7


  • Учителю
  • Презентация на тему: Маңғыстаунама

Презентация на тему: Маңғыстаунама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жаңаөзен қаласы №3 орта мектеп













Ұстаздық еткен жалықпас ....

Презентация на тему: Маңғыстаунама









Орындаған:

Абдулллина Лиза Айткалиевна

8701-479-32-14

Презентация на тему: Маңғыстаунама

</<font color="#ff0000">Ұстаздық еткен жалықпас ...

Қыстың қақаған күнінің бірінде Жаңаөзен қаласындағы орыс тілінде оқытатын №3 орта мектептің есігін қобалжып ашып,ішке жаймен ғана ендім.Бәрі мені күтіп тұрғандай, мүлгіген тыныштық.Мектеп басшысының кабинетіне қарай беттедім.Есікті қағып,аша бергенім сол еді,ашаң жүзді,ұлты басқа әдеміше келген әйел алдымнан шықты.Тосырқап тұрып қалдым.Қолымдағы білім бөлімінің берген бір жапырақ қағазын ұстата салдым.Кері бұрылған басшының артынан ере бердім.Маған мән-жайды түсіндіріп,бір сыныпқа ертіп келді.Осы сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретінімді айтты да, шығып кетті. «Бұл не деген мектеп? Қыстың күнінен де ызғарлы,суық жағдай екен»деп ес жинай алмай тұрғанымда, шәкірттеріне шуақ төге, таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескен шәкірттерін суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, Жер деген әлемнің бетін көркейте, Күн секілді бір мұғалім жайраңдап,маған қарап күлімсірей кіріп келе жатты. «Мен осы сыныптың жетекшісі - Марьям Салимқызымын» деп таныстырды өзін.Татар ұлтының өкілі екенін жазбай таныдым. (Ауылда татарлармен көрші тұрғанбыз).Қасындағы бос орындықты көзімен меңзеп, отыр деген ишара білдірді.

- Менің мамандығым -орыс тілі мұғалімі.Осы қаланың тумасымын.1969 жылдың маусымында дүниеге келдім.Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастамасы. Осы мектепте мұғалім болып жұмыс жасап келе жатқаныма-14 жыл. Шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды - көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім - кімге де болсын соны серпіліс әкеледі. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен, тәжірибесі соның ішінде көргенділік деп аталатын адамгершілік тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан - ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын табады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.1993 жылы Атырау педагогикалық институтының филология факультетін тамамдаған соң,1996 жылы аталмыш мектептің орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр.Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі - жал дегенде жалғызы, бірі - ерке, бірі - қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Мектеп - балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды.Өзге ұлт өкілдері балаларына мемлекеттік тілде білім бермекші екенсің,жүзер бағытыңды анықтап ал.Бұл мектептің оқушылары қазақ мектебінің балаларына қарағанда басқашалау,өздерін тіке,еркін ұстайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек.

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын,-деп сөзін аяқтады.Аузым ашылып тыңдап қаппын.Манағы дүдамал ойдың барлығынан құлан таза айыққандаймын. Бұл уызды әңгімені естігеніме де он бес жылдай уақыт бопты.Содан бері осындай керемет жанмен,жоғары санатты мұғалім- Марьям Салимқызымен бір ұжымда жұмыс жасап келе жатырмыз. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаз емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан мұндай ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Марьямның да бұл салада еңбегі еленіп,2006-2007 жылдары қатарынан Жаңаөзен қаласы әкімінің Алғыс хатымен, 2009 жылы облыстық тілші мұғалімдердің олимпиадасында 3-орын дипломымен,2013 жылы «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының Алғыс хатымен,қалалық орыс тілі кабинеттер байқауында 3-орын иеленгені үшін Мақтау грамотасымен марапатталғаны көз алдымда.

Презентация на тему: МаңғыстаунамаПрезентация на тему: МаңғыстаунамаПрезентация на тему: МаңғыстаунамаПрезентация на тему: Маңғыстаунама

Марьям Салимқызы өзінің табиғи дарынын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырған адал,еңбекқор,ұжымда ерекше сыйға ие жан. Сонымен қатар қалалық пәндер олимпиадасының, «Тілші мұғалімдер» олимпиадасының қазылар алқасында неше мәрте қазылық етіп келеді.Облыстық «Дарын» қосымша білім орталығында да орыс тілінде оқитын сыныптар үшін олимпиадаға ,ҰБТ-ға оқушы дайындауда елеулі үлес қосып келуде. Қалалық,облыстық семинарларда өзінің озық тәжірибесімен бөлісіп,ой-қорытындыларын кітапша етіп шығаруды да ұмытпаған озық ойлы педагог.

Презентация на тему: МаңғыстаунамаПрезентация на тему: МаңғыстаунамаПрезентация на тему: Маңғыстаунама. Презентация на тему: Маңғыстаунама

Жылына бір рет біліктілік курстарына да барып тұрады.

«Ұстаз» деген адам баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Өнегелі ұстаз - өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі.

«Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында». Марьям Салимқызы бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болған адам.Ал бұл кісінің оқушыларының жетістігін саусақпен санап болмас, сірә. Оқушылары:Павлова К.,Алшимбаева Р.,Кұралбай А., интеллектуалдық «Русский медвежонок», «Знатоки» конкурстарының жеңімпаздары. Шығармалар сайысынан да құр емес:Тусупова А.,Оспанова А.,Танирбергенова М.,Бердонгарова Г.,Суегова И. Бұл жетістіктер мектеп тарихына өзіндік үлестерін қосады. Беріліп жатқан білімнің нәтижесі білім сапасының көрсеткіші. Облыс көлемінде:Түлкібаева К.,Ребрышкина Т.,Атамұратова Қ.,Нурина П.,Орысбай Ж., ал Елубай Ж.,Жукова В.,Турашева С., Рыскулова Н.сынды шәкірттері республика,тіпті халықаралық деңгейдегі олимпиадалардан қанжығалары майланып қайтты.Оқушыларының ҰБТ көрсеткіші де 100-85,100-96 пайызды құрайды. Халық: «шәкірт ұстаздан озса, игі» деп тегін айтпаған ғой.

Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін сыйлап, ардақтап өтеді. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Жақында мұғалімдер мерекесімен құттықтамақ болып, бір шоқ гүлімді алып хабарластым.Ол ойланбастан үйіне шақырды.Ұлы есік ашып,қызы дастарқан басына шақырды.Марьям өзге жұрттың балаларымен қатар өз балаларына да жақсы тәрбие бергені көрініп-ақ тұрды.Ол әңгіме арасында «Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ, олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын - ұстаздың «тактикасы». Өз ісіңе деген, түсіндіретін тақырыбыңа деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда, шәкіртің саған сеніп, тәнті болып, болмаса да « ұқсап бағып» айтқаныңды екі етпей, тапсырманы ауырсынбай, оны шын пейілімен, бар ынтасымен және шабытпен орындап шығады екен. Әр сабағымды осылай қызғылықты, құштарлықпен, оқушы талпынысын одан әрі өрбетіп өткізуге тырысамын. Оған жаңа технологияның элементтерін қолдана отырып, жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу мақсатында оқу жұмысының көптеген көңілді, түсінікті түрлерін енгізіп, сабақ жүргізу әдісін пайдаланамын. Сабақтан тыс оқушыларға үй тапсырмасы ретінде шығармашылық жұмыс беремін. Оқушылар берілген тақырыпқа ой қозғап, өздігінен ізденіп, көптеген көрнекілік суреттер жабыстыру арқылы үйлесімдікті келістіріп, ұлылардан қалған ұлы сөз жазып, тіл мәдениетін, сөз сөйлеу үлгісін үйренеді. Сонымен қатар жаңа ақпараттан хабардар болып, бір тамшы білім нәрімен сусындайды.Осы жадыңда болсын»деп ,шәй беруге асығып кетті.

Осындай кісімен бір ұжымда болып,үнемі араласып,ой-пікір алмасып тұрғаным - мені рухани байлыққа жетелейді.

«Ұстаздық -ұлы құрмет.Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз». Осы Бауыржан атамыздың даналық сөздерін көңіліме түйе келе, тәуелсіз еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге, оқытуға өз үлесімізді қосу -ұстаздардың алдында тұрған үлкен міндет деп эссемді аяқтағым келеді.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал