- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему 'Кітапханада' (3 класс)
Урок по казахскому языку на тему 'Кітапханада' (3 класс)
Солтүстік Қазақстан Облысы
Петропавл қаласы
«№7 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мухамеджанова Куралай Газизовна
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Кітапханада»
орыс тілінде оқытылатын 3-сынып
Сабақ тақырыбы:
Кітапханада
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
Білу(тану): Кітапхана тақырыбына қатысты сөздердің мағынасын білу.
Түсіну: Жаңа сөздерді, мәтіннің мазмұнын түсіну.
Қолдану:Етістіктің жіктелуін дұрыс қолдану.
Талдау: Кітапхана не үшін керек?
Жинақтау: Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтау үшін диалог құрастыру.
Бағалау: Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, әр топтың топ басшылары өздерінің бағалау парағындағындағы әр оқушының ұпайларын жинайды.
Күтілетін нәтижелер:
Кітапхана тақырыбына қатысты сөздердің мағынасын біледі.
Жаңа сөздерді, мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Етістіктің жіктелуін біледі.
Кітапхана не үшін керек екендігін біледі.
Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтау үшін диалог құрастыра алады.
Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, әр топтың топ басшылары өздерінің бағалау парағындағындағы әр оқушының ұпайларын жинайды.
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:
«Ой қозғау», «Бәйге», «Миға шабуыл», «Мозайка», «Мен саған, сен маған", «Кластер құру», «Коллаж», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Бағдаршам»
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру:
Топ басшысының бағалау парағы.
Қажетті ресурстар:
Қиылған қағаздар, сөздік дәптері, дәптер, кітап, слайд, түрлі - түсті маркерлер, кластер, коллаж, бағалау парағы.
Сабақ барысы
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Әдіс-тәсілдер
Ресурстар
3 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу.
Мақсаты: Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру.
- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Өз қонақжайлығымызды ұйымшылдық, тәртіп, ең бастысы сәлеміміз арқылы көрсетейік.
2. Топқа бөлу
Кітапхана суреттерін таратып, оқушыларды екі топқа бөлу.
Әр топқа топ басшысын сайлап алып, бағалаудың критерийлерін ұсыну.
Оқушылар шеңберге тұрып, хормен:
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Оқушылар қолдарындағы сурет қиықшаларынан кітапхана суреттерін жинау арқылы топқа бөлінеді.
«Ой қозғау» әдісі
Қиылған қағаздар
5 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын «Бәйге» әдісімен тексеремін
Оқушылар сандарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
«Бәйге» әдісі
2 мин
Оқушылар қазір сабағымыздың тақырыбын ашу үшін бәріміз мына видеоға назар аударайық. Интербелсенді тақтадан видео көрсету.
Балалар, видеода нелерді көрдіңдер?
Бұл кітапхана.
Оны қайдан білдіңдер?
Себебі, бұл суретте сөреде көп кітаптар, газет - журналдар бар.
Балалар, сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кітапханада» екенін анықтадық.
Оқушылар видеодан ненің суреті екенін тауып айтады.
Сабақтың тақырыбын видео көру арқылы ашады.
«Миға шабуыл» әдісі
АКТ
5 мин
Айтылым, оқылым
Білу:
Кітапханада тақырыбына байланысты сөздердің аудармасын білу.
Сабағымызға керекті жаңа сөздермен танысып, жұмыс жасайық. Слайдта жаңа сөздер суретпен беріледі. Қазақша - орысшасын оқимын. Сөздіктеріне жазғызамын.
Жаңа сөздер:
Кітапхана - библиотека
Орналасқан - находиться
Қызықты - интересные
Керекті - нужные
Мейірімді - вежливая
Кітапханашы - библиотекарь
Ертегілер - сказки
Балалар журналдары - детские журналы
Ұнайды - нравится
Әр топқа сөздер беріп, буын түрлерін айтқызамын. Жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырғызамын.
Слайдтан суретпен берілген жаңа сөздерді оқиды, сөздік дәптерлеріне жазады.
1.Топпен берілген сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін анықтайды.
1-топ. Кітапхана, қызықты, керекті
2 - топ. Ертегілер, кітапханашы, журналдар
«Мен саған, сен маған" әдісі
Сөздік дәптері
10 мин
Тыңдалым, оқылым
Түсіну:
Кітапханада мәтінімен танысамыз. Кітапханада мәтінінің мазмұнын түсіну керек.
Кітапханада
Біздің мектепте кітапхана бірінші қабатта орналасқан. Кітапхана таза, жарық, әдемі. Кітапханада қызықты, керекті, жақсы
кітаптар бар. Кітапханада түрлі газет - журналдар да көп. Оқушылар кітапханадан кітаптар алады. Кітапханада мейірімді кітапханашы Галина Ивановна жұмыс істейді. Маған ертегілер, балалар журналдары ұнайды.
Оқушылар мәтінге байланысты диалог құрастырады.
«Мен саған, сен маған" әдісі
Аудиотаспа
3 мин
Жазылым
Грамматикалық тапсырма
Осы мәтін бойынша грамматикалық тапсырма орындаймыз. Мәтін ішіндегі етістіктерді жіктеу
1 - топ.
Мен аламын
Сен ........
Сіз .......
Ол ........
2 - топ.
Мен барамын
Сен ......
Сіз .......
Ол ......
«Грамматикалық көпір» әдісі
1 мин
Сергіту сәті
Жаза, жаза жазуды,
Талып кетті қолымыз.
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Қайта сабақ бастаймыз.
Оқушылар қимыл арқылы сергіту сәтін орындайды.
тренинг
10 мин
Айтылым
Талдау:
Әр топқа тапсырма беріп, коллаж, кластер құрастырып, өздерінің орындаған тапсырмаларын ортаға шығып айтып, пікір алмасады.
Топ басшысы жұмысты қорғайды, соңында әр топтың жұмысын басқа топтар бағалау қажет.
Тапсырма бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, ортаға шығып, ой - пікірлерімен алмасу.
1-топ. Кітапхана тақырыбына байланысты коллаж құрастыру.
2-топ. «Біздің мектеп кітапханасы» тақырыбына кластер құрастыру.
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
Ватман, түрлі - түсті маркерлер
2 мин
Жазылым
Қолдану:
Тақырып бойынша тест жұмысын
орындау
1. Кітап алып оқитын орынды табыңыз.
а) Шеберхана ә) асхана б) кітапхана
2. Балалардың жақсы көретін әдебиетін табыңыз.
а) роман ә) өлеңдер б) ертегі
3. Кітапты қалай ұстау керек?
а) таңдау ә) ұқыпты б) жоғалту
4. Кітапхана нешінші қабатта орналасқан?
а) екінші ә) үшінші б) бірінші
5. Кітапханада кім жұмыс істейді?
а) кітапханашы ә) аспазшы б) сатушы
Оқушылар тест жұмысын орындайды.
Дәптер
2 мин
Бағалау: Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, әр топтың топ басшылары өздерінің бағалау парағындағы әр оқушының ұпайларын санайды.
Топ басшылары әр топ мүшесінің жинаған ұпайларын санайды.
Бағалау парағы
1 мин
Үй тапсырмасы:
«Кітапханада» мәтінін мазмұндау
№2 дәптер 50-бет, 3-тапсырма
Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Күнделік
2 мин
Рефлексия:
Оқушылар стикерге жапсырады.
«БББ»
әдісі
Стикер