- Учителю
- Урок 'Ретті сан есім'
Урок 'Ретті сан есім'
Гүлайым Муратова
Май жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі.
Павлодар облысы,
Май ауданы,
Май ауылы
Тақырыбы: Реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты: білімділік- оқушыларға реттік сан есімді меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту; дамытушылық- оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін дамыту; тәрбиелік- оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту. Түрі: сатылай кешенді талдау.
Әдісі: талдау, сұрақ-жауап, жаттығу. Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
-Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
-Реттік сан есім .
Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
-
Енді мына сөйлемдерге назар аударып, мағынасына көңіл бөліп оқып көрейікші.
Ең бірінші бақытым -Халқым менің ,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса , мен бармын , қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
(М.Мақатаев)
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші -иманың,
Екінші -жиғаның,
Үшінші -ырысыңның тұрағы ...
(Төле би)
-Ерекшеленген сөздер нені білдіріп тұр?
-Сан есімдерді құрамына қарай ажыратып, ереже шығару.
-Иә, балалар, бұл сан есімдер, заттың санын, ретін білдіріп тұр.
Оқулықпен жұмыс: 112-жаттығу . Сабақты бекіту.
...Ал екінші бақытым-Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілім дедім. (М.Мақатаев)
Екінші сөзіне лексика -грамматикалық сатылай кешенді талдау:
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр:екі-нші
2. Тұлғасына қарай а/Екі -негізгі түбір.
ә/Екінші -туынды түбір. Себебі синтетикалық немесе морфологиялық тәсіл арқылы негізгі түбірге сөз тудырушы /-нші/ жұрнағының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.
3. Құрылысына қарай : дара.Себебі бір ғана негізгі түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық , бір грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы заттың саналу ретін білдіріп тұр.
6. Грамматикалық мағынасы- лексикалық мағынаның жалпылауынан жасалған жалпы грамматикалық мағына/сан есім/
7. Екінші нешінші? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл -сан есім. Сан есім дегеніміз -заттың санын , мөлшерін, ретін білдіріп, қанша, неше, нешеу, нешінші деген сұраққа жауап береді.
8. Мағынасына қарай :реттік сан есім.Себебі заттың саналу ретін білдіріп, сөйлемде анықтауыш болып тұр.
9. Екінші сөзінің сөйлемдегі қызметі -анықтауыш.Себебі екінші сан есім заттың ретін білдіріп, сөйлемде анықтауыш болып тұр.
Тапсырма. Мына мақал-мәтелдердегі сан есімдерді тауып жазып, реттік сан есімге айналдыр.
1.Жаздың ... күні
Қыстың ... күнін асырар.
2. ... ала болса, ауыздағы кетеді.
...түгел болса, төбедегі келеді.
Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: Ереже оқу, 113-жаттығу.