- Учителю
- Открытый урок казахского языка в 11 кл. На тему «Домбыра»
Открытый урок казахского языка в 11 кл. На тему «Домбыра»
№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Домбыра»
Мемлекеттік тіл пән мұғалімі: Габитова Ж. Г.
Құлсары қаласы
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 11 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Домбыра»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: қазақтың ұлттық аспабы - домбыра туралы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтермен таныстыру.
ә) тәрбиелік: оқушылардың рухани эстетикалық талғамын дамыту, музыка өнеріне қызығушылықтарын ояту.
б) дамытушылық: грамматикалық талдаулар арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, қалыпты, жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, жаңа технология әдістерін пайдалану.
Көрнекіліктер: домбыра, тірек сызбалар, суреттер, сөзжұмбақ жазылған плакат.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ән сабағы
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру. «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары. Түрлері.
2. Музыка аспаптарының ең көнесі, яғни атасы - домбыра.
3. Домбыраның құрылысы және пайда болу тарихы.
4. Домбыра туралы аңыздар.
5. Домбыра туралы ақындар шығармашылығынан.
Бекіту:
1. «Домбыра» мәтіні бойынша жұмыс.
2. Жаттығу жұмыстары.
3. Грамматикалық тапсырмалар.
4. «Домбыра» сөзжұмбағын шешу.
Қорытынды:
«Нағыз қазақ - қазақ емес,
Нағыз қазақ - Домбыра!»
Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Домбыра» мәтінін аудару. Мазмұнын айту.