- Учителю
- Қазақ тілінен 'Зат есімнің сөйлемдегі қызметі' 6 класс
Қазақ тілінен 'Зат есімнің сөйлемдегі қызметі' 6 класс
Кожагулова Айгүл Асылханқызы
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен
мемлекеттік мекемесінде
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты :
-
Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімдерін қорытындылай отырып,жаңа сабақты түсіндіру,жасалу жолындағы ерекшеліктерді меңгерту.
-
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу мәдениетін дамыту,теориялық білімді практикалық жұмыстарда қолдана білуге бағыттау
-
Оқушыларды даналық сөздерден үлгі ,өнеге алып,ата сөзін есте сақтап қадір тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : тест, топтастыру,салыстыру
Сабақтың көрнекілігі : SmartArt сызбалары, дидактикалық материалдар
Сабақтың түрі : аралас
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа назарын аудару
2. Үй тапсырмасы : Зат есімнің жіктелуі тест арқылы қорытындылау
1.Қазақ тілінде қосымша нешеге бөлінеді ?
А. 1
Б. 2
В. 3
Г. 4
2. Қосымша түрлерін көрсет
А. жалғау, есімше
Б. жұрнақ, көсемше
В. жалғау,жұрнақ
Г. сөз түрлендіруші жұрнақ
3. Жұрнақ нені білдіреді ?
А. сөз бен сөзді байланыстырады
Б. сөзге жаңа мағына беріп,туынды сөз жасайды
В. сөз бен сөзді байланыстырмайды
Г. сөз бен сөзді түрлендірмейді
4. Жалғау дегеніміз не ?
А. сөз бен сөзді байланыстырады
Б. сөзге жаңа мағына береді
В. сөзді түрлендіреді
Г. туынды сөз жасайды
5. Жалғаудың неше түрі бар ?
А. 2
Б. 3
В. 4
Г. 5
6. Сөздің жіктік жалғауын қабылдауын қалай атаймыз ?
А. септелу
Б. тәуелдену
В. жіктелу
Г. жай септелу
7. Зат есім неше түрде жіктеледі ?
А. 2
Б. 1
В. 3
Г. 4
8. Зат есім жіктелгенде қай жағының қосымшасы жоқ
А. 1 жақ
Б. 2 жақ
В. 3 жақ
Г. 2 жақ сыпайы
9. Жіктелген зат есімді көрсет
А. оқушымын
Б. айтатынсың
В. күштімін
Г. сезгішпін
10 . Жіктік жалғаулы сөз сөйлемді тиянақтап ,қандай тұрлаулы мүше қызметінде тұрады ?
А. бастауыш
Б. баяндауыш
В. пысықтауыш
Г. анықтауыш
3 . Жаңа сабақ :
-
SmartArt сызбалары арқылы түсіндіру
-
Берілген сөйлемдердің ішінен зат есімнің сөйлемдегі қызметін табыңдар:
-
Жел күшейе түсті.Әкем үйге келді.
-
Қырда ауылдың малдары жайылып жүр.
-
Арман мектептен келді.
-
Мен оқушымын.
-
Бала - артта қалған із, байлық -қолдағы мұз.
-
Ертегімен ұрпағыңды естелікке үйрет.
-
Отан үшін аянба.
-
Көлеңкеде атам отыр.
-
Алма оған алтын сағат сыйлады.
-
Аспанға бұлт төнді.
-
Дала иісі аңқып тұр.
-
Суретпен жұмыс : «Ерте,ерте,ертеде...» жалғастырып,зат есімнің сөйлемдегі қызметін табыңдар :
-
Оқулықпен жұмыс : берілген жаттығуды ауызша орындау. Аспандағы бұлт қоюланып,ауылға төніп келеді.Серік -ұшқыш. т.б.
-
Даналықтан дән ізде : берілген нақыл сөздерді мағынасына ,сөйлем мүшесіне талдау:
-
Білімнен қымбат нәрсе жоқ,көңілде жатса баспай тот. (Н.Байғанин)
-
Екеннің тікен болса, орғаның балауса болмас. (М.Әуезов)
-
Тәрбиелі-тәртіптің құлы (Б.Момышұлы)
-
Жаманмен жолдас болсаң,жаласына қаласың.
Наданмен жолдас болсаң,бәлесіне қаласың.(Халық даналығы)
-
Жасыңда қалжың болсаң,
Өскенде мылжың боларсың. (Халық даналығы)
-
Бекіту : Сөйлемдер бере отырып, жаңа сабақты қорытындылау.
күлімсіреді
өссе,елдің көркі Зат есім қандай қызмет
Кім ? ұзатылды атқарып тұр?
өмірдің қызғалдағы
адам сырын алдырмас.
Қандай ? мінез адамды биіктен көрсетеді. Зат есім қандай
қызмет атқарып тұр
қасиет- мәдениеттіліктің белгісі
-
Үйге берілетін тапсырма : «Менің асыл арманым...» ойтолғау жазу
-
Бағалау парағы :
№
Оқушылардың аты-жөні
тапсырма № 1(тест)
тапсырма №2
тапсырма №3(сурет)
тапсырма №4
тапсырма
№5
тапсырма №6
Қорытынды баға
1
Аман Дархан
10 балл
11 сөйлем талдады
Алдар көсе ертегісін құраст/ды
+
+
+
5
2
Макенова Индира
10 балл
+
+
+
+
+
5