7


Тренинг Отбасы өмір аясы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Отбасы өмір аясы»

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.

Көрнекілігі: экран арқылы слайд

Керекті құрал - жабдықтар: орамал, ақ қағазы, салфетка, қайшы, маркер, түрлі-түсті қағаздан жасалған гүлдер, желім

Әдісі: топпен жұмыс (ата-анамен жұмыс)

Топтық қатысушылар ережесі:

Топтың толық қатысуы.

Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынастары.

Қатысушылардың ашық, әділ болуы.

Белсенді, өз ойларын еркін айту.

Тренингтің барысы:

1.Танысу «Қуыршақ терапиясы»

2 Пікірлесу «Гүл теру»

3. Көңілді тест «Аңдар мен жәндіктер»

4.«Бала мүсіні» көрінісі

5.«Мен және менің балам» (Қызықты сұрақтар)

Сергіту сәті

6.Күн шуағы (Рефлекция)

7. Ән: «Аналардың тілегі»

Психолог сөзі:

Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Сіздерді бүгінгі «Отбасы өмір аясы» атты психологиялық тренинг жаттығуларына қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіздер болып пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Бала қанша тәрбие-білім алып, балабақша табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет балабақшаға баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет - өзіңіз, екінші рет - балаңыз, ал үшінші рет - немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшамызға келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.

1. Танысу «Қуыршақ терапиясы»

Құрметті ата-аналар! Бүгінгі тренингімді мен «Танысу» жаттығуымен бастағым келіп отыр. Ата-аналармен танысуды «Қуыршақ» терапиясы арқылы жүзеге асырамыз. Бұл қарапайым салфетка, бірақта бұның сиқырлы қасиеті бар. Яғни қазір әрбір ата-ана осы салфеткадан қуыршақ жасайды. Жасап болғасын ол сол қуыршақ арқылы өзін таныстырады. Олай болса, қуыршаққа есім береміз, яғни ат қоямыз. Оны өз қалауыңызша атауға болады. Ол Сіздің атыңызбен аталуы мүмкін немесе сізге ұнайтын, әлде сіздің бала кезіңіздегі өзіңізге ұнайтын ат болуы да мүмкін. Ол өз қалауыңызға байланысты.

Танысқанда «Бір кезде бір қуыршақ дүниеге келіпті…» деп ертегісін бастайды. Яғни сол жасаған қуыршақ арқылы өзі туралы айтып, қайда туып-өскені, неше баласы бар екені, жанұясы туралы шағын баяндап береді.



2. Пікірлесу «Гүл теру»



(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер

алқабына бару)

Барлық ата-аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір- бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.



3. «Аңдар мен жәндіктер» көңілді тест

Ата-аналарға қағаз бен қалам таратылады. Әр қатарға өздеріңе ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазасыңдар. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында үзілісте өзі жазған сөздерді рет - ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

Қорытынды:

1. Мені жұрт........деп ойлайды.

2. Мені.........деп ойласа екен деп ойлаймын.

3. Дәл өзіңіз.........

4. Сіз жұмыста..........

5. Жарыңыздың алдында.........

6. Негізі..........



4. «Бала мүсіні» көрініс

Психолог: баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.

Менің кішкентай балам балабақшаға барады. Біз екеуміз балабақшаға асығып келеміз, автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің балам өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды. Мен баламның қолынан алдым да, жүгіре жөнелдік.

  • Анашым, анау не,қарашы!-деді балам.

  • Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің! Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен.

  • Сол сәтте балам сөздерді тура мағынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай балабақшаға асығып кетіп барамыз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестіріп қалдым. Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық. Балам мұхият тыңдап, содан соң былай деді.

  • Анашым, анашым, құстың сайрағанын естимісің? Асхат деген ағай кім?-деді.

  • Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой, үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен баламның құлағын байлаймыз)

Біз а втобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз. Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін. Бүгін қандай

күн, тамаша болады! Анам мен Карина күтіп отырған шығар мен оған алма әкелемін дегенмін, анау ше..... -деді.

  • Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсызда кешігіп келеміз. Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда, әрі қарай жылжыдық. Балам үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.

  • Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен. Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып, оған айқайладым.

  • Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап, кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.

  • Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты, не дұрыс жаза алмайды, не дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың мен сенімен сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайлады.

  • Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған. Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп, әрі қарай баламды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау

  • Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?

  • Ата -ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?

  • Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер! Негізінде балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін білесіз бе? Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 рет құшақтау өте қажет болса, ал өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек екен. Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін- күніге 12 рет құшақтау қажет. Бала өзі ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды. Бала өзін риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек.

5. «Мен және менің балам» қызықты сұрақтар

1. Балаңыздың туған күні?

2. Тәрбиешісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың досы кім?

5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

8. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз

аузыңызға түседі?

10.Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?

11. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

12. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?

13. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

14. Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

15. Балаңыздың тәтті қылықтары?



6. Күн шуағы (Рефлекция)

Ата-аналар ортаға шығып шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Тренингке қатысушыларға күннің шуақтары таратылады. Олай болса, әрқайсымыз мына ғажап кішкентай бүлдіршіндеріміздің алақандары арқылы балаларымызға деген сүйіспеншіліктерімен, тілектерімізді, өз ой-пікірлерінізді жазып күннің бейнесін құрастыра отырып жылуын қабылдайық. Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы жылуды қолдарымызды ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме, кішкене күннің мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен жарық күн де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-бірімізді жылытып, бір-бірімізге мейірімді, сүйіспеншілікте болайық. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!



</<font size="3" style="font-size:13pt;">7. Ән: «Аналардың тілегі»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал