7


  • Учителю
  • Урок по казахской литературе Халық ауыз әдебиеті 5-класс

Урок по казахской литературе Халық ауыз әдебиеті 5-класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5

</ Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті

Сабақтың мақсаты : а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ауыз әдебиеті - халқымыздың асыл мұрасы. Ол - төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.

Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген.

Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі.

Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті - олардың құнарлы топырағы

Ауыз әдебиеті - талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.

Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.

Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар

ертегілер

аңыз әңгімелер мәтелдер





шешендік сөздер айтыстар

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  3. Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал