7


М. Шаханов «Отырар» өлеңі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Бекітемін»Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов «Отырар» өлеңіСабақтың мақсаты:а)білім Өлеңнің тақырыбы мен ақынның идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып алу: ә) білік Оқушыларды ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге үйрету, ұлтжандылыққа, өз еліне деген сүйіспе
предварительный просмотр материала

«Бекітемін»


Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов «Отырар» өлеңі


Сабақтың мақсаты:а)білім

Өлеңнің тақырыбы мен ақынның идеялық

мұратын мәтінге сүйене отырып алу:

ә) білік

Оқушыларды ұлттық құндылығымыз бен

намысымызды қорғай білуге үйрету,

ұлтжандылыққа, өз еліне деген сүйіспеншілікке

баулу

б) дағды

Өз ойын еркін жеткізуге, сөйлеу мәдениеғтін

қалыптастыруға дағдыландыру


Сабақтың әдісі: «Ауызша 3» әдісі ( БиС технологиясы)


Сабақтың түрі: жаңа материалды өздігінен үйрену


Сабақтың көрнекілігі: М.Шаханов портреті, сөздік қор

дәптері,алгоритм кестесі,тірек сөздер


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Класты түгелдеу


ІІ.Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды 3 оқушыдан топқа бөлу қажет.Екі оқушы эксперт ретінде сайланады.Топтағы әр оқушының өз міндеті болады.


Орындаушы

Демеуші

Сыншы

ІІІ.Әр топ өздеріне ат қояды.


ІV.Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін қорытындылау мақсатында тақырыптық сөздік қор(эссе,ойтолғау) алынады.(5 минут-51 сөз)


V.Жаңа сабақты игеру

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз-Мұхтар Шахановтың «Отырар» өлеңі(баллада)

Өлеңде 1219 жылғы Шыңғысханның Отырар қаласына жасаған шабуылы,Отырарға жасалған опасыздық,қала халқының ерлігі мен Қайырханның әділдігі айтылады.


1.Өлеңді оқып шығуға уақыт беріледі(12 минут)

2.Өлеңді оқу барысында 14 тірек болатын сөздің астын сызып отырады.

3.Тақтадағы тірек сөздермен салыстыру

4.Тақтадағы тірек сөздерді есте сақтауға 1 минут уақыт беріледі,есінде қалғанын жазуға 1 минут уақыт беріледі.


VІ.Жекпе-жек

Топтар бір-біріне қарсы проблемалық сұрақ қояды


VІІ.Идеялар жарысы

Топ мүшелері берілген 3 рөлдің бірін яғни ұнағанын таңдайды.Өзіне берілген рөл бойынша сол кейіпкердің атынан өз ойын жазып,қорғайды.


VІІІ.Топтар бір-біріне Отан,туған жер тақырыбында сұрақтар қояды.

ІХ.Сыншылар өз тобы туралы ойларымен бөлісіп,бағалайды.


Х.Бағалау

Ұпай саны есептеліп,эксперттердің көмегімен бағаланады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал