7


  • Учителю
  • Панорамалық сабақ 'Көксерек - табиғаттың тағы перзенті'

Панорамалық сабақ 'Көксерек - табиғаттың тағы перзенті'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиет

7-сынып

Әлімова Айжан Шорабекқызы

15.01.2015 жыл

Панорамалық сабақ

Сабақ тақырыбы

Мұхтар Әуезов. «Көксерек - табиғаттың тағы перзенті»

Сілтеме

Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған әдебиет оқулығы, АКТ, электронды оқулық

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Адамдар мен көк бөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе-теңдікті сақтау керектігін білу. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін түсіну.

Мәтінді топта талқылап, қорытынды шығарып үйрену.

Оқып-үйренудің нәтижесі

Адамдар мен көк бөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе-теңдікті сақтау керектігін біледі. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін түсінеді.

Мәтінді топта талқылап, қорытынды шығаруға үйренеді.

Негізгі идеялар

Оқушылардың өзін-өзі реттеу әлеуетін дамыту, диалогтік оқыту үлгісімен сыни ойлау, оқыту стратегияларын кеңейту. «Хайуанатқа жасаған қиянат - адамзатқа жасаған опасыздық». Қадыр Мырзалиев

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топқа бөлу, ашық - жабық сұрақтар, жеке, жұптық, топтық тапсырмалар, «Соңғы сөзді мен айтайын!», рефлексия


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Дерек көздер, көрнекіліктер


2 мин


1 мин


1 мин


5 мин

5 мин


2 мин

1 мин

І.Қызығушылықты ояту

ІІ.Топқа бөлу

Балалармен сәлемдесіп, бүгінгі күнге сәттілік тілеу. Сабақтың қызықты, мазмұнды өтуі үшін қызығушылықты ояту мақсатында «Көңілді хаттар» сергіту тренингі арқылы топқа бөлу

«Күн» тобына келген хат мәтіні:

Сіз - Күнсіз! Бүгін өз достарыңызға күн нұрындай шуағыңызды шашыңыз.

«Ай» тобының хаттары:

Сіз - Айсыз! Бүгінгі сабақта айыңыз оңынан туады.

«Жұлдыз» тобының оқушыларына берілген хаттар:

Сіз - Жұлдызсыз! Бүгін сіз жұлдыздай жарқырайсыз!

Жер-Ана қоржынынан бізді табиғаттың тамаша сыйына теңеген хаттар келген екен. Ендеше, мәтіндері ұқсас хат иелерімен бірігіп, тобымызды құрайық.


Табиғаттың тамаша сыйы демекші, оқушылар, сіздер өткен сабақта әлем мойындаған әйгілі жазушымыз М.Әуезовтің бәрімізге көркем фильм арқылы жақсы таныс, адамзатқа үлкен ой саларлық көркем туындысымен танысқан болатынсыздар. Біз танысқан «Көксерек» шығармасының басты кейіпкерлері адам және қасқырдың табиғат ұғымымен қандай байланысы бар.


Әуезовтен бізге жетті көп дерек,

Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.

Шуылдасып ауылдың бар иттері

Жабылыпты Көксерекке көп төбет.

Олай борлса, шығармадағы түйінді ой, негізгі проблеманы анықтап, кейіпкерлер әлемін болжау, топ болып бірлесіп талдау жасау - бүгінгі сабағымыздың мақсаты деп білеміз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады:

«Көксерек -табиғаттың тағы перзенті»


Ал бүгін сол алған білімімізді, түйгенімізді жинақтап қорытындылаймыз. Ендеше, қазір бар ынта-ықыласымызбен назарымызды тақтаға аударсақ.

Ой қозғау (фильмнен эпизод көрсетіледі)

Осы көрген эпизод бойынша 3 минут ішінде Көксеректің тағылығын танытатын 20 сөзден тұратын сипаттама жазу.

Сұрақ қою техникасын меңгерту мақсатынды «Сұрақ қойып үйренейік» әдісі арқылы жұмыс орындату.

Сұрақтар:


1.Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?

2.Табиғаттағы тағылар тіршілігі әңгімеде қалай берілген?

3.Көксерек неге ауылға үздіксіз шабуыл жасады?

4.Оқыған мәтіннен өз өміріңе, іс-әрекетіңе септігін тигізер қандай қорытынды жасадың?

5.Көксерек әңгімесін қалай аяқтар едіңдер?

«Даналық ағашы» арқылы өтілген тақырыпты пысықтап қорытындылау.

Оқушылар, біз сабағымыздың басында Жер-Анадан хат алған болатынбыз. Енді кезек бізге келді. Біз Жер-Ананың перзентіміз. Перзент анасына өз ойын, сырын жеткізуге әбден құқылы. Ендеше, «Көксерек» әңгімесіндегі ерекше әсер еткен, тереңірек ой салған тұсты хат қып жазып, Жер-Анаға жеткізу үшін «Даналық ағашына» тапсырайық.


Жұмыс соңында ең жақсы екі сұрақтың иесіне және ең тамаша жауап берген екі оқушыға «Жұлдызың әрдайымда дәл бүгінгідей жарқырай берсін!» деп жұлдыз бейнесіндегі төсбелгі тағу.


Амандасады.

Оқушылар өздеріне берілген хат мәтіндері бойынша, яғни Жер-Анадан келген қоржындағы «Көңілді хаттарды» алу арқылы табиғаттың тамаша сыйы «Ай», «Жұлдыз», «Күн» болып топтасады.


Шығарманың басты кейіпкерлері адамдар мен қасқырлар табиғаттың перзенттері борлып табылады. Соның ішінде біз танысқан шығармадағы Көксерек - табиғаттың тағы перзенті болып саналалды.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.

«Көксерек» фильмінен үзінді көреді.

Эпизод бойынша 3 минут ішінде Көксеректің тағылығын танытатын 20 сөзден тұратын сипаттама жазады.

Жұмыстарын жұптарының жұмысымен алмастырады. Жұптар бір-бірінің жұмысын критерийлер арқылы бағалайды. Жұмыстары, бағалаулары жайлы топта талқылап, критерийлерге сай келген, ең үздік деп танылған бір жұмысты өзге топқа хабарлайды.


Критерийлер

3 ұпай

2 ұпай

1 ұпай

1

Жұмыс мазмұнының Көксеректі сипаттауда дәл келуі





2

Сипаттауда көркемсөздерді тиімді қолдану





3

Белгіленген уақыт пен көлемнің сақталуы






Оқушылар алдарында тұрған қораптағы сұрақтармен танысып, сұрақ қою техникасын басшылыққа ала отырып, сұрақтарды жеңілден-күрделіге қарай орналастырады.

Дайын болған жұмысты бірінші топ екінші топпен, екіншісі үшіншімен, ал үшінші топ оқушылары бірінші топ оқушыларының жұмыстарымен алмастырады және жауабын білгісі келген сұрақтың астын сызып белгі қалдырады. Жұмысты алған топ сұрақтың орналасуы қаншалықты дұрыс екендігін арнайы жауап арқылы тексереді және белгіленген сұраққа топта ақылдасып, жауап береді.

«Көксерек» әңгімесіндегі ерекше әсер еткен, тереңірек ой салған тұсты стикерлерге хат қып жазып, «Даналық ағашына» жабыстырады.


Бүгінгі сабақтан алған әсерін, көңіл-күйінің қаншалықты деңгейде тұрғанын термомтр шкаласын белгілеу арқылы кері байланыс жасайды.

Критерийлер арқылы жұптарда өзара бағалау


Ман,

әдебиет оқулығы, АКТ,

Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы.2-Т.Алматы:

Жазушы.1979.-436.

Интернет сайттары, википедия беттері, , 45minut.kz/

Жетістік критерийі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал