7


  • Учителю
  • Баяндама 'ҚАЗАҚ ТІЛ САБАҒЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ'

Баяндама 'ҚАЗАҚ ТІЛ САБАҒЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚАЗАҚ ТІЛ САБАҒЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3.Берілген білімді пысықтау.
4.Оқушының білімін тексеру, бақылау.
5.Шығармашылық қабілетін арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында..Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы - оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген.Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да,мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған.1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей,бұны орындауға барлығы міндетті.2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы,ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды.Әрине ,барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық.1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да,озат оқитындар алға кетеді.
10-сынып. «Абай Құнанбайұлы» сабағы бойынша:
І.Абайдың өмір жолы
ІІ.Алгоритімдік саты.Шығармаларын талдау.
ІІІ.Эвристикалық саты.Өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.
ІV.Шығармашылық сатысы. «Мен таныған Абай»(шығарма)
8-сыныпта «Теледидар» тақырыбы бойвнша деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1.Мәтінде не туралы айтылған?
2.Мәтінді пайдалана отырып,сөздердің дұрыс-бұрыстығын анықта.
3.Берілген сөздердің антонимдерін жаз.
ІІ деңгей
1.Мәтінді оқып,орыс тіліне аудар.
2.Қаратпа сөздердің тыныс белгісін қой.
3. .Берілген сөздердің синонимдерін жаз.
ІІІ деңгей
1.Мәтіннің мазмұнын айт.
2.Мәтін бойынша сұрақтар дайында.
3.Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
ІV деңгей
1. «Теледидар-балалар денсаулығына зиян»деген тақырыпқа шығарма жаз.
Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы - оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі.
Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады .
Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:
- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабіліеті артады;
-сынып оқушылары толық бағаланады;
-әр бала өз деңгейіне ,қабілетіне қарай бағаланады.
Демек,жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,белсенділігін арттыруға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии».-М.Педагогика, 1989. 44 б.
2. Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. А:2000 ж.61б.
3. Қараев. Ж.А,Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы
на основе технологического подхода. А: 2005.34 б.
4. Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.
5.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал