- Учителю
 - ' Дастарқан жасау' ашық сабақ
 
' Дастарқан жасау' ашық сабақ
 
«Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы «Дастарқан жасау»
7В-сынып
 
 
 
Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Р.М.Акижаева
 
 
Лексикалық тақырып: «Дастархан жасау»
 Грамматикалық тақырып: Фонетика.
 Сабақтың мақсаты:
 Білімділік: Балалардың модуль бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, бекіту.
 Дамытушылық: Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой - өрістерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе алуға дағдыландыру.
 Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық, адамгершілік, гигиеналық тәрбие беру.
 Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
 Сабақтың тегі: Білімді жинақтау, қорыту.
 Пәнаралық байланыс: әдебиет, биология, тарих, математика.
 Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
 Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба, үлестірмелі материалдар, сөзжұмбақ.
 Ұйымдастыру формасы: ұжымдық, топтық.
 Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
 - Оқушылармен сәлемдесу;
 - Сынып тазалығын тексеру;
 - Балаларды түгелдеу;
 - Оқушылардың назарларын сабаққа аударып, сабақтың мақсатын түсіндіру;
 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)
 - Сөздіктерді қайталату.
 Ұлттық тағамдар - национальные блюда
 сусындар - напитки
 бесбармақ - мясо по казахски
 жая - жая (огузок лошади, цельное мясо)
 қазы - казы (блюдо из реберной части конины)
 қуырдақ - жареное мясо
 шұжық - шужык
 ірімшік - творог сыр
 ас - пища, еда
 сіңімді - легко перевариваемый
 сүт - молоко
 айран - кефир
 - Жаттауға берілген ас батасын мәнерлеп айтқызу.
 - Дәптерлеріндегі 3 сөзге жасаған фонетикалық талдауларын тексеру. 
ІІІ. Сайыс сабақ «Жүзден жүйрік» (25 мин)
 1. Ойынның мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру (3 мин)
 Сыныпты екі топқа бөлемін:
 - «Алғырлар»
 - «Тапқырлар»
 Балалар, енді біз «Жүзден жүйрік» сайыс сабағын бастаймыз.
 Сайыстың шарты: сайыс төрт кезеңнен тұрады.
 1. Бәйге
 2. Кім тапқыр?
 3. Жорға
 4. Тіл өнер
 - «Бәйге» кезеңінің шарты: Жалпы екі топқа ортақ 10 сұрақ беріледі. Сұраққа бірінші болып қолын көтерген топтың оқушысы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріліп отырады.
 - «Кім тапқыр?» кезеңінің шарты: Оқушыларға үш сұрақтан тұратын тест таратамын. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Әр оқушы отыз ұпайдан алуға мүмкіндіктері бар.
 - «Жорға» кезеңінің шарты: Нөмірмен белгіленген (10, 20, 30) 6 сұрақ беремін. Балалар қай сұраққа жауап беретінін өздері таңдайды. Сұрақты бірінші болып аз ұпай жинаған топтың оқушылары таңдай алады.