7


  • Учителю
  • Мәтінмен жүйелі жұмыс- оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту әдісі.

Мәтінмен жүйелі жұмыс- оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту әдісі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Мәтінмен жүйелі жұмыс- оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту әдісі.

</ Орыс мектептерінде қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда мұғалім жалпы оқыту әдістерін қолданады. Сонымен бірге, сыныптың ерекшелігіне байланысты өзіндік ізденістер жасап, оқу мәтінін меңгеруде оқушыға неғүрлым лайық жол табуды ойластырады.

Мәтінмен жүмыс - сабақтың негізгі қызметі. Оқушылар оқулықта ұсынылған мәтінді білім стандартының талаптарына сай меңгеруге міндетті. Сыныптағы оқушылардың дайындық деңгейі әр уақытта біркелкі бола бермейді. Сондықтан мұғалімдер педагогикалық технологияның белгілі бір түрін мәтіннің күрделілігіне қарай таңдауы мүмкін.

Мәтін сөйлеу қызметінің барлық түрлеріне үйретудің шын мәніндегі және тиімді негізі болу үшін оқушыларды мәтін материалымен жұмыс істеу түрлеріне дағдыландыру қажет, түрлі сипаттағы бірліктермен, яғни сөйлеммен, фразадан тыс бірлікпен, субмәтінмен, жанрлық және стилистикалық ерекшелігі бар шығыс мәтіннің белгілі класы ескерілген мәтінмен, дифференцияның дағдысымен, белгілі білім беру мақсатын орындаудағы тілдік бірліктерді қайта құру, өзгерту, құруды, (мысалы, мәтіннің мазмұнын айту, оны коммуникативті ауызекі монолог пен диалогта қолдануға, сондай-ақ әртүрлі әрекеттер жасауға үйретудің маңызы зор.

Осыған байланысты мәтінмен жүмыс істеудің мәтіналды, мәтінмен, мәтіннен кейін кезеңдерінде өз бетінше жүмыс істеу дағдысы мен біліктілігін меңгеруіне, түрлі тілдік пікір айтуға дайындалуына, коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

Орыс мектептерінде оқушылардың тіл үйретуде мәтіндермен жұмыс істеудің атқаратын рөлі өте зор. Мәтін - дербес тұтастық. Оны түсіну дегеніміз - сол мәтіндегі дәйекті ақпараттарды ала білу және оның мазмұнын түсіну, сонымен қатар оларды біртүтас бірлікке жинақтай білу.

Тілші ғалымдар мәтіндердің өзіндік ерекшеліктерінен көбіне мына мәселеге жиі тоқталады:

  1. ақпараттық жазба түрінде берілуі;

  2. мәтіннің мазмүндық және құрылымдық тұтастығының сақталуы;

  3. мәтіннің бөліктері өзара байланысты және сабақтас болуы;

  4. нормативтік - стилистикалық сұрыпталуы;

  1. прогматикалық қалыпқа түсуі. Олар мыналар:

1. тақырып;

2. кіріспе;

3.негізгі бөлім;

4.қорытынды.

Мәтіндерді оқытқанда мына мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс:

а) мәтіннің құрылысына талдау жасай білу;

ә) мәтіндерді мағыналық бөліктерге бөлу;

в) әр мағыналық бөліктерді негізгі және қосымша ойларды ажырата білу;

г) мәтіннің негізгі ақпараттың жоспар, конспект, аннотация түрінде жазып

алып, кейіннен осыларды басшылыққа ала отырып жұмыс істей білу.

Оқушыларға мәтіндерді оқымастан бұрын осы талаптарды орындату арқылы олардың кез келген тақырыптардағы мәтіндерді өз бетімен түсіне алу қабілеттерін арттыруға болады.

Қазақ тілі өзге ұлт өкілдеріне үйретуде жеке сөздерден, сөз тіркестерден бастап үйретпей тұтас мәтіндер арқылы үйретудің тиімділігі барған сайын дәлелдене түсуде.

Шығарма мен мазмұндама оқушылар алдына өз ойын жатық, шебер тілмен баяндау, стиль, логикалық толғаныс, тағы сол сияқты шығармашылық ізденіс талаптарын қояды.

Сөз байлығын дамытуда төмендегідей әдістерді пайдалану қажет:

  1. сөз жұмысын жүргізу арқылы тіл дамытуда;

  2. сұрақ- жауап әдісі арқылы тіл дамытуда;

  3. көрнекі құралдар арқылы тіл дамытуда;

  4. мәтіндерді оқытумен далдаумен байланысты тіл дамыту;

  5. таным жорық әсері арқылы тіл дамыту;

  6. сабақтан тыс әдеби кеш өткізу арқылы дамыту.

Мәтін сөйлеу қызметінің барлық түрлеріне үйретудің шын мәтіндегі және тиімді негізі болу үшін оқушыларды мәтін материалымен жұмыс істеу түрлеріне, түрлі сипаттағы бірліктермен, яғни сөйлеммен, фразадан тыс бірлікпен, субмәтінмен, жанрлық және стилистикалық ерекшелігі бар шығыс мәтіннің белгілі класы ескерілген мәтінмен, дифференциацияның дағдысымен, белгілі білім беру мақсатын орындаудағы тілдік бірліктерді қайта кұру, өзгерту, құруды мысалы, мәтіннің мазмұнын айту, оны коммуникативтік ауызекі монолог пен диалогта қолдануға, әртүрлі әрекеттер жасауға үйретудің маңызы зор. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеудің мәтіналды, мәтінмен, мәтіннен кейін кезендерінде әдістерімен оқытқан орынды. Осындай әдістерді білу оқушылардың мәтінмен өз бетінше жүмыс істеу дағдысы мен біліктілігін меңгеруіне, түрлі тілдік пікір айтуға дайындалуына мүмкіндік береді.



Мәтінмен жүйелі жұмыстың жағымды жақтары:

  • Мәтінмен жүйелі жұмыс барысында қазіргі заманға сай жаңа технологияларды енгізуге болады;

  • Дыбыстармен жұмыс.

  • Сөздіктермен жұмыс істеуге баулиды;.

  • Ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;.

  • Ережемен жұмыс істеуге үйретеді.

  • Оқулықта мәтіндер, жыттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлесе білудің жолдары меңгертіледі.

  • Өз ойларын айтып жеткізуге үйретеді;

  • Ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіреді;

  • Мәтіннің мазмұнын түсініп,айтып беру деңгейін жоғарлатады;

  • Мәтінді өз ойымен бірнеше сөйлем арқылы жеткізе білуге үйретеді.

  • Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып, есте сақтауын қадағалайды;

  • Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша баяндау және дәптерлеріне сауатты жазуға бағыттайды;

  • Өз бетімен жұмыс істеу дағдылары мен біліктіліктерін меңгеруге арттырады;

  • Мазмұндама жазу барысында оқушылардың фразаларды, мәтіндегі сөз тіркестерін есте сақтау икемдерін дамытады;

  • Шығарма мен мазмұндама оқушылар алдына өз ойын жатық, шебер тілмен баяндауға, стиль, логикалық толғанысты, шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамытады.

  • Пікір айту қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

  • Сабаққа қызығушылық арттырады, еңбектенуге талпындырады







Мәтіналды кезең

Мәтіналды кезеңіндегі мәтін материалымен жұмыс істеу әдістері мен оған сәйкес жаттығулар, тілдік бірліктер мен сөйлеу үлгілерін дифференциялауға, оларды мәтіннен тануға, дәл уақытында семантизациялауға, әртүрлі құрылымдық материалдарды меңгеруге және тілдік болжау мен болжау мүмкіндігін қалыптастыруға арналады.

Сыртқы белгілері бойынша сөздерді тануға арналған жаттығулар

  1. мәтіннен жұрнақтары бар сөздерді жазып алып, алфавит бойынша ретте,

  2. жұрнақ, жалғау арқылы сөз табын анықта;

  3. сөздерді оқып, қай сөзден шыққанын айт;

  4. жалпы белгілер бойынша сөздерді топтастыр (бір түбірлі, негізгі, туынды, күрделі);

Семантикалық белгілері бойынша сөздерді тануга арналган жаттыгулар.

  1. көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз (сөздер тізім ретінде немесе мәтіннен алынады);

  2. сөз қатарынан синоним, антонимдерді тап;

  3. сөйлемнен нақты мағынаны білдіретін сөзді, сөз тіркесті тауып, орысшаға аудар (әртүрлі жағынан пайдаланған сөз, с/тіркесі бірнеше сөйлемде беріледі);

  4. мәтіннен бір мағынадағы сөздерді жазып ал;

  5. оқылатын тақырып бойынша мәтіннен сөздерді жазып ал.

Лексикалық бірліктерді автоматты түрде тануға арналған жаттығулар.

1. орыс тіліндегі сөзге ұқсас сөзді тап;

2. жалпылау сөзді немесе нақты мағынадағы сөзді тап;

3. ұқсас немесе мағынасы жақын сөзді тап.

Грамматикалық құбылыстарды айыруға арналған жаттығулар.

  1. грамматикалық тұлғаның қызметі мен мағынасын анықта;

  2. оқыған грамматикалық ережеге қатысты құбылыстарды жазып алып топтастыр;

  3. сөйлемдегі ырықсыз етістерді сыз;

  4. берілген сөз қатарынан зат есімдерді тап.

Ауыстыру жаттығулар.

  1. шашылған сөздерден сөйлем құрастыр;

  2. берілген сөз таптарынан бірнеше сөйлем құрастыр.

Құбылту өзгерту жаттығулар.

  1. екі сөйлемнен бір жай сөйлем құрастыр;

  2. жай сөйлемдерден сабақтас, салалас құрмалас сөйлем құрастыр;

  3. берілген ойды басқаша айтып бер.

Сөздік макалалармен жұмысқа үйрету жаттығулар.

  1. мәтінде кездесетін грамматикалық тұлғадағы сөзді негізгі сөздік грамматикалық тұлғаға қой;

  2. мәтінге қатысты көп мағыналы сөздің, тұрақты және фразеологиялық сөз тіркесінің мағынасын тап.

Оқылып отырган материалдың мазмүнын болжау жаттығулар.

  1. мәтіннің атауын оқып, бұл мәтінде не, кім туралы жазылғанын айт;

  2. бірінші абзацтың сөйлемдерін оқып, қандай мәселелер көтерілетінін айт.

Оқырманның мәтіналды бағыты.

  1. сұрақтарға жауап бер;

  2. мазмұндаудың жоспарын құр;

  3. кілтті сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айт.

Мәтіндік кезең.



Мәтіндік кезеңінде құрылымның өзгертілуі мен мәтіннің тілдік материалынан ақпарат алудың түрлі әдістерін қолдану ұйғарылады.

Мәтінді жинауға арналган жаттығулар.

  1. керекті хабар беретін элементтерді жазып ал;

  2. әр сөйлемдегі хабардың маңыздығын бағала;

  3. абзац сөйлемдерін хабардың маңыздығының деңгейі бойынша ретте;

  4. керексіз хабары бар сөйлемдерді, абзацтарды, мәтіннің бөлшектерін қысқарт;

Цитат келтіруге арналған жаттығулар.

  1. негізіг атауларды (географиялық, термин, суреттеу) сызып

жазып ал;

  1. абзацтан кілтті сөйлемдерді тауып, олардың мазмұнды құңдылығын бағала;

  2. қорытындыны белгіле.

Мәтінді қайта құруға арналған жаттығулар.

  1. берілген кілтті сөздерден сөйлемдерді құрастыр;

  2. шашылған сөйлемдерге қисынды жүйеге сай құрастыр;

  3. үлгі бойынша мәтінде, абзацта сызылған кілтті сөздерден пікір құрастыр;

  4. ұсынған 20 сөйлемнің негізінде қысқартылған нұсқа ретінде 10 сөйлем құрастыр.

Басқаша айтуға арналған жаттығулар.

  1. үлгі бойынша сөзді синониммен алмастыр;

  2. зат есімді есімдікпен алмастыр;

  3. фразеологизмді сөзбен алмастыр;

  1. мәтіннің мазмұнын етістіктің басқа тұлғасын пайдаланып айтып бер;

  1. антонимдерді пайдаланып сөйлемнің құрылысын қайта құр;

  1. сөйлемдерді жоспар пункті бойынша топтастыр;

  2. әр абзацтың тіректі негізгі ойын белгіле;

  3. мәтіннің логикалық жоспарын құр;

а) тірекі сөйлемдерді тауып жаз;

б) әр абзацтың негізгі ойын қалыптастыру арқылы құрастыр.

Авторлық қарым-қатынасты және мәтіндегі бағаны анықтауға арналған жаттығулар.

  1. баяндаған мәселеге қатысты автордың қарым-қатынасы суреттелген сөздер, фраза, сөйлемдерді белгіле;

  2. авторлық ой қорытындысын белгіле;

  3. автордың төл сөзін төлеу сөзге ауыстыр;

  4. қарастырылған мәселе бойынша өз көзқарасыңызды білдіріп мәтінді айтып бер.

Материалды жалпылауга арналған жаттығулар.

  1. тұжырымы бар сөйлемдерді белгіле;

  2. мәтіннің мазмұны бойынша тезистерді жаз;

  3. мәтіннің мазмұны бойынша қорытынды немесе резюме жаз.



Мәтіннен кейінгі кезең.



Бұл кезеңдегі жұмыс әдістері мәтін мазмұнының негізгі элементтерін анықтауға бағытталады.

Мәтін тақырыбын анықтауға арналған жаттығулар.

  1. абзацтан тақырыпты анықтайтын сөздерді жазып ал;

  2. сұрақтарға жауап беріп, абзац тақырыбын қалыптастыр;

  3. жалпылау сөздерді тауып, тақырыпты анықта;

  4. өз бетіңмен тақырыпты белгіле.

Идеяны анықтау үшін қолданылатын әдістер.

  1. идеяны ашу үшін маңызды эпизодтарын мәтіннен таңда;

  2. автордың қалыптасқан идеясы бар фрагменттерді мәтіннен жазып ал;

  3. абзацтың негізгі ойын анықта;

  4. автор айтқан идеясын раста;

  5. мәтіннің идеясын өзін шығар.

Сюжетті жеткізуге арналған жаттығулар.

  1. маңызды эпизодтарды таңда;

  2. сюжетті айтып бер.

Мәтіннін басты кезеңдерін бағалауға арналған жаттығулар.

  1. мәтінде суреттелген уақиғалардың сіздің көзқарасыңызға ықпал еткен фактілерді жазып ал;

  2. мәтінде суреттелген оқиғаларға өз пікіріңді айт және оны дәлелде.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал