7


Отбасы - өмір аясы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 20.04.2016 жыл Сыныбы: 5 «Б»

Тақырыбы: «Отбасы - өмір аясы»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.



Барысы:

1-жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар», дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиге тікелей байланысты.

2 - жүргізуші Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Отбасы - өмір аясы» атты сайысқа қош келдіңіздер! Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларды ортаға шақырамыз:

1-жүргізуші:

Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана.

Көркіне ақылы сай келетін,

Рысбековтар отбасы ортамызда.



2- жүргізуші:

Жігітке ақыл, білім жарасады,

Нағыз ер халқыменен санасады.

Сайысқа бар күшімді саламын деп,

Бахытовтар отбасы таласады.



1-жүргізуші:

Қуантады білімімен бәрімізды,

Қол соғып қарсы алайық енді оны.

Ахметбековтар отбасы келіп қалды,

Татулықты ту еткен отбасы бұл.



2- жүргізуші.

Шын жүйрік шабысынан табылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады



1 - жүргізуші

Келді міне бүгін сынауға,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға - деп әділ қазыларды таныстырып өтелік:



1.

2.

3.

4.



2 - жүргізуші

Дүниеге әкелетін ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын аман болсын анашым!

1 - жүргізуші

Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз деп - алдарыңызда «Ана туралы монолог» орындайтын: Сембиева Назым «Ана»

Шырылдап жерге түскеннен - ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - ана. Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып жабысатының, шырылдап уанбай жылап іздейтінің - ана.

Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір - ақ жан. Ол - ана. Ол дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір - ақ жанды білесің. Ол - ана.

Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!

Байжан Алдияр

Ана шырақ, ұрпағымен жағылған,

Өз анасын бар періште сағынған.

Құдыретін сезгендер бас иеді,

Ана деген үш әріпке бағынған.



Аман болса ана деген ардағым,

Күндей болып нұрланады жан - жағым.

Қуанышпен бар қайғысын өмірдің,

Ана ғана көтереді салмағын.



Ана деген жылағанды жұбатқан,

Ана мөлдір жаралғандай бұлақтан.

Қорған болып аймаласа перзентін,

Тәңірінен амандығын сұраған.



Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген,

Ана ғана өткізеді өткелден.

Жадыратса жаздай етіп жаныңды,

Шуағы ыстық аумайтығын көктемнің.



Ана болса жүзіп өтер кемең бар,

Анаң болса қартаймайсың деген бар.

Тірі кезде қадірлесең анаңды,

Шын өкініш жауламайды санаңды.





Ұзақ өмір жасай берсін аналар,

Аналарын қадірлесін балалар.

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлағын,

Аман болсын ақ жаулықты аналар!



Қадыр Мырза Али «Ана» орындайтын Жалғасбекова Жауқазын:

Бәрі де Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де Ана

Бәрі өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба?

Тек өзіңе жасқандым

Алғашқы дәм ол да сендік сүт еді

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді.

Отанымның өзі сенен басталып,

Жауларыма жеткен жерден бітеді.



Мыстан әжей:

  • Менің сиқырлы айнам, қане жер бетіне зұлымдықпен жауыздықты неге орната алмай жатырмыз, оған не нәрсе кедергі болып жатыр?

Айна

  • О, менің әміршім, мен жер бетіне зұлымдықты онатқым келсе де қолымнан келетін емес. Жел соққанда, тыныс алғанда ғана сезінетін жұтқан ауа, көзге көрінбейтін мейірім мен мың бұрала аққан су сылдырының өзі, ақша бұлттар айшықталған көк аспан төбемізден мейірімін бірде күн шуағы боп төксе, бірде жаңбыр боп жер бетінің мейірін қандырып тұр. Бұл дүниеде барлық зұлымдық атаулының барлығын жер бетіне жіберсемде адамдардың бір - біріне деген достығын, татулығын жеңе алмадым.



Мыстан әжей: жоқ, біз оларды қайтсекте жоюымыз, құртуымыз керек. Мен оларға кедергі боламын. (кетіп бара жатып, қолындағы айнаны лақтырып, жолдағы гүлдерді қиратып кетеді).



Ханшайым: Екі көзің не үшін керек, жақсыларды көру үшін, екі қолың не үшін керек, елге көмек беру үшін керек. Мыстан әжей олай демеңіз: қараңышшы ортада отырған отбасыларға олар өте тату - тәтті өмір сүреді.



Мыстан әжей: Мен ондайды түсінгім келмейді, мейірімділік дегенді атай көрме?



Ханшайым: Сіз осы сайыстың аяғына дейін қатысып көріңішші. Содан сіздің пейіліңіз, көзқарасыңыз өзгереді.



Мыстан әжей: Жарайды көрсем, көрейін. Бірақ мына сайыстың шарттарым өзім айтамын жарайма.



1 - жүргізуші

Сайысымыздың кезеңдерімен таныстыру:

  1. Таныстыру.

  2. Үй тапсырмасы

  3. Еркем менің...

  4. Сұрақ - жауап.

  5. Шебер қолдар.



2 - жүргізуші: Сонымен сайысымыздың алғашқы кезеңі таныстыруға береміз.

Әр отбасы өздерін таныстырады.



1-Жүргізуші

Сіздерге артар міндет көп.

Көтерген ата - салтын құрметтеп.

Ақтай білсек ата - баба, үмітін,

Әрбір сөзі бір мектеп.





2 - жүргізуші

Ұлтымыздың салт - дәстүрін қадірлейік,

Жастарды иманды етіп әзірлейік.

Тәрбие мен білімді тең игерген,

Болашағы қазақтың деп тілейік.

Келесі сайысымыз, үй тапсырмасы беріледі. Яғни отбасылар өздері дайындалып келген дәстүрлерді көрсетеді.



1- жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Еркем менің деп аталадаы»



2- жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Сұрақ - жауапқа» кезек берелік.



Ата - аналарға:

  1. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көз қарасыңыз қандай?

  2. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?

  3. Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?

Оқушыларға:

  1. Сен тәртіпсіздік жасадың. Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?

  2. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

  3. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?



1-Жүргізуші:

Отбасы ордасын

Періштелелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға,

Тәңірім жақсылық жолдасын.

Халқы бар ынтымақты шырақ еткен,

Тәрбиелі, үлгілі ауыл неткен!

Шағын орда отбасы аталады,

Сыйластық, жақсылықтың дәнін еккен - дей келе сайысымыздың соңғы бөлімі -«Шебер қолдар» кезек береміз.



1 - жүргізуші

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.



2 - жүргізуші

Есімде бейнесі әкемнің

Күлімдеп қарайтын

Мен саған талпынсам

Құшағын жая сап,көтеріп алатын - деп «Әке туралы монолог» орындайтын



Марат Асқар

Әкедей тірек табылмас,

Әкесіз жүрек қағылмас.

Асқар тауың тұрмаса,

Жаныңның шамы жағылмас



Әкемен өмір мәндірек,

Әкемен жатар ән түлеп.

Әкеге деген сағыныш,

Айтар ем қалар мәңгі деп.



Перзентін сүйген әкелер,

Аялап мәңгі мәпелер.

Әке деген сұраса,

Аспаннан айды әперер.



Әкелер сенің тірегің,

Ананың сүйген жүрегі.

Қосылса екі құдырет,

Орындалған тілегі.



Әкенің сөзі оқ деген,

Әкеден асқар жоқ деген.

Қарайып жүрсе қасыңда,

Уайым қайғы жоқ деген.



Аман болсын асқарың,

Өтер өмір қасқағым.

Тіршілік тілі әкелер,

Қадірлей біл жастарым.



Бегалы Гүлназ «Әке»

Әке сенің жасыңнан асып барам,

Кезі - кезі келгенде жазып қалам.

Кезі - кезі келгенде жазып қалам,

Мына өмірге бәрібір ғашық балаң.



Құр алақан емеспін қуаныштан,

Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.

Бір арыстан өмірден өткенімен,

Өмір сүріп келеді тірі арыстан.



Өкінбе әке отың бар сөнбейтұғын,

Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.

Ұрпағың бар ел менен ер намысың,

Тірі тұрса қолынан бермей тұғын.



Мыстан әжей: Ханшайым, мен сендерге көп қиянат жасаған екенмін. Мына менің тас боп қатқан жүрегім жібіп, мынадай бірлігі жарасқан отбасыларды көріп, сен секілді жүрегі жұмсақ мейірімді жанды көріп, зұлымдықпен қатігездік, арамдық пен жауыздық адамға еш пайда әкелмейтінін білдім. Енді жер бетінде тек татулық, бірлік, ынтымақ, достық, орнасын! Адамдардың жүрегі мейірімділікке, имандыққа, қайырымдылыққа толы болсын.



1 - жүргізуші: Ата-бабамыз балаға қамқорлықты анасының құрсағында жатқанда, ол дүниеге келмей-ақ жасаған. Жас нәрестені тек әке-шешесі ғана емес, ата-әжесі де тәрбиелеп, бойына жақсы қасиеттер сіңдіре білген. Олар әдептілігімен, өнерпаздығымен, отбасы мүшелерімен бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен енбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен.



2-Жүргізуші: «Бала - біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы азамат болып өсуіне зор ықпалын тигізері анық. «Бала нені білсе ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей, отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық болмақ! Сонымен оқушылар, ата-аналарымызды сыйлап құрметтейік. Айтқандарын тыңдап ренжітпейік.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал