7


  • Учителю
  • Арулар сайысы ' Қыз өмірдің қызғалдағы '

Арулар сайысы ' Қыз өмірдің қызғалдағы '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қыз өмірдің қызғалдағы»

Арулар сайысы

Мақсаты: Бойжеткен қыздарымызды ұлтымыздың салт-дәстүрлері арқылы ұяңдыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Қыз бала ардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылығын қабілетін арттыру, ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты оқушылар бойына дарыта отырып дамыту. Ұлттық сана -сезімге, әдемілік пен әсемдікке тәрбиелеу.

Сайыстың бағдарламасы:

1.Таныстыру.

2.Біле білген білімді.

3.Мақал-мәтел айту.

4.Өнер.

5.Он саусағы майысып.

6.Қыздарға әсемдік жарасады

7.Тал бойына жарасар сәндік киім.

8.Қорытынды.


1-жүр:Құрметті қауым!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылып, күй күмбірлеп

Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.


1-жүр:Қыз сыны, қыз әдебі, қыз өнері,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі

Бір көргеннен болмай-ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.

1-жүр:Ән бастайық көрермен,

Өлең - өрнек дегенмен

Бастайық біз Қыз сынын

Қадірменді көрермен


1-жүр: Ортаға бірінші аруымыз 11б-сынып оқушысы Бастыбаева Жанарды

2-аруымыз 11а-сынып оқушысы Төкенова Назерке

3-аруымыз10б-сынып оқушысы Қуаныш Альбина

4-аруымыз 10а-сынып оқушысы Бақыт Шаттық

5-аруымыз 9б-сынып оқушысы Төлепбаева Зухра

6-аруымыз 9а-сынып оқушысы


1-жүр: Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға,

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Ақ аруды таңдап бүгін алуға.


Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші,

Әділқазы алқасынан әділдікті

Ал,аруларға сәттілік тілейікші.

Әділқазы алқалары: ...

1-жүр:Бүгінде озық дәстүр,салт-санасын

Берік ұстап,сүйетін,от панасын.

Арулар кетсін өзін таныстырып,

Қуантып,жолдас-жора,ата-анасын.

Қатысушы арулар өз-өздерін таныстырып шықсын.


1-жүр: Біле білген білімді зерек дейміз,

Білімнен ел-жұрттан ерек дейміз.

Жат жұртыққа жаралған қыз балаға,

Оқу оқып,білім қуған терек дейміз.


ІІ Бөлім «Біле білген білімді». Бұл бөлімде әдет-ғұрып тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап береді.

1-аруымыз Бастыбаева Жанарға сұрақ

  1. Ежігейдің жасалу жолын айтыңыз.

  2. Үш дауасызды ата(Мінез,кәрілік,ажал)

2-аруымыз Төкенова Нәзеркеге сұрақ

  1. Ірімшіктің жасалу жолын айтыңыз.

  2. Үш қадірсізді ата(Жастық шақ,денсаулық,жақсы жардың қадірін білмейді)

3-аруымыз Қуаныш Альбинаға сұрақ

1.Балқаймақтың жасалу жолын айтыңыз.

2.Үш қуанышты ата (Алғыс алу,өзіңді көптің іздеуі,ісіңнің өшпеуі.)

4-аруымыз Бақытова Шаттыққа сұрақ

1.Қымызды қалай дайындайды?

2.Үш байлықты ата (денсаулық,ақжаулық,қорадағы бес саулық.)

5-аруымыз Төлепбаева Зухраға сұрақ

1.Айранды қалай дайындайды?

2. Үш асылды ата (көк,тіл,көңіл)

1-жүр: Мақал-мәтел - сөз мәйегі, тірегі,

Ән сындарда асыл сөздің тірегі

Қарапайым қазақ тілі-өз тілім,

Өз тілімде бұлқынады жүрегім,-дей отырып, ІІІ бөлімге кезек берейік.

ІІІ бөлім «Өнер алды қызыл тіл» деп аталады. Бұл бөлімде арулар мақалдан жарысқа түседі. Берілген тақырыпқа байланысты 5 мақалдан айтады.


1-жүр: IV бөлімде қатысушы әр арулар өздерінің бойындағы өнерлерін көрсетеді.


1-жүр: V бөлімде «Он саусағы майысып».Бұл бөлімде арулар өз қолдарынан жасаған бұйымдарын ұсынады (тапсырма үйде орындалады)

1-жүр:Қыздарға әсемдік жарасады,

Талғамы таң нұрымен таласады

Қыпша бел,сұңғақ бойлы қаракөзге,

Жан біткен таңдай қағып қарасады.

VI-бөлімде «Қыздарға әсемдік жарасады» бөлімінде арулар шаш сәндейді


VII бөлім. «Тал бойына жарасар сәндік киім» бөлімінде сән үлгілерін көрсетеді.

1-жүр:Ұлтымыздың әр сөзі,

Асып жатыр кәдеге

Мектеп аруы мінеки,

Келіп жетті мәреге, - дей отырып,келесі кезекті әділқазылар алқасына береміз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал