайбат сөйлеме! Оның ашуы қатты, кімді болса да ұшырып кетеді. -Тағы не айтасыз? Желден де қорқу керек пе?- деп күледі қыз шешесін келемеждей.

Осы кезде жел қатты соғып, қызды ұшырып -әкетеді.

Анасы мен қыздың сіңлісі қорқып, не істерін білмей алаңқайда тұрып қалады. Әлгі қыздың сіңлісі әпкесін іздеп баруға ниет танытады- Қызым, енді ол алыста. Бірақ сенің қайсарлағың Желдің ашуын басып, әпкеңе үйге қайтуға мүмкіндік береді. Енді оны іздеп табу үшін жоқ дегенде үш жұп етік тоздыру керек,- деп мұңаяды анасы.

Кішкентай қыз аяғына етігін киіп, қосымша екі жұп етікті түйіншегіне салып алады да, әпкесін іздеуге жолға шығады.

Ол жел соққан бағытта жүре береді. Жүре-жүре етігіне қараса, ол шоңқиып қалыпты. Қыз жыртылған етігін тастап, екіншісін киіп, әрі қарай жүре береді. Жүре-жүре терең өзенге тап болады. Өзен үстіндегі көпірден өтейін десе,жел аяғын сабалап оған кедергі келтіреді. Не істерін білмей абдырап тұрғанда Жел қызға тіл қатады. - Жұмбағымның шешуін тапсаң өткіземін,-дейді. - Айт, жасырған жұмбағың қандай? -деп сұрады қыз. -Кіндігі бар, мұрны бар, өзі кішкентай және толық.

Кішкентай қыз қанша ойланса да, жұмбақтың шешуін таба алмады. Ал өзен арнасындағы су қызға көмектескісі келіп, толқындарымен жағаны шылп-шылп еткізіп соғып жатты. Тыңдаса шәй-нек, шәй-нек ....деп тұрғандай ....

Кішкентай қыз судың айтқанын түсіне қойды.

- Шәйнек!- деп қыз айғайлап жіберді.

Жел оны көпірден өткізді де, қыз әрі қарай жүгіріп,кетеді. Ол жүгіре-жүгіре үлкен тауға жетеді.

Аяғын ауыртқан соң етігіне қараса, тағы да шоңқиып жыртылып қалыпты, Ол үшінші жұп етігін киеді. Ал жел

болса, одан бетер қатты соғып, қызды тауға қарай беттетпей қояды.

-Тамырсыз не өседі, шешуін тап, сонда ғана жіберемін, -дейді. Кішкентай қыз шешуін таба алмады. Сол кезде маңайдағы тастар оған ақырын ғана: «тас...тас...» деп сыбырлайды. Мұны құлағы шалған қыз қуанып кетіп: - Таптым, таптым. Ол - тас!-деп қуана айғай салады.

Жел басылып, қыздың жолына кедергі жасағанын қояды. Қыз таудан аман-есен асып, оның арғы бетіндегі әпкесін тауып алады. Ал жел болса тағы да қызды әпкесіне жібермеуге тырысып бағады. - Мына жұмбақтың шешуін тапсаң жіберемін. Өзі шулайды, ысқырады және ұлиды. Ол не?

- Ол сенсің, Жел!-дейді жұмбақты шешкеніне қуанған қыз секіріп.

Ұрланған қыз сіңлісінің тапқырлығы мен әпкесіне деген сүйіспеншілігінен жеңіліс тапқан Жел бірте-бірте баяулап, биік таудан, көк өзеннен асып кетіп қалыпты.

Алағайынды екі қыз қол ұстасып, үйлеріне қайтыпты.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Екі қыз орманға не үшін барды?

2.Жел қызды неліктен ұшырып алып кетті?

3.Қыз әпкесіне жету үшін қандайкедергілерден өтті?

4. Сіңлісін жақсылық жасауда оның бойындағы қандай құндылықтары мен қасиеттері әсер етті?

5.Сендердің отбасыларыңның татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған? Әңгімелеп беріңдер.









Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.(5-7 минут)

Оқушыларды геометриялық пішіндер бойынша топтарға бөлу.Баяу әуен ойналады.

1-топ: « Мейірімділік - асыл қасиет» тақырыбына шағын қойылым көрсету.

2-топ: «Татулық табылмас бақыт» тақырыбына шағын қойылым көрсету.

3-топ: «Қайырымды іс жаса» тақырыбына шағын қойылым көрсету.











Плакат,маркерлер,

жұмыс дәптерлері



Топпен ән айту. Айгөлек



Сөзі: Н.Баймұхамедовтікі

Әні: Б.Байқадамовтікі



1.Көлдей щалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағымда.

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?



Қайырмасы:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би билеймін дөңгелеп



2.Ақыл сөздің ұстасы -

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.



Қайырмасы:













































Үй тапсырмасы.

1.№13-сабақ 47-бет Өсиет әңгіме «Алма ағашы» атты мәтінін оқып келу.

2.Дәптердегі 2-3 тапсырманы орындау.



Соңғы тыныштық сәті.

Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтап, өмірде қолдануға тырысыңыздар.

Сау болыңыздар!

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал