- Учителю
- Қазақ тілінен емтихан билеттері 5 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 5 сынып
Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері
1-билет
1. «Танысу» тақырыбына диалог құру.
2. Фонетика дегеніміз не?
2-билет
1. Өзің туралы мәлімет айтып бер.
2. Мына сөзге фонетикалық талдау жаса: «Бүгін».
3-билет
1. «Денсаулық» өлеңін жатқа айтып бер.
2. Буынның неше түрі бар. Мына сөзді буынға бөліп жаз, қандай буындар екенін айтып бер. «Әдепті»
4-билет
1. «Аялдамада», «Автобуста» деген тақырыпқа диалог құру.
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, оларды дыбыстап айт.
5-билет
1. «Менің отбасым» тақырыбына монолог айту.
2. Мына сөздерді аудар.
сіңілі- қарындас-
бірге- қамқор болу-
тұру- тату-
6-билет
1. «Біздің мектеп» тақырыбына монолог айту.
2. Синоним дегеніміз не? Мысалы:
7-билет
1. «Күз» туралы не білесің?
2. Мына сөзді сөз құрамына талда: «Жұмысшылар»
8-билет
1. «Менің досым» тақырыбына диолог құру
2. Антоним дегеніміз не? Мысалы:
9- билет
1. «Қазақстан Республикасы» тақырыбына монолог айту
2. Сын есім дегеніміз не? Мысалы:
10-билет
1. Абай Құнанбаев туралы не білесің?
2. Мына сөзді тәуелдік жалғауына тәуелде: «Ана»
11-билет
1. Монолог «Үй жануарлары»
2.Сілтеу есімдіктерін ата. Сілтеу есімдіктерін пайданалып,сөйлем құра.
12-билет
1. «Жабайы жануарлар» әңгіме
2. Есімдік дегеніміз не? Оның түрлерін ата
13-билет
1. Монолог «Ұлттық ойындар»
2. Етістік деген не? Мысалы:
14-билет
1. Диалог «Мамандықтар»
2. Етістіктің шақтары туралы айт.
15-билет
1. Еңбек туралы мақалдар айт /5-10 мақал
2. Диалог деген не?
16-билет
1. Монолог «Көктем келді»
2. Үстеу дегеніміз не? Оның түрлері
17-билет
1. Диалог «Наурыз мерекесі»
2. Үстеу түрлерін айт. Оларға мысал келтір.
18-билет
1. Монолог «Уақыт өлшемдері»
2. Сан есім деген не?
19-билет
1. Монолог «Адамның дене мүшелері»
2. Шылау дегеніміз не? Мысалы.
20-билет
1. Монолог «Жаз»
2. Сөз тіркесі. Сөйлем.
21-билет
1. «Айқұлақ» ойыны туралы айтып бер
2.Мына сөздерді аудар:
время- утром-
в прошлом году- вечером-
днем- в этом году-
22-билет
1.Монолог «Менің ауылым»
2. «Орман» сөзін септе
23-билет
1.Мемлекеттік әнұранды жатқа айт.
2.Сөздерді екі бағанға бөліп жаз:
Жуан: Жіңішке:
(кезекші, Алматы, оқулық, дәптер, үстеу, доп, ұлттық ойын, кішкентай,егінші, мамандықтар)
24-билет
1.Отан, туған жер тақырыбында 1 өлеңді жатқа айт.
2.Берілген зат есімдерді екі бағанға бөліп жаз.
Кім? Не?
(адам, етік, мысық, теледидар, Әлия, аққу, қалам, жаз, дос, аспаз)
25-билет
1. «Жыл мезгілдер» тақырыбына диалог құру.
2. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.
Б...з суға т..стік. Су ..те жылы болды. Біз шөлд...п, шай ішт...к. Кешке қарай жа...быр жа...ды.