7


  • Учителю
  • Урок по казахской литературе для 8 класса «Мұқағали Мақатаев. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі.»

Урок по казахской литературе для 8 класса «Мұқағали Мақатаев. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі.»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Урок по казахской литературе для 8 класса «Мұқағали Мақатаев.«Өмір сүрейік алмасып» өлеңі.»


Мақсаты: Ақынның шығармашылығы туралы ақпарат жинайды,ақын туралы білімдерін толықтырады,ақын өлеңінің идеясын ашып, негізгі түйінді таба біледі,ақпараттарды талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйренеді,оқушылар өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге талпынады.

Міндеті: Топпен, жұппен жұмыс істейді, бірінші бастама көтеруге үйренеді, өз ойын, өз көзқарасын дәлелдей алады, қарсы сұрақ қоя біледі, негізгі ойды бөле алады, ұсыныс айтады және қорғай алады, ойын салыстыра алады.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Қосымша пайдаланылатын құралдар: оқулықтың 137-143 беттері, үлестірме қағаздар, маркер, скотч, кері байланыс парағы.

Пайдаланатын әдіс - тәсілдер мен стратегиялар: «Джиксо»ұжымдық әдісі, «Кубизм», «Түртіп алу» стратегиясы, «Венн диаграммасы» .

1. Психологиялық дайындық. М.Мақатаевтың «Жас қайың»әнін тыңдату.

2. Ой ашар.Тыңдаған әндері бойынша сұрақтар беру. а) Бұл ән сендерге таныс па? ә) Бұрын тыңдадыңдар ма? б) Ән сендерге қалай әсер етті?

3. Үй тапсырмасын тексеру. Ғ Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» әңгімесі бойынша тест сұрақтарына жауап беру (тест сұрақтарын таратамын).

4. Жаңа сабақ:

І Қызығушылықты ояту:

1) Ой қозғау. «Джиксо» - ұжымдық оқыту әдісі қолданылады. (Мақсаты -жалпы мәселені алдымен жұпта, содан кейін ұжымда талқылау.Оқушылар 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Содан кейін 1,2,3,4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2,3,4 өз алдына «жұмыс»тобын құрайды. Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.4 бөлікке бөлінген мәтіннің (М. Мақатаевтың шығармашылығы 137-138 беттер) 1 бөлігін 1-лер,2 бөлігін 2 санын алғандар 3,4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі үйретеді.

2) Өзіндік жұмыс. Ақынның «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беру. «Авторға сұрақ қою» стратегиясы. Өлеңді бәрі оқырман ретінде оқып шығады, содан соң топтан автор тағайындап алып, оған топ мүшелері сұрақтар қояды. Барлық топ осы стратегиямен жұмыс істейді. ( Өлеңнің авторы кім деп ойлайсың? Өлең не туралы? Қандай сөздер арқылы білдің? Қалай ойлайсың, ақын неге «Бірде адам, бірде қайың боп, сүрейік өмір алмасып ...»,-дейді?Ақын неге қайыңмен өмір алмастырғысы келеді? Қайыңның жапырағы неге ұқсайды? Қайың неше жыл өмір сүреді? т.б )

ІІ Мағынаны тану сатысы.

а) «Кубизм» стратегиясы . 142 беттегі мәтін бойынша.

1.Қайыңның түрін суреттеңіз.(Түсі, формасы, көлемі,айырмашылығы т.б)

2.Салыстырыңыз.(Неге ұқсас, қандай нәрсеге ұқсас,басқалардан қандай айырмашылығы бар?)

3.Ойыңызбен байланыстырыңыз.(Ойыңызға не келтіреді,ұқсас заттар ма, әлде бөлек заттар ма?Мысалы: көктемді еске салады, қайыңды тоғайда қыдыру...)

4. Зерттеңіз. (Шығу төркіні, қайда, қалай пайда болған екен?)

5. Қолданыңыз.(Онымен не істеуге болады,қалай, қайда қолданатынын айтыңыз)

6. Талқылаңыз. (Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз).

ә) «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» стратегиясы арқылы бір-біріне қарама-қарсы сұрақ қояды.(Оқушы мен оқушы, топ пен топ)

ІІІ Ой толғаныс сатысы.

а) Оқушылар М.Мақатаевтың шығармашылығы бойынша жұмыс жасайды. «Түртіп алу - + ? v (INSERT)» Оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V - "білемін", ― - "мен үшін түсініксіз", + - "мен үшін жаңа ақпарат", ? - "мені таң қалдырады" белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.

V білемін

- мен үшін түсініксіз

жаңа ақпарат

тереңірек білгім келеді

ә) Венн диаграммасы («Өмір сүрейік алмасып» өлеңі бойынша) Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастырады, ой түйістіреді, өз үйрену жолын, кестесін жасайды, басқалардың ойын біліп үйренеді.

Адам, жанды көзбен көреді,

саналы , біреуден жаралған,

бір жүрегі бар, бір - ақ рет өмір сүреді т.б

Қайың,өмір сүреді, өсімдік, жерден нәр алады, тілі жоқ, мың жүрегі бар,ұзақ жасайды, қайта тіріледі т.б


IV Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.

Сабақ бойынша ойыңды білдір.

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер


V Бағалау.

Оқушының

аты-жөні

Мәнерлеп

оқуы

Басты мәселе

ге сұрақ қоя білу


Сұрақтарға өз сөзімен жауап беруі


Сыныптасымен пікір алмасуы

Ауызекі сөй

леудағдысы

Ой қорытуы

Қорытынды

баға





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал