7


  • Учителю
  • Поурочный план по казахскому языку на тему 'Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі'

Поурочный план по казахскому языку на тему 'Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ әдебиеті. 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі
Сабақтың мақсаты: М.Өтемісұлының ақындық шеберлігін таныту,оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.Махамбет бойындағы ерлікті,ақындықты оқушы санасына ұялату.
Сабақтың әдісі: RWST

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Махамбет Өтемісұлы туралы білетіндерін жеке қағазға түсіруге 3-4 минут.
Жұпта талқылау.Топта бөлісу.Ортақ пікірді тақтаға жазу
Жоспары:
1. «Қызғыш құс» өлеңін мәнерлеп оқу
2. Өлеңнің идеясына тоқталу
3. «Қызғыш құс» өлеңінің шығу тарихы (үнтаспадан тыңдау)
4. Сөздікпен жұмыс
5. Топтық жұмыс (Құстар галереясы)
6. Өлең құрылысына талдау

Өлеңді мәнелеп оқу,өлеңнің идеясына тоқталу.
- Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде ақынның еліне,халқына деген сүйіспеншілігі, Отанына деген сезімі тамаша өрнектелген.
Ақын адамның көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеуді шебер қолдана отырып,қызғыш пен өз тағдырын салыстырады.Қызғыш құстың көлсіз тіршілігі болмаса,ақынның туған елінсіз,туған топырағынсыз тіршілігі жоқ.
Махамбет көл қорыған қызғыштай елі үшін отқа түседі.Қызғыш құстың жауы - лашын, ал Махамбеттің жауы - Жәңгір.Елінен айырып,қуғынға ұшыратқан да - Жәңгір.
Сөздікпен жұмыс
Құсалық - құса болғандық (уайым, шер), қасіретке батушылық.
Құстар галереясы
Қызғыш - желкесінде қара қауырсынды айдары бар, кішкентай қоңыр ала құс.
Лашын - тепкіні қатты тегеурінді құс.
- Махамбеттің тағы да басқа қандай өлеңдерінен құстар бейнесін көре аламыз?
- Махамбет поэзиясында самғай ұшқан , шүйілген, еріксіз егіліп , мұңға
батқан, шырқай көтерілген құстар бейнесі - аса жиі бейнеленетін көркем образ.
Өлеңге композициялық талдау жасау.
Шумағы:
Тармағы
Буыны:
Ұйқасы:

Үйге: Өлеңді жаттау, көркемдік тәсілдерді табу.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал