7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ кіріс пен шығыс

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ кіріс пен шығыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Класс:10в Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: КІРІС ПЕН ШЫҒЫС





Мақсаты: оқушыларды отбасы бюджетін жүргізуге дағдыландыру, отбасы бюджеті мен жеке бюджет (қалта қаражаты) арасындағы айрмашылықты ұғындыру, үнемдей білуге үйрету. Сан есімдерді қайталап бекіту.

Дамытушылық:оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту,сауаттылыққа баулу.

Тәрбиелік: үй бюджетін жоспарлауға шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, бейнеролик

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, математика сабақтарымен байланыс.

Сабақтағы негізгі әдіс-тәсілдер: топпен жұмыстану,кластер, ой толғау

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал. Тренинг. Мен саған сенемін, өйткені сен ..... 2 мин

Үй тапсырмасын тексеру.Сан есімдер кездесетін мақалдар жаттау 5 мин

Сан есімдерді қалай меңгергендерін анықтау мақсатында кластер қорғау. Топпен жұмыстанады. 5 мин.

Бағалау парағын толтырып отыру.

Миға шабуыл. Сұрақ -жауап.

1.Белгілі бір жұмыстың алдын-ала жасалған жобасы қалай аталады?-Жоспар

2. Бір үсті жүзеге асыру,орындау үшін жасалған нұсқа қалай аталады?-Жоба

3. Мемлекет,әр түрлі мекемелердің кіріс,шығыс сметасы қалай аталады? - Бюджет

4. Алдын ала жасалатын кіріс пен шығыстың есебі қалай аталады? - Смета 1 мин

Ой қозғау.

Ақшаның адам өміріндегі орны қандай деп ойлайсыңдар?

Ақшаға бәрін сатып алуға бола ма? 3 мин.

Қосымша сұрақ. Қазақстан Республикасының валютасы қалай аталады? Ол қашан айналымға ене бастады? 1993 жылы 15 қараша.

Жаңа сабаққа дайындық сұрақ-жауап түрінде өтеді:

- Сен мектепке сағат нешеде келдің?

- Мектепке қалай келдің? Жаяу келдің бе, әлде көлікпен келдің бе?

- Жолақысына неше теңге төледің?

- Жолақысынан бөлек қалтаңда тағы ақша бар ма?

Сабақтың тақырыбы. Кіріс пен Шығыс

Кім аудара алады?Жақсы ,жарайсыңдар.

Кіріс дегеніміз-ол барлық ақшалар. Оған:шәкіртақы,зейнетақы,айлық жалақы,құнды қағаздар т.с.с жатады.

Ал шығыс дегеніміз- жаратылып жатқан ақшалар. Олар: салық, азық-түлікке жұмсалатын қаржы, киім-кешек, жиһазға кететін қаржы.5 мин

Сөздерді аудару,сөйлем құрау.Сөйлемде сан есімдер болуы шарт.3 мин

Тақтамен жұмыс.Сөйлемді тақтаға жазып,сан есім түрлерін ажырату.

Білу деңгейі. Сабақтың тақырыбына сай бүгінгі қалтамыздағы ақшаны есептейміз (кіріс пен шығысты анықтаймыз). Білгеніміз: бүгінгі күні шығыс бар, кіріс жоқ.

2. Үйрену деңгейі. Тапсырма орындау. Оқулықта берілген кестемен таныса отырып, өз отбасыларындағы шығысты есептеу.

Кестенің сипаты:

Отбасының кірісі Отбасының шығысы

1. Отбасы мүшелерінің жалақысы 1. Міндетті төлемдер

2. Зейнетақы, шәкіртақы 2. Тамақ

3. Бақша өнімдерінен кіріс 3. Киім, аяқ киім, жиһаз, үй заттары

4. Басқа да қосымша кірістер 4. Кино, театр, мұражай т.б. мәдениет орындары

5. Жинаған ақша

Талдау деңгейі. «Ой шақыру» стратегиясы. Отбасы бюджетінен бөлек жеке бюджет болады. Жеке бюджетті қалай жоспарлау керек?

Жеке бюджетті дұрыс жоспарлау үшін 4 ережені білу қажет:

1) Ақшаны есептеу;

2) Ақша шығысын жоспарлау;

3) Жеке бюджетті жүргізу және ұйымдастыру;

4) Жұмсалған ақшаны бақылау.

Бұл ережені орындау үшін есеп дәптерін жүргізу керек. Әр айдың аяғында шығыс пен кірісті есептеп отыру келесі жағдайларды ескеруге мүмкіндік береді:

- Ақшаның неге жұмсалғанын білу;

- Ақшаны қалай үнемдеуді білу;

- Бюджетті жоспарлау.

Сергіту. Видеоролик. Сен не істер едің?

Төменде берілген мәліметтермен танысып, жеке бюджеттеріңді қарастырыңдар.

1) Үйден тыс тамақтану.

2) Оқуға төлейтін шығыс:

• Қосымша курстар;

• Үйірмелер, секциялар;

• Музыка мектебі;

• Қосымша сабақ алу;.

3) Киім мен аяқ киім.

4) Көлік шығыны.

5) Басқа да түрлі шығындар.





«Отбасы бюджеті»ойынын ойнаймыз.кімнің отбасында таразы басы қалай тартады екен?

1.Отбасының айлық жалақысы

2.Көлік ұшін жұмсалатын қаржы

3.Тамаққа жұмсалатын қаржы

4.Шәкіртақы,зейнетақы,жәрдемақы

5.Құнды қағаз

6.Жалданған пәтер үшін ақы алу.

7.үйірме,секция,репититорлық қызмет көрсету.

8.Сыйақы

9.Әр түрлі салықтар,комуналдық қызмет пен несие

10.Киімге,жиһазға жұмсалатын қаржы.

11.Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы

12.Тұрмыстық мәдени қызметтер. (кино,театр,музей,туған күн, той)

13.Үнемдеу,жинақ соммалары

14.Жоспарланбаған шығындар.

Жауабы:1,4,5,6,8,11,13- кірістер

2,3,7,9,10,12,14 - шығыстар.

Қорытынды. «Он сұрақ» әдісі.

Ақша, үй, қағаз,шәкіртақы,зейнетақы

Рефлексия. Бүгінгі сабақтағы көңіл күйлеріңізді алдарыңда жатқан суреттер арқылы жеткізесіздер. Ашық бұлт-жақсы, бұлтты күн-шамалы, күн-өте жақсы.



6. Бағалау деңгейі.Бағалау парағын оқып шығу.

7. Үйге тапсырма: 10 мың теңге ақша. «Қалтамда 10 мың теңге ақшам бар. Мен оны қандай қажетттіліктерге жұмсаймын?». Осы жағдаят бойынша шағын әңгіме жазу.













































































Бағалау парағы.





































Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ кіріс пен шығысҚазақ тілі пәнінен ашық сабақ кіріс пен шығысҚазақ тілі пәнінен ашық сабақ кіріс пен шығыс









































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал