7


  • Учителю
  • Годовая контрольная работа по казахскому языку 6 класс

Годовая контрольная работа по казахскому языку 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған жылдық бақылау





Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен жыл бойы алған білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың қалыптасуын және мемлекеттік стандартқа сай болуын тексеру.

Диктант

Баянауыл

Баянауылға біз күн түске тармаса жеттік. Оның сыртқы жобасы Бурабайға ұқсас. Бурабайдың төбесінен төмен түскен қарағайлы қалың орман етегі арқылы жазық далаға кең жайылып кетеді. Баянның орманы алысқа ұзап бармайды. Бурабайдың сексен көлінің бәрі жыныс орманмен жиектеле қоршалған. Баянның ығындағы атақты Сабындыкөлдің айналасы жалаңаш. Бурабайда кең шалқар көп. Баянда ондай көлдер үшеу-ақ: Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр. Торайғыр көлінің жағасында қазақтың атақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғы -ровтың қабірі бар.

Жол бізді Жасыбай көліне әкелді. Бұл тамаша көркем көлдің жағасында жаңа орнаған өндірістер: Екібастұз, Майқайың, Бозшакөл. Олардың жұмысшылары тынығатын салтанатты үйлері бар. Біз соларды аралап, көп жүрдік. Баянауылдан Қарқаралыға беттеп шыққанда, біз «Жалаңтас» асуынан өттік. Алдымыз - бұйратты кең дала. Соған сүңгіген көркем Баянның шоқтығы биіктей берді, көркі сәндене берді.

( С. Мұқанов, 114 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар





ІІІ деңгей.

1. Мәтіннен үстеулерді теріп жаз, мағыналық топтарын ажыратыңдар.

2. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазып,түрлерін анықтаңыз.









ІІ деңгей

1. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа. Бурабайдың сексен көлінің бәрі жыныс орманмен жиектеле қоршалған.

ІІ нұсқа. Жол бізді Жасыбай көліне әкелді.

2. Сөйлем мүшесіне талдаңыз.

І нұсқа. Бурабайда кең шалқар көп.

ІІ нұсқа. Баянның орманы алысқа ұзап бармайды.





І деңгей.

  1. Өз тұратын жеріңді сипаттау арқылы әңгіме құрастыр.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал