Қазақстан Республикасының рәміздері (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

9 сынып

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері

Мақсаты:

1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру.

2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту.Ойлау, сөйлеу жәнеқұрмалас сөйлем құрастыру қаблеттерін дамыту.

3. Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Түрі: ашық сабақ

Әдісі: түсінік беру, оқып-аудару, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: презентация ( ҚР рәміздері,ҚР рәміздерінің сызбасы, ҚР рәміздерінің авторларының портреттері)

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшімен сұхбат, сабаққа даярлау

Сабақты Қазақстан Республикасының әнұранымен бастау(әнұран орындалады)

II. Үй жұмысы: ҚР рәміздерінің авторлары туралы қысқаша хабарлама дайындау (үй жұмысы сабақтың барысында тексеріледі)

Тіл дамыту сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі

2. Қазақстан қандай мемлекет ?

Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемелекет

3.Қазақстан халқының саны қанша ?

Қазақстан халқының саны - 17 млн

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім ?

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев

5.Қазақстан қашан тәуелсіз болып жарияланды ?

Қазақстан 1991 жылы 1желтоқсанда тәуелсіз болып жарияланды

6.Теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енді ?

Теңгенің жаңа түрі 2006 жылы қарашаның 15-інде айналымға енді

7.Қазақстанның бас қаласы және астасын атаңдар.

Қазақстанның бас қаласы және астасы - Астана

8.Қазақстан жері неге бай ?

Қазақстан жері пайдалы кендерге бай бай

9.Бүгінгі күні Қазақстан қандай ел ?

Бүгінгі күні Қазақстан білімді, дербес, жоғары мәдениетті, дамыған ел

10. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады ?

Қазақстан Республикасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады

III. Жаңа сабақ

1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. (2 - слайд)

1.Мәтіндіндерді оқып, аудару . Мәтіннің арасында оқушылар дайындаған хабарламарын айтады

Мемлекеттік ту

( 2,3,4 - слайдтар)

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Хабарлама

1оқушы (үйге берілген тапсырманы жатқа айтады)

Шәкен Ниязбеков ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

Ту неліктен көк түсті ? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

(5,6,7,8 - слайдтар)

Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасынды шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақьа ерекше бағаланған. Пырақ - мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.

Хабарлама

2 оқушы

Жандарбек Мәлібеков ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.

Хабарлама

3 оқушы

Шотаман Уәлиханов ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

(9,10,11,12 - слайдтар)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған.

Хабарлама

4 оқушы

Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.

Әнұранның әнін Шәмші Қалдаяқов жазған

</ Хабарлама

5 оқушы

Шәмші Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальстері да сондай әсем.

2. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтау. (13 - слайд)

Ол үшін ережелерді еске түсіру

Құрмалас сөйлем дегеніміз не ?

Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді ?

Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не ?

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңдар.

1. 1992 жылды… 4 маусымы - тарихи күн, себебі Қазақстан Республикасыны… Мемлекетті… туы мен елтаңбасы бекітілді.

2.Елтаңбад...сол елді... тарихы және дәстүрі толық танылуы керек.

3. Біз Қазақстанд...тұратынымызды, әрі азамат... екенімізді мақтан етеміз.

3. Сабақтың тақырыбына байланысты салалас құрмалас сөйлем құрастыру

Мысалы: Ту көк түсті, себебі бүкіл дүниеге көк жүзі ортақ. Елтаңбадан сол елдің тарихы да, дәстүрі де толық танылуы керек.

Міндетті түрде салалас құрмалас сөйлемнің қандай шылаулар арқылы байланысқанын айтып, түрін анықтау

IV. Қортындылау Сендер бүгінгі сабақтан не алдыңдар ?

Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді ?

Тудың авторы кім ?

Ту неліктен көк түсті ?

Туда нелер бейнеленген ?

Елтаңбаның авторлары кімдер ?

Елтаңбада нелер бейнеленген ?

Әнұранның сөзін жазған кімдер ?

Әнұранның әнін жазған кім?

V. Бекіту Сендер бүгінгі сабақтан кейінҚазақстан Республикасының рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын . КелешектеҚазақстан Республикасының патриоты болып, Қазақстанда тұратынымызды , Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтан ететіңдерінді сенімдімін.

Үй жұмысы: мәтіндердің мазмұны

Бағалау

Мемлекеттік ту

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.Ту неліктен көк түсті ? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасынды шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақьа ерекше бағаланған. Пырақ - мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған.







если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал