7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс: 'Ақындық- өмірімнің асқақ әні'

Сыныптан тыс жұмыс: 'Ақындық- өмірімнің асқақ әні'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ақындық - өмірімнің асқақ әні»

(Әдеби поэзиялық кеш)

...Сен мені ғасыр болып табармысың,

Жоқ әлде жасын болып соғармысың?

Бұрқырап қалармысың бас жағымда,

Шырқырап кірпігімді жабармысың?

Жарасқан Әбдірашев

Жүргізуші: Ақынның қысқаша өмірбаянына тоқталып өтейік.

Өмірбаяны туралы баяндама оқылады.

Жүргізуші:Туған жер, халқы мен ана тіліне деген шынайы, мөлдір көңілді ақын «Дала сенің ұлыңмын» атты арнайы кітабында ойы,сыры өзектес жырлар арқылы сарқылмай өректеді.Мұнда сол дәуірдің әсері де жоқ емес.Бірақ Ж.Әбдірашев уақыттың жұқалтаң талабын күмәнсіз талант, жүрек алауымен жеке өміріндегі мағыналы күйге бұра білді.

Туған дала,

Менсіз талай қамалдар

Алыныпты!

Сенің арың

Маған да ар.

Кешір мені,

Кеш келіппін өмірге

Кеш туыппын!

Кеш қалыппын!

Не амал бар?

Саған уақыт сәл қиындық жолдаса-

Қағаберіс қалмаспын мен

Енді аса!

Бірақ мені кешірме сен

Өмірде

Өлең қылар өз ерлігім болмаса!

Ақындық Отан - ордасының шежіресін өз көңілінің айға ұмтылған алыс армандармен сабақтас түсінеді. Ақылдың тұяғы таймаса, дәлелде шек жоқ. Лирикпалық қаһарман қолына найза ұстап жауға шаппай - ақ, Фараби тәрізді ғылым, білім үшін атамекенін тастап кетпей - ақ қазақ қамын мұң еткен еңселі тұлғаға айналды.

Ақын туған дала тынысымен қатар тербелетін өрелі толғамдары ұлттық сана ұлағатын шешендік үрдіспен ширата бейнелейді:

Шығармаймын дыбысыңды,

Дымыңды,-

десе де кім,

өшірі алмайды үніңді.

Сені мылқау ету үшін,

Әуелі

Кесу керек мына менің тілімді!

Өжет қазақ, өр қазақ өз тілінде сөйлесін!..

деп шымырқанатын қаламгер мына тұста халықтық дәстүр, салттың өріс алуына шідер салған заман қыспағына назаланып сөйлеген.Қара күштің дүлейлігін кім білсін,нәзік өнер,адал жүрек әлемді апаттан құтқара алады. Ендеше ақынның өлеңіне кезек берелік.

Өлең « Дала сенің ұлыңмын»

Жүргізуші: Поэзияда айтылмаған ой, шырқалмаған сезім аз шығар.

Ж.Әбдірашев жыр патшалығына қадам басқан күндерінен-ақ өмірдің сырын уақыт өлшемімен бағандай бастады.

Көкжиектен күн аунап барады әні,

Қызарғаны-қоштасып қарағаны...

Осылайша өтеді қайран уақыт,

Сені мәңгі қоймайды сайрандатып

Деген жолдардағы философиялық тұғырнама - ақын шығармашылығының өзекжарды арнасы. Ақын тіршілік қызығына тоймайды. Біз «білетін» әлемнен өзі кеткенмен атының, рухыныңң сөзі мен пікірінің қалғанын қалау - кез келген пенденің арманы. Расын айтақанда, өнер, ғылымда із тастау - меңіреу тарихтың тас қабырғасына шамасы жеткеннің есіміе қашап жазушы. Ендеше өлеңіне кезек берелік.

Өлең «Ақ бұлақтар»

Жүргізуші: Талантты ақындарға ырықсыз түрде де, айқын түсінікпен де қозғау салып, толқымалы, толасссыз дауылға толы күй кештіретін күш жоғарыда айтылған психологиялық жағдаят. Оның айрықша сілемдерін Ж.Әбдірашев поэзиясынан да көре аласыз. «Бір түйір дән» Адам ата мен Хауа анадан бергі тіршілік сыры табиғи нәр мен махаббат үйлесімі арқылы пайымдалады.

Өлең: « Бір түйір дән»

Жүргізуші: Ақын «Найзалы жаз» кітабында дүние сырын қиялмен болжап, жүректент толғай күрсінетін ойлы ойлы да әсем жырлары жинақталған.

«Табор түні», «Айырылысу», «Балгер қызбен әңгіме» атты өлеңдерінде жалпы көрінетін құбылыстарға көшке отырып, көркемдігі жарқын суреттелген. Осы өлеңдеріне кезек берелік.

Ақын Ж.Әбдірашев өз өмірінің өнердегі алғашқы сүрелеуін балалық шағымен байланыстырады. «Портфель» атты өлеңінде обьективті шындық лирикалық шуағына көмкеріледі, шағын ғана типтік көріністен терең философиялық байлам түйіндейді.Өлеңіне кезек берелік.

Өлең « Портфель», «Аяаймын бала кезімді»

Жүргізуші: Ж.Әбдірашевтың думавны мен даңғазасы көп ақын тіршілігінің әдемі көрністеріне сүйсіне тебіренетін шақтары да бар. «Ақын кетіп барады», «Ақын сыры», «Абайға наз» туындыларында ақын шығармашылық өнердің азабы мен ойыс- ойпаңы, тіршіліктегі таусылмас қайшылықтары жайында толғанады.

«Ақын кетіп барады», «Ақын сыры», «Ой орманында»

Жүргізуші: Ұлттық көлемдегі нақты құбылыстарды өткір жанрмен қапысыз кезе суреттеу барысында әлемдік мәні зор философиялық тұжырымдар айтады. Өмір ұқсас, адам ұқсас,арман ортақ, сезім- күй қияметі таныс болғандықтан, қазақ шайырының жан күйзелістерінен тұтас азамат қабырғасын қайыстырар шындық сілемдерін табасыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал