7


  • Учителю
  • Конспект урока по казахскому языку на тему Мамандық (6- сынып)

Конспект урока по казахскому языку на тему Мамандық (6- сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақ тақырыбы: Мамандықтар

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: сурет бойынша сөз тіркестерін құрастыру; етістік шақтарын пысықтау, тәжірибеде қолдана білу; - шы, - ші, -гер, -кер жұрнақтары арқылы мамандық атауларын меңгерту; оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау;

2. Дамытушылық: жаңа сөздермен танысу, тіл байлықтарын молайту; мамандықтар тақырыбы бойынша монолог, диалог арқылы өз ойын жеткізе білу, танымдық қызығушылығын дамыту;

3. Тәрбиелік: еңбекке баулу, еңбек адамдарына сый құрмет көрсету, мамандыққа бағдарлау.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, сөзжұмбақ, суреттер, тест

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Қолданылған әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен, жұппен жұмыс

Сабақ эпиграфы: «Еңбек - адамның көркі,

адам - заманның көркі.»

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сабақта кім кезекші?

- Сабақта кім жоқ?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Аптада неше күн бар?

- Бүгін ауа - райы қандай?

- Бүгін нешесі?

2. Үй тапсырмасын сөзжұмбақ арқылы тексеру.оқушылар өзара қарым -қатынас жасап бір-бірін тексереді. Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу.Слайд 5

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру Слайд2-3

Мұғалімнің кіріспе сөзі"мамандық" деген сөзге ой шақыру Мамандық дегеніміз не?

Бүгінгі тақырыбымыз: Мамандықтар.

Сөз тудырушы жұрнақтармен жұмыс.Слайд 6

ОБРАЗУЙТЕ НАЗВАНИЯ ПРОФЕССИЙ Слайд 7

Тарих - история

Тәрбие - воспитание

Егін - посевное поле

Аң - зверь

Аударма - перевод

Күзет - охрана

Орман - лес

Есеп - счет

Күй - куй

4. Жаңа сөздер

Мамандық - профессия

Емдейді - лечит

Болғым келеді - хочу стать

Даярлайды - готовит

Шаштараз - парикмахер

Наубайшы - пекарь

Қияды - стрижет

а). Сөз тіркесін құрастыру

ә). Сөйлем құрастырыңдар

б). Ойын «Ішіне - сыртына»

Дәрігер

Оқушы

Мұғалім

Қалам

Сатушы

Күз

Шаштараз

Мектеп

Жүргізуші

Егінші

Қаңтар



5.Сурет бойынша жұмыс Слайд9,10,11,12,13

Аделина, бұл кім? Сатушы не істейді? Сатушы қайда сатады?

- Андей, бұл кім? Аспаз не істейді? Аспаз қайда пісіреді?

- Настя, бұл кім? Құрылысшы не істейді? Құрылысшы қайда жұмыс істейді?

- Коля, бұл кім? Дәрігер не істейді? Дәрігер қайда істейді?

Лиза, бұл кім? Мұғалім не істейді?

Сурет бойынша диалог құрастыру( жұппен жұмыс)

- Сәлем, Саша!

- Сәлем, Маша!

- Сенің әкеңнің мамандығы қандай?

- Менің әкем - дәрігер.

- Сенің шешеңнің мамандығы қандай?

- Менің шешем - мұғалім.

- Мұғалім не істейді?

- Мұғалім балаларды оқытады.

- Дәрігер не істейді?

-Дәрігер адамдарды емдейді.

6.Топпен жұмыс. Үлгі бойынша «Лесенка» құрастыру Слайд15

1.Құрылысшы.

2.Құрылысшы салды.

3.Құрылысшы үй салды.

4.Құрылысшы көп үй салды.

5.Құрылысшы көп жақсы үй салды.

7. Лексика-грамматикалық тест

1. Сөздің дұрыс аудармасын белгіле: поэт

а) суретші;

ә) әнші;

б) жазушы;

в) ақын;

2. Сөздің дұрыс аудармасын көрсет : пекарь

а) құрылысшы;

ә) балықшы;

б) наубайшы;

в) сатушы;

3. Көптік жалғауы бар зат есімді көрсет:

а) мұғалімнен;

ә) дәрігермін;

б) балықшылар;

в) сатушым;

4. Кім көлік жүргізеді? Белгіле:

а) етікші;

ә) жүргізуші;

б) тігінші;

в) биші;

5. Жалғаулардың түрін көрсет:

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер

а) септік;

ә) жіктік;

б) тәуелдік;

в) көптік;

6. Мұғалім сөзінің синонимін тап

а) ұстаз;

ә) тәрбиеші;

б) дәріханашы;

в) жүргізуші;

7. Балықшы деген сөзге сәйкес келетін көптік жалғаудың түрі:

а) - лар;

ә) - дер;

б) - тар;

в) - лер;

8. Асханада кім жұмыс істейді? Белгіле:

а) мұғалім,

ә) кітапханашы;

б) дәрігер;

в) аспазшы;

9. Етістік сұрақтарын көрсет:

а) не істеді? қайтты? не қылды?

ә) қандай?

б) неше? қанша?

в) кім? не?

10. Кітапханада кім жұмыс істейді? Көрсет:

а) дәріханашы;

ә) кітапханашы;

б) құрылысшы;

в) жүргізуші

Тест кілттері

1. В 2. Б 3. Б 4. Ә 5. В 6. А 7. А 8. В 9. А 10.Ә

8.Мәтінмен жұмыс Мамандықтар

Әр түрлі мамандық бар. Олар: дәрігер, мұғалім, наубайшы, жүргізуші, егінші, шаштараз, кітапханашы, сатушы, аспаз және тағы басқалар.

Мамандықтардың барлығы адамға керек. Әр мамандықтың өз ерекшелігі

болады.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Мұғалім балаларды оқытады.

Наубайшы нан пісіреді.

Жүргізуші машина жүргізеді.

Егінші егін егеді.

Шаштараз шаш қияды.

Кітапханашы кітап береді.

Аспаз тамақ даярлайды.

Барлық мамандықтар жақсы, қызықты. Әр адам өзіне ұнаған

мамандықты таңдап алады.

9.Топтық жұмыс

1 топ мәтіннен мамандық атаулы сөздерді берілген сызба бойынша көшіріп жазады.

2. топ септік жалғауы бар сөздерді жазады

3 топ еңбек туралы 5 мақал-мәтелдерді жазады

10.Сабақты бағалау.

11.Рефлексия . Менің ... болғым келеді.

Өйткені ... ... .

Ол үшін білім керек. Білім алу үшін еңбек ету керек.

12.Үй жұмысы

104 бет 1,2 тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал