7


  • Учителю
  • Классный час на тему Мен өз елімнің патриотымын

Классный час на тему Мен өз елімнің патриотымын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

3

</<font face="Times New Roman, serif">Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!

Тәрбие сағат мақсаты:

1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.





Ең бірінші бақытым- халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін...

Ал, екінші бақытым- тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Бақытым бар үшінші- Отан деген,

Құдай деген кім десе- Отан дер ем!

М. Мақатаев

1.Ұйымдастыру.

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!

Ақпыз,қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілектерді айтады!

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан -сенің туған елің, туған жерің, досың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз өз еліміздің патриотымыз!



3 «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

1 Менің Отаным- бұл......

2 Патриот бұл-.....

3 Менің ойымша....

4 Менің елім өте......

5 Қазақстан Республикасы ......

6 Биыл Қазақстан Республикасы........



4 «Он сұрақ» әдісі

Орындықта отырған оқушы сұрақ қояды.



1 ҚР Конституциясы

2 Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаев

3 Ту



5 «Сұрақ-жауап» әдісі

1 ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)

2 Әнұран авторларын ата. (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,

әні: Ш.Қалдаяқов)

3 16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

4 Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)

5 Жоңғар шапқыншыларын талқандаған каһарман батырлар.

(Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай)

6 Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

7 Абайдың шын аты. (Ибраһим)

8 Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)

10 ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз1995ж.)

11 Тудың авторын ата. (Ш.Ниязбеков )

12Қазақстан оңтүстікте қандай елдермен шектеседі? (Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан)

12 Ұлы Отан соғысының батырларын ата.(Ә.Молдағұлова,

М.Мәметова, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы т.б.)

13 Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)

14 Шоқанның рас аты қалай? (Мұхаммед-Қанапия)

15 ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды?(1991ж)

16 Елтаңбаның авторларын ата. (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)

17 Білім күні қашан тойланады? (1-қыркүйек)

18 Қазақстан батыста қандай елмен шектеседі?(Каспий теңізі

арқылы Әзірбайжан елімен)

19 Үш жүздің басын біріктірген хан. (Абылай хан)

20 Қазақстанның ежелгі ғалымын ата. (Әл-Фараби)

21 Араб әрпі негізінде балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?

(А.Байтұрсынов)



6 « Патриот - бұл кім?» ойыны

Оқушылар адам бейнесін жасайды. Бейненің ішіне өз елінің патриотының қандай қасиеттері болу керек екенін жазады.

Тақтаға оқып желімдейді.



Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

Шаңырақтарыңыз кең болсын, отбасыларыңыз бақытты болсын, аспандарымыз ашық болсын!

Әрқашан өз еліміздің патриотымыз болайық!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал