7


  • Учителю
  • ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН НӘТИЖЕСІ

ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН НӘТИЖЕСІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН НӘТИЖЕСІ


Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№57 жалпы білім беретін мектебі

Алматы қаласы, Қазақстан


Желілік қоғамдастық не үшін қажет және оның маңызы қандай?

Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда.

Табысқа қол жеткізген білім беру желілері туралы деректерді зерделеу оларды құру идеясы моральдық құндылыққа негізделу қажеттілігін көрсетті. Желінің құрамындағы барлық мектептерде бірлесіп жұмыс атқарсақ, балаларға барынша терең білім береміз деген сенім болуға тиіс. (МАН, 53 бет)

Сіздің жоспарыңыз мақсат пен құндылықтардың ұйлесімділігін көрсете ме?

Мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізу мақсатында әзірленген дамыту жоспарының мақсаты - зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша анықталғаны анық. Осы басымдықтар негізінде күтілетін нәтижеге қол жеткіздім. Сондықтан да жоспар мақсат пен құндылықтарға сай әзірленді деп сенімді түрде айта аламын

Сіздің ағымдағы басымдықтарыңыз бен әдістеріңіз жетістіктерге жетудің жолын анықтай ма?

Зерттеу нәтижесінде анықталған басымдықтарға қол жеткізуде қолданған орта мезгілді жоспарлау және іс-әрекетті зерттеу жұмыстары мұғалім мен оқушының нәтижесін анықтауда жетістіктерге жетуге мүмкіндік болды.

Барлық топ қатысушыларының, яғни мектеп мұғалімдерінің, оқушылардың және ата-аналардың қажеттіліктерін ескере ме?

Мектепті дамыту жоспарының басымдықтарын анықтауда кәсіби қоғамдыстық мүшелерінің, барлық топ қатысушыларының қажеттіліктері мен талап-тілектері міндетті түрде ескерілді. Себебі, аталған топ қатысушыларының қажеттіліктеріне сай мектепті дамыту жоспары әзірленді және жоспарланған іс-әрекеттер атқарылды.

Мектептегі кәсіби қоғамдастық арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау жасауға бола ма?

Еліміздің білім жүйесіне еніп жатқан оқыту мен оқудағы тың жаңалықтар мен өзгерістерді өз мектебіме енгізуде мектеп ішінде өзге де мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін «Шамшырақ» атты кәсіби қоғамдастық құрылды. «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастығын құрудағы мақсатым - мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін дамытуға ықпал ету арқылы олардың жүректеріндегі шырақтың отын тұтандыру арқылы өздерінің де шамшырақ секілді өзгелерге нұр сәулесіндей әсер ету әрекеттерін қалыптастыру болды.

Мектебімізде құрылған «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастық мүшелерінің мектепке өзгеріс енгізуде атқарған жұмыстары мектеп мұғалімдеріне қысқа мерзімді уақыт аралығы болса да, айтарлықтай нәтиже берді. Оның нәтижесін жоғарыда атап көрсеттім. Көшбасшы ретіндегі - осы қоғамдастықтың тәжірибесін тарату мақсатында әрі Жетісу ауданындағы мектептерді желілік қоғамдастыққа тартуда 2013 жылдың 31-қазанында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Ен алдыменен атқарылатын іс-шараның жоспары мектеп әкімшілігімен талқыланды және Жетісу аудандық білім беру бөлімінің басшымен бекітіліп, аудан мектептеріне алдын ала хабарлама жіберілді. Желілік қоғамдастыққа аудан көлеміндегі 21 мектеп қатысты. Қатысушылар бағдарлама бойынша ең алдыменен іс-әрекетті зерттеу сабағына қатысты. Одан кейін көшбасшы ретінде білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістер туралы ақпарат бердім Бұдан кейін семинардың күн тәртібіндегі іс-шараларды үйлестіруші және дамытушы топтағы әріптестерім жүргізді. Олар өздерінің өзгеріс енгізу кезіндегі іс-әрекеттірінің қорытындысын айтып өтті. Коучинг сессиялар жүргізген тәлім алушылар Сәуле Тұрарқызы мен Бағила Тәлімқызы мектеп ішінде құрылған желілік қоғамдастығымыздың тиімді әрі сенімді екендігі туралы және аз уақыт ішінде айтарлықтай нәтижеге жеткенімізді атап өтті. Қатысушылар іс-әрекетті зерттеу сабағын және бағдарлама бойынша тәлім алушылардың тәжірибелерін көріп, желіге тартылуға қызығушылық білдірді. Желіге тартылған мектептер осы жеті модуль туралы жеке-және ақпарат білгілері келетіндігі және оларды өз тәжірибелерінде тиімді қолданғысы келетіндіктері туралы ұсыныстарын айттып өтті. Семинар соңында қатысушылардың талап-тілектері мен ұсыныстарын қарастыруда көшбасшы ретінде «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, алдағы уақытта жүргізетін желілік қоғамдастыққа тартылған мектептермен қарым-қатынас орнатудың жұмыс жоспары әзірленді. Осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарсақ, аудан көлеміндегі желілік қоғамдастығымыздың бірлігі артып, оқыту мен оқуда оқушы жетістігіне бағытталған нәтиже берері сөзсіз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал