7


  • Учителю
  • Разработка по казахской литературе

Разработка по казахской литературе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Зерттеу орны:

Жамбыл облысы Тараз қаласы №53 орта мектебі

Пән мұғалімі:

Сарбасова Азиза Қырықбайқызы

Апта: 3

Күні:



Сынып: 8

Сабақ: 3

Пән: әдебиет

Сабақтың тақырыбы:

</ Ш.Айтматов "Найман -Ана" шығармасын талдау (2-сағат)

("Ғасырдан да ұзақ күн" романынан үзінді)

Сілтеме

Қ. Әбдезұлы, Г.Д. Рыскелдиева, С.Ч. Тұрсынғалиева

Жалпы мақсаты

Білімділік: шығарма бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, кейіпкер бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.

Дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту .

Тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету,ананы құрметтеуге,сыйлауға,елін сүюге баулу

Сабақтың міндеттері

  1. Мазмұнға байланысты міндеттері:

    1. кейіпкер бойындағы қасиеттерді топтастырады.

    2. Сұрақ-жауап арқылы өз ойын білдіреді

    3. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді.

    4. Оқулықпен жұмыс жүргіу арқылы шығарманы толық меңгереді.

  2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттері:

Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен, интер -белсенді тақтамен жұмыс жасай отырып, танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Компьютермен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру.

  1. Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттері:

Оқушылар бірін-бірі оқытуда:

  • Жұппен, топпен түсініп оқып, тілдік тапсырмаларды сауатты орындайды;

  • Тапсырманың түсініксіз жерлерін айқындайды;

  • Топтастарының сұрағына жауап береді, бірін-бірі толықтырады;

  • Қорытынды шығарады.

Оқыту нәтижелері

  1. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі

  2. Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

  3. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

  4. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

  5. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады

  6. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

  7. Жан дүниесін тәрбиелейді.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Берілген тапсырмаларды орындату, сыни ойлау, диалогтік сөйлету әдістерін қолдану арқылы меңгерту.

Сабақтың

типі, түрі

Жинақтау сабағы

Аралас сабақ

Қолданылатын модульдер идеясы

  1. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Merser, 1995;Alexander, 2008) мен метасана (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978)

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  3. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау

  4. АКТ пайдалану

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

  6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру

және оқу

  1. Білім беруді басқару және көшбасшылық

Сабақтың әдістері:

СТО әдістері, өзіндік, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс

Тарих,музыка

Дереккөздер және жабдықтар:



Қолданылатын құралдар:

А 4, А3 форматты ақ түсті қағаз, қызыл, көк, қара, жасыл түсті маркелер

Көрнекілігі:

Бейне жазбалар, әлем әдебиеті өкілдерінің шығармалары

Қолданылатын техникалық құрал:

Компьютер, интер-белсенді тақта, электронды оқулық

Тапсырмалар

  1. Шығарманы композициялық құрылымына талдау

  2. Концептуалдық кесте

  3. Түсініктеме күнделігі

  4. оқулықпен жұмыс

  5. Тест тапсырмалары

  6. Еркін жазу стратегиясы



Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:



Қызығушылықты ояту







Ұйымдастыру кезеңі:



  1. Сәлемдесу

  2. Түгендеу

  3. Топқа бөлу

Ссөздер арқылы бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Деректер сөйлейді...

Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сандар берілген

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

2. Мағынаны тану



Жаңа сабақ.

1-тапсырма

І топ Шығарманы композициялық құрылымына талдау

ІІ топ Концептуалдық кесте толтыру

ІІІ топ Түсініктеме күнделігін толтыру

Оқушылар берілген тапсырманы жазбаша орындайды, өз ойларын дәлелдейді.



2 -тапсырма













тест тапсырмалары

І топ Әдебиет теориясы Мәтіннен монологты табыңдар

ІІ топ Мәтіндегі салт -дәстүр көрінісін табыңдар

ІІІ топ Мәтіннен жазушы қолданған көркемдегіш тәсілдерді табыңдар











Үлгерімі төмен оқушыларға арналған













Оқушылар берілген тапсырманы мәтіннен табады











тестпен жұмыс жасайды



3 - тапсырма







Бейнекөрініс.Өткен тарихымызға шолу

1- топ Қазақ пен Жоңғар арасындағы ең ауыр кескілескен қанды шайқас туралы әңгімелеу

2 -топ Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі елі үшін жанын қиған қазақтың батырлары,хандары,билері туралы әңгімелеу



3- топ Жау шапқыншылығы кезіндегі халықтың ащы зарынан туған өлең-жырлар туралы әңгімелеу



Бейнекөрініс арқылы

тарихымызға шолу жасайды,сұрақтарға жауап береді





















Ойтолғаныс

Кейіпкерге хат

















"Ана" туралы ән тыңдау

Найман -Анаға хат





Анаға тілек

























оқушылар Найман -Анаға арнаған өздерінің ішкі жан дүниесін хат арқылы білдіреді

Жақсы тілек,жақсы ой



Рефлексия

  • Жарайсыңдар! Осы

сабақ үшін бәріңе рахмет.

  • Өткен сабақтан кейін

көңіл күйлерің қалай?

  • Қай тапсырманы

бәрінен шебер орындадыңдар?

Оқушылар топпен бірлесе отырып, сұрақтарға өз ойларын еркін айтып жауап береді.

Кері байланыс стикерін толтырса да болады.

Бағалау



  • Бағалау критерийі арқылы бағалау;

Формативті бағалау:   

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, мұғалімнің бағалауы.

Үйге тапсырма

«Мәңгүрттіктен сақтан ұрпақ» тақырыбында эссе жазу



























Ш.Айтматов «Найман - Ана» сабағыма рефлексиялық есеп





Әдебиет пәнінен Ш.Айтматовтың «Найман - Ана» сабағымды үш сатыға қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ойтолғау. Сабағымның ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды түгендеп, топқа бөліп, бағалау критерийімен таныстырдым. Үй тапсырмасы «Деректер сөйлейді» әдісімен сұрақ - жауап арқылы жүзеге асты. Оқушылар деректерді сөйлету арқылы жазушы туралы білетіндіктерін байқатты.Тақырыпқа қатысты ойларын айтты. Сабағымның мағынаны тану қадамында оқушылар шығарманың мазмұнын қаншалықты меңгергендіктерін тапсырмалар орындау барысында көрсеттті.

Мәтіннен салт - дәстүр көрінісін табу барысында оқушы Сайдалы Үмітгүл тұрмыс-салт жырларының ішінде бесік жырының ерекше орын алатындығын,дүние есігін жаңадан ашқан нәресте бесік жырымен өсетіндігі туралы ойын білдірді.

Шығарманың мазмұнын толық меңгерту үшін, шығармадағы кейіпкерлерді жан-жақты талдау мақсатында оқушыларға концептуалдық кесте таратып бердім. Бұл кесте арқылы түрлі кейіпкерлерді жан-жақты талдау арқылы өзіндік ой қалыптасады. Мұнда тек ойды ғана қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге кең ауқымды зерттеу жүргізуге болады. Бұл кестеде оқушылар Найман-Анадағы кейіпкерлерге талдау жасады. Бұл кестені берген себебім, оқушының ойлау қабілетін арттыру, кейіпкерлердің іс-әрекетіне сыни көзбен қарай білуін дамыту. Жауап алу кезінде Досмырза Жаннна деген оқушымның жауабы ұнады. Ол оқушы басқа оқушыларға қарағанда сыни көзбен қарай білді. Найман - Анаға жоғары, Жоламанға төмен баға,Жуан-жуандарға да төмен баға берді. Сол кезде Жаннаға неге Жоламан мен жуан-жуандарға төмен баға бердің деп сұрақ қойдым. Сондағы берген жауабы: Шығармамен танысқанымда жағымсыз кейіпкер жуан -жуандар екенін білдім.Бірақ Жоламанның іс-әрекетімен танысқаннан кейін оның жуан - жуандар сияқты жағымсыз қылықтарын байқадым.Сондықтан екеуіне де төмен баға бердім.

"Мәңгүрт" фильмінен үзінді көрсетілді.Осы үзіндіні көргеннен кейін оқушыларға сұрақтар берілді.Бұл фильмді көрсету арқылы оқушылардың өткен тарихымызды білетінін,еске түсіру арқылы хабардар болуын және шығарманың негізі тарихтан бастау алатындығын білгізу.Оқушылар тарихымызға шолу жасай отырып,сұрақтарға жауап берді.Қазақ тарихындағы ең ауыр кезең,ең ауыр зұлматты жылдарды еске түсірді.Шығарманың да сондай тарихи оқиғамен байланысы бар екендігін ұғынды. Сабағымның ойтолғаныс сатысында кейіпкерге хат жазу арқылы оқушылар Найман-Анаға деген ішкі жан толғаныстарын жазды.Хат жазу арқылы анаға деген сағыныштарын,ананың мұңлы бейнесін,ананың баласына деген үмітінің барлығын,ананың мейірімі шексіз екендігін ананы жұбату арқылы білдірді.

Бағалау кезеңінде оқушыларды формативті және критерий арқылы бағаладым. Формативті бағалауды смайликтер арқылы жүзеге асырдым. Ұйымдастыру кезеңінде таныстырып өткен бағалау критерийі арқылы бағалау жүргіздік. Үйге тапсырма беріліп, сабақ соңында кері байланыс алынды. Сабақты аяқтағаннан кейін оқушылардың кері байланыс парақшаларын алып оқыдым. Оқи отыра оқушыларға сабақ қатты ұнағаны байқалды. Өзіме есеп бере келе бағалаудан біраз қиналып қалдым. Бағалау критерийі арқылы ұпай сандарымен бағалауда нақтылық жетіспей жатыр. Бұл менің қателігім болар. Алдағы сабақтарымда осы қателіктерді болдырмауға тырысамын.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал