7


Көктем аруы - 2016

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы Көктем аруы -2016

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін 5-6-7 сыныптар арасында Көктем аруы - 2016 атты өнер-білім сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер,Қыз деген сөздің өзі әдеміліктің жан-жақты сұлулықтың символы, Қазақ халқы қыз баланы ардақтап.оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсірген,Әсем де инабатты қыздарды үнемі үлгі етіп отырған,Сондай үлгі етерлік аруларымыз бүгін сіздердің алдарыңызда,

Арулар бүгін сәнденген,

Үміті бар әрнеден,

Озып шығып.бәйге алмақ

Жеңісті бүгін тойламақ

Қол ұрып қане қояйық

Жанашыр бізге болайық

Құрметті көрермендер! Ару қыздарымызға сәттілік тілей отырып, қол шапалақтап, ортаға шақырайық

Нұрлы үміт арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп

Саәйыскерлерді шақырамыз ортаға



Бүгінгі сайысқа қатысушы өрендерімізді таныстыруға рұқсат етіңіздер:

  1. Әділеттілік болар деп ойларында

Салмақтылық бар оның бойларында

Халық оны қошеметтеп қарсы алсын

«Қызғалдақ»тобы келе жатыр алдарыңа

  1. Көздерінде нүр тұнып жыр оралған

Сол бір қыздар ойыма бір оралман

Шақырсақ «Бәйшешек» тобын ортамызға

Арулардан нәзік үн, үзіп алған

  1. Көз тігіп қараңызшы аруларға

Әдемі тал бойында дәру барма?

«Ай - көркем » тобын шақырамыз

Сыңғырлаған күлкі бар аруларда

Байқауымызды бастамас бұрын шарттарымен таныс болыңыздар

  1. Таныстыру 5 мин

  2. Өз - өнерін көрсету 3 мин

  3. Салат түрлері 20 мин

  4. Шаш үлгісі 10 мин

  5. Үй жұмысы аналарға арнап ашық хат жасау 2 мин

  6. Сұрақ - жауап 2 мин

  7. Көктем аруы - 2016

Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын

Сайыс, сайыс жанкүйерлер аһ ұрсын

Әділ билер төрелігін айтатын,

Таныстырам әділ қазылар алқасын! - деп әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар

Әділқазылар алқасы: Ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Таня апай

Мектеп тәлімгері Нұргүл

Кімнің кім екенін,

Бүгін біздер шешеміз

Олай болса ағайын

Таныстыруға кезек береміз, - деп сайысымыздың бірінші шартымыз«Таныстыруға» кезек береміз



1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем

Әділқазылар алқасы шартымыз бойынша.ұпай санын беріп отырсаңыздар

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем



Таңданайық өнгерге тамсанайық,

Бәріміз де қосылып ән салайық

Шабыттансын, көңіл көтерілсін,

Өнерліні мадақтап жар салайық, - келесі шартымыз «Өз өнерін көрсету»

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем

Әділқазылар алқасы шартымыз бойынша.ұпай санын беріп отырсаңыздар

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем



Өнер келмес қолынан қыздар аз - ау,

Барлығы да өнерлі, шетінен сал

Хабарлаймыз біршама жарыскерді

Ендігі кезегіміз салат жасау, - деп ару қыздарымыздың өз қолынан жасалған салаттарынан дәм татып, тамашалаңыздар



Көрініс «Үш ана»

Ән орындайтын «Ана» Нұрсая мен Гүлсая

«Ана» өлеңі орындайтын Айгүлім

Сайыскерлер болса жасаған салаттарын әділқазылар алдына апарып таныстырып өтсін.

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем

Әділқазылар алқасы шартымыз бойынша.ұпай санын беріп отырсаңыздар

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем





Жүргізуші Қос бұрымды аяулы қазақ қызы

Жарасар өз - өзіне арай жүзі

Сіздерге қояр енді бір шартымыз

Сұлу қыздың жасайтын шаш үлгісі



Би қазақ биі 4 сынып оқушыларының орындауында

«Төрт ана» өлеңі орындайтын Ақжүніс

Ән «Анашым» орындайтын Нұрсая

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем

Әділқазылар алқасы шартымыз бойынша.ұпай санын беріп отырсаңыздар

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем



Ендігі кезегіміз Үй жұмысы аналарға арнап ашық хат жасау



1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем

Әділқазылар алқасы шартымыз бойынша.ұпай санын беріп отырсаңыздар

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем

Енді өз білімдеріңді ортаға салатын кезде жетіп келді. Ендігі кезек

«Сұрақ -жауап»

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем

Әділқазылар алқасы шартымыз бойынша.ұпай санын беріп отырсаңыздар

1 Қызғалдақ 2 Бәйшешек 3 Ай - көркем



«Қыздарға» өлеңі орындайтын Сандуғаш

Көрініс «Апам үшін»

Ән «Туған өлке» орындайтын Нұрсая мен Гүлсая

Киімімен керемет және түрлі

Назарын аударар елдің күллі

Сұлу сәнді қыздарымыз бар біздің

Киім киген жарасымды, әрі құнды, - дей келе ендігі кезекте «Көктем аруы - 2016 » аруын таңдайтын сәтке келіп жеттік. Ендігі кезек сән үлгісі.



Әділқазылар алқасы шартымыздың жалпы ұпайын есептегенше Сабираның орындауындағы «Арулар» өлеңіне кезек берейік.



Таланттыны танытып елге бүгін

Көтерейік мерейін өнерлінің

Үкілі үмітпенен сенім артып,

Өренге арқалаған өнер жүгін, - дей келе әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.



Орындарыңыз құтты болсын, аспандарыңыз ашық, күннің көзі сияқты зүздеріңіз жарқын болсын. Келесі кездескенше сау болыңыздар.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал