7


Бақылау жұмысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 5 «Г» сынып І тоқсан бақылау жұмысы Тоғайда Дәулет әкесі екеуі ауыл сыртындағы тоғайды аралап келе жатты.Бұрын-соңды үйден алысқа шығып көрмеген кішкентай Дәулетке айналасындағы құбылыстың бәрі жұмбақ еді.Тоғайда неше түрлі ағаштар өскен.Бірі жуан ,бірі аласа.Біреуінің
предварительный просмотр материала

5 «Г» сынып

І тоқсан бақылау жұмысы

Тоғайда


Дәулет әкесі екеуі ауыл сыртындағы тоғайды аралап келе жатты.Бұрын-соңды үйден алысқа шығып көрмеген кішкентай Дәулетке айналасындағы құбылыстың бәрі жұмбақ еді.Тоғайда неше түрлі ағаштар өскен.Бірі жуан ,

бірі аласа.Біреуінің сыртқы қабығы қалың ,кедір-бұдыр,ана біреуінің қа-

бығы жұқа,жып-жылтыр.Әр ағаштың бұтақтары да әр түрлі екен.Күзгі жа-

пырақтар бейне бір төсеп тастаған текемет сияқты ұйысып жатыр .Жұп-жұмсақ.

Сары қанат шымшық,шөже торғай ,қараторғайлар бұтақтан-бұтаққа се-

кіріп,енді біреулері алаңқай жердегі бұталарды паналайды.

Қара қарғалар ағаштың басында отыр.

Дәулет сұрақты жаудырта жөнелді:

-Қарғалар ұясын қайда салады?

-Ағаштың сонау биік басына салады,балам,-деді әкесі.

(98 сөз)


Тапсырмалар:

І.Мынасөздердің тура мағынасын тап:

Тәтті ұйқы,тәтті қиял;

Иненің көзі,байлықтың көзі;

Өткір ой,өткір мінез.

ІІ.Сөздердің синонимдік қатарларын толықтыр:

Ауыру,..

Әрең,...

Тынығу,..

ІІІ.Мына сөздердің антонимін тап:

Үлкен,биік,жұқа,қатты,жіңішке.

ІV. «Тоғай»сөзінедыбыстық талдаужаса.

V. Омонимдерді бірбөлек,көп мағыналы сөздерді бөлек жаз:

Әңгіменің басы,қойдың басы,сөздің басы;

Ауыр жүк,ауыр сөз, ауыр мінез;

Қара шаш,балапанға жем шаш,кеш батты,суды кеш.

5 «Г» сынып

ІІ тоқсан бақылау жұмысы

Мейірім


Көктем.Мамыр айы маужырап ,қырат пен сай-саланы қыс бойы мекендеген қар еріп,сылдырап жылға-жылғамен ағады.Төңірек тегіс түрленіп,көк шөп қаулап өсуде.Ақ,сары,қызыл гүлдері,көздің жауын алған таубөктері түкті кілемдей құлпыра түскен.

Терең көлдің маңайы желқұстарының ызу қиқу шуылына толы.Біркүні Шопан қыстауының қорасына зып беріп ана үйрек ұшып кірді.Мұны Жасұлан байқап қалды да,дереу өжесіне келіп хабарлады.Өжесі екеуі күні бойы адыды, ана үйрек қораға ұя салыпты. Балапан басып алмақшы.

Жайлауға көшетін мезгілде жетті.Ана үйрек әлі қозғалмастан ұясында жатыр.Өже немересінің меселін қайтармай,құстың амандығын сақтап қалу үшін қыстауда қалып қойды.


Грамматикалық тапсырмалар


ІІІ деңгей 1.Мына сөздердің антонимін жаз.Терең,дереу,айтты,әрқашан.

2.Сөздік қор туралы на білесің?

ІІ деңгей 1.Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп,мағыналарын жаз.

2.Мына сөздерден ауыспалы мағына жаса.Ауыр,суық,тере,қиын.

І деңгей 1.Көнерген сөздердің мағынасын жаз және де сөйлем құрастыр.

Дулыға,уәзір,шаһар,байрақ.


Тест 5 «Г» сынып

І жартыжылдық

1.Тура мағыналы сөзді тап

А)момын адам

В)жуас адам

С)ақ ниетті

Д)терең ойлы

Е)ыстық ықылас

2.Көп мағыналы сөзді тап

А)қарт

В)бас

С)жауыз

Д)дала

Е)қалта

3.Омоним бола алатын сөзді тап

А)қағаз

В)кітап

С)бет

Д)мұқаба

Е)оқулық

4.Синонимдік қатарды тап

А)алыс,ұзақ,биік

В)түзу,тура,ұзын

С)қиын,оңай,оңаша

Д)алтын,күміс,қола

Е)дидар,ажар,келбет

5.Антонимдік жұпты тап

А)көне-жаңа

В)лашық-пана

С)әскер-жау

Д)сұм-қатесіз

Е)тағдыр-пешене

6.Қай сөз грек тілінде «сыпайы сөйлеймін» деген мағынаны білдіреді?

А)эвфемизм

В)дисфемизм

С)табу

Д)идиома

Е)архаизм

7.Дисфемизм тіркесті тап

А)ақсақ адам

В)көреген кісі

С)парасатты ақын

Д)жаралы жан

Е)бауырмал жігіт

8.Тарихи сөзді тап

А)статистика

В)видеокасссета

С)бәсеелестік

Д)приказ

Е)патша сарайы

9. «Архаизм»сөзінің мағынасы не?

А)жаңасөз

В)аймақтысөз

С)тарихи сөз

Д)терминдік сөз

Е)ежелгі,көне

10.Омоним бола алмайтын сөзді тап

А)қой

В)қала С)қол

Д)қате Е)қара


11.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді тап

А)Қолындағы аз ғана малын ермек етіп отыр.

В)Кіші інісі мектепті бітіргелі жатыр

С)Оның әжесі көп ертегі білетін

Д)Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.

Е)Алыстағы ауылдардың суға қатысты көптеген қиындықтары бар

12..Көп мағынаға ие бола алмайтын сөзді тап

А)бас

В)көз

С)аяқ

Д)қол

Е)шаш

13.Табуды тап

А)Келіннің Өзенбай ,Қойшыбай,Қасқырбай деген қайын ағалары бар

В)Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.

С)Келіншек болған оқиғаны қайын енесіне жеткізеді.

Д)Естіген жұрт келіншектің тапқырлығына тәнті болады.

Е)Қазақ салт-дәстүрінде келіндер өзінің қайындарын өз аттарымен атамайтын болған.

14.Эвфемизм бойынша «найзағай»сөзін қай сөзбен алмастыруға болады?

А)жай

В)гүріл С)түнгі жарылыс

Д)жасыл Е)табиғат құбылысы

15. «Жан тәсілім етті» сөзі қай сөзді ауыстырып тұр.

А)жараланды В)сырқаттанды

С)қан тапсырды Д)өлді

16.«ұялу»тұрақты сөз тіркесінің синонимі.

А)мұрыныншүйіру

В)табанын жалтырату С)кірерге жер таппау

Д)артына кір келтіру Е)жүрегі шайлығу

17. «Айнымаған» сөзі қай тұрақты тіркеспен сәйкес келеді?

А)аузына шайнап салған

В)аузынан салбырап түскендей

С)жер түбінен жеті қоян тапқандай

Д)ит терісін басына қаптау

Е)қой терісін жамылу

18.Мақалдың мағынасын анықта.

Келінім саған айтам,қызым сен тыңда.

А)білім туралы

В)ақыл-парасат

С)тәлім-тәрбие

Д)үлкенді құрметтеу

Е)ынтымақ,бірлік туралы

19.Қай қатар неологизм сөздерге жатады?

А)анализ,скидка

В)класс,лампа С)жарнама,теледидар

Д)градус,температура Е)хандық,барымта

20.Берілген сөздермен ауыспалы мағынада сөз тіркесін жаса.

Жылы,суық,биік

21.Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашып,сөйлемдер ойлап жаз.

Қас пен көздің арасында жоқ болу.Бетінен оты шықты.Жүрегі зу етті.

22.Мақал-мәтелдердің жалғасын жаз,антоним сөздердің астын сыз.

А)Баланың ұяты-әкеге,

..................................

ә)Көз қорқақ,

......................

Б)Жаманға шөп батады,

.........................................

23.Берілген сөздердің синонимдік қатарын жаса.

Тез,салқын,жақын.

24.Берілген тұрақты тіркестердің антонимін тап.

Таяқ тастам жер-...,Сужүрек-...,көз жұму-...

25.Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр.

Қазақ тілінен 5-сыныпқа арналған тест тапсырмалары


1.Тест тапсырмаларының мақсаты:

-Мемлекеттік стандарт талаптарының,оқу бағдарламасының орындалу деңгейін тексеру.

Тексеруге арналған тақырыптар :

Лексика:Сөздің тура және ауыспалы мағынасы,көп мағыналы,омоним,синоним,антоним сөздер,табу,эвфемизм мен дисфемизм,тұрақты тіркестер, көнерген сөздер,мақал-мәтелдер.


2.Тест мазмұнын анықтайтын құжат.

-орта мектеп курсының мемлекеттік стандарты.

-қазақ тілінде оқитын 5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы.

Астана 2010 ҚР БҒМ.


3.Тест тапсырмаларының құрылымы мен жоспары.

«Лексика»тақырыбы бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігінің өлшеуіші ретінде тест тапсырмалары пайдаланылады.Жұмыс 25 тапсырмадан тұрады.Тапсырмалар күрделенудің өсуі бойынша орналасқан.А блогы 19 сұрақтан тұрады. Оның ішінде 10сұрақ қайталаным,9 сұрақ қолдану деңгейіне арналған.Барлық сұрақтың жауаптары 5 нұсқадан тұрады.Дұрыс жауаптардың кілті қоса ұсынылады.

Б блогы 6 сұрақтан тұрады.Тапсырмалар күрделілігі жоғары,яғни шығармашылық деңгейге арналған.Бұл блокта ұсынылған сұрақтардың жауабы берілмеген.


4.Тапсырмалардың мазмұны мен әрекет түріне ,яғни деңгейлік белгілеріне байланысты орналасуы.


Мазмұны

Қайталаным

деңгейі

Қолдану деңгейі

Шығармашылық деңгейі

% қатынасы

40%

35%

25%

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

1

11,

20

көп мағыналы, омоним,

синоним,антоним сөздер

2,3,4,5,10

12,

23

табу,эвфемизм мен дисфемизм

6,7

13,14,15


тұрақты тіркестер мақал-мәтелдер


16,17,18

21,22,24,25

көнерген сөздер,

неологизм

8,9

19


Барлығы

10

9

6

5.Жұмыстың орындалуы 45 минутқа есептелген.

6.Тестің өзіндік белгісі.

Тапсырманың №

Тексерілетін элемент

А Блогы

1

Тура мағыналы сөз

2

Көп мағыналы сөз

3.

Омонимді тап

4

Синонимдік қатарды тап

5

Антонимдік жұпты тап

6,7.

Эвфемизм,дисфемизм

мағынасы

8,9

Тарихи,архаизм сөздерінің мағынасы

10

Омоним бола алмайтын сөз

11

Ауыспалы мғыналы сөздің қолданылуы

12

Көп мағыныға ие бола алмайтын сөз

13

Табу сөзді көрсет

14-15

Эвфемизм сөздерді басқа сөзбен ауыстыру

16-17

Тұрақты тіркестердің мағынасын анықта.

18

Мақалдың мағынасын анықта

19

Неологизмдік қатарды тап

Б Блогы

20-25

Тұрақты тіркестердің синонимдік,антонимдік қатарлары,мақал мен мәтел ұқсастығымен айырмашылығы.

Дұрыс жауаптың кілті

1.А

2.В

3.С

4.Е

5.А

6.А

7.А

8.Е

9.Е

10.Д

11.Д

12.Е

13.В

14.Д

15.Д

16.С

17.В

18.С

19.С

20-

21-

22-

23-

24-

25-

1. « Жаңа сөз» деген мағынаны білдіретін сөзді көрсет

А. Неологизм

В. Метафора

Д. Архаизм

Е. Теңеу

2. «Фразелогизм» сөзінің баламасын тап

А. Нақыл сөз

В. Үндестік заңы

Д. Тыйым сөздер

Е. Тұрақты тіркес

3. «Дыбыс» сөзі қай терминмен сәйкес келеді?

А. Лексика

В. Фонетика

Д. Морфология

Е. Синтаксис

4. Дифтонг дыбыстарды көрсет

А. А, о, ы

В. Ұ, ү, у

Д. Ъ, ь, й

Е) Я, ю, е

5. Жұп болып келетін қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды тап

А) П-б

В) Д-т

Д) қ-к

Е) с-ш

6. Сөздің басында кездеспейтін дауыссызды көрсет

А) Ң, п

В) Ғ, щ

Д) Һ, ң

Е) В, з

7. Сөздің ең кіші бөлшегі қалай аталады?

А) Сөз

В) Буын

Д) Дифтонг

Е) Дыбыс

8. Қай сөзде қате бар?

А) Әріпі

В) Халқы

Д) Ойна

Е) Алтау

9. Синоним сөздерді көрсет

А) Адам, жануар

В) Құмырсқа, қоян

Д) Күшті, мықты

Е) Мықты, әлжуас

10. Омоним болатын сөздерді анықта

А) Сарғыш

В) Тақ

Д) Тасбақа

Е) Керек

11. Кейінді ықпалдың әсерінен өзгеріске ұшыраған түбірді анықта

А) Темір

В) Жігіт

Д) Ана

Е) Мектеп

12. Көнерген сөзді анықта

А) Өзі оңбаған ант ұрған

В) Сексен түйе үстінде,

Алтын жағлан орнаған

Д) Отаның мен халқыңа қызмет ет

Е) Ол жанын шүберекке түйді

13. Қазақтың төл сөздерінде сөз аяғында келмейтін дыбыс

А) Д

В) Ң

Е) З

Е) П

14. Дыбыс және әріп санында айырмашылық бар сөзді арықта

А) Орман

В) Бояушы

Д) Қарауыл

Е) Кемеңгер

15. Орфографиялық заңдылыққа бағынбай тұрған сөзді анықта

А) Олар қалаға ерте аттанды

В) Ешкім үзіліске шыққан жоқ

Д) Далада қар жауып тұр

Е) Омар өз ойын ашып айталмады

16. Сөз тіркесі аралығындағы кейінді ықпалды анықта

А) Зиянкес

В) Сары ала

Д) Ала кептер

Е) Бұл кім?

17. Жазылуда түбірі өзгеріске ұшыраған кейінді ықпал

А) Түнгі дала

В) Олар шекарадан өтті

Д) Жүрегі бір жақсылықты сезгендей

Е) Бәрі бірге келді

18. Қай дыбыстар тізбегінде дыбыс үндестігі болмайды?

А) аа ( қара ала)

В) са ( бес алды)

Д) па ( жатып алды)

Е) еа ( келе алмады)

19. Эвфемизм бойынша «Найзағай» сөзін қай сөзбен алмастыруға болады?

А) Жай

В) Түнгі жарылыс

Д) Табиғат құбылысы

Е) Жасыл

20. «Асықпау, саспау», «іске дайын тұрды», «жасқанбау, сескенбеу», «жақтау, болысу», «қаһарлы», «жолы болды» - берілген сөздердің тұрақты тіркесті сыңарларын анықтап, дәлелде

« Асығы алшысынан түсу», «аузы алты қарыс», «арқаны кеңге салу», «ауыз жаласу», «айылын жимау», «алақанына түкірді»

21. Берілген сөйлемдердің түрлерін дұрыс белгілеп, дәлелде ( әрқайсы 2 мысалдан).

1. тұрақты тіркес. 2. мақал. 3. мәтел. 4. нақыл сөз

1.Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

2. Жерден жеті қоян тапқандай

3. Қорыққан бұрын жұдырықтар.

4. Сіркесі су көтермеу.

5. Соқыр атқа қотыр ат үйір.

6. Адамның ішкі сезімінің айнасы - сөз.

7. Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар.

8. Келінім саған айтам, келінім сен тыңда.

22. Сөзжасамның барлық түріне тоқталып, мысалмен дәлелде.

23. «Адамгершілік» тақырыбына ойтолғау жаз. Мәтін ішінде тұрақты тіркес, күрделі сөз ( қос сөз, біріккен сөз), нақыл сөздер болсын.

23. Орфографиялық, орфоэпиялық нормаға сүйене отырып 10 мысал тізбегін құрып, өзгеріске ұшырауын дәлелде.

24. Жақын - алыс

Батыр - қорқақ

Жомарт - сараң - берілген антонимдік жұптың әрқайсына тұрақты тіркесін тап.

25. Тұрақты тіркесті пайдаланып, сөйлем құра. (3 тіркес)


Тест. Лексика тарауы бойынша (5-сынып)

1.Синоним емес қатарды тап.

А.байсалды, байыпты.

Б. Шалғай, қашық.

В. Сәт, мезет.

Д. Ағайын, туыс.

Е. Көмескі, ескі.

2. Антонимдес сөз тіркесін тап.

А. Асқар тау, телегей теңіз.

Б. Кең дала, айдын көл.

В. Денсаулығы жоқ, ақшасы бар.

Д. Тал түсте, күз мезгілінде.

Е. Ала жаздай, қыс бойы.

3. Тура мағыналы сөзді тап.

А. Ашық терезе.

Б. Ашық дала.

В. Ашық мінез.

Д. Қолы ашық.

Е. Ашық әңгіме.

4. Тура мағыналы сөзді тап.

А. Момын кісі.

Б. Ақ ниет.

В. Терең ойлы.

Д. Ыстық ықылас.

Е. Алтын күз.

5. Синонимдік қатарды тап.

А. Алыс, ұзақ, биік.

Б. Түзу, тура, ұзын.

В. Қиын, оңай, оңаша.

Д. Алтын, күміс, қола.

Е. Дидар, ажар, келбет.

6. Антонимді тап.

А. Ит арқасы қиянда - таяқ тастам жер.

Б. Іші жылу - көз жұму.

В. Аяқ алысы - қолы жүру.

Д. Табаны жалтырау - қарасын батыру.

Е. Ат қою - айдар тағу.

7. Қайсысы «полисемия» сөзімен мағыналас?

А. Синоним

Б. Ауыспалы мағына

В. Тура мағына

Д. Көп мағыналы

Е. Омоним

8. Антонимді тап.

А. Уақ-түйек, майда-шүйде.

Б. Құт-береке мәз-мейрам.

В. Бүге-шүге, егжей-тегжей.

Д. Азын-аулақ, қым-қиғаш

Е. Жиі-жиі, анда-санда.

9. Ауру сөзінің синонимін тап.

А. Дауа, шипа, ем.

Б. Айна, әйнек, терезе.

В. Сырқат, кесел, науқас.

Е. Медбибі, дәрігер, дәріхана.

10.Төмендегі тіркестер қай топқа жатады? Қырғи қабақ, қырық пышақ.

А. Синоним

Б. Антоним

В. Тура мағыналы

Д. Омоним

Е. Полисемия

11. Тура мағыналы тіркесті тап.

А. Тісін қайрау

Б. Тіс қаққан

В. Тісі-тісіне тимеу

Д. Тіс жұлу

Е. Тісі батпау

12. Омоним бола алатын сөзді тап.

А. Қағаз

Б. Кітап

В. Жаз

Д. Мұқаба

Е. Оқулық

13. Асты сызылған сөздердің мағыналық түрін көрсет.

Айналайын, қарағым,

Бетіңе келмес қарағым.

А. Синоним

Б. Атноним

В. Тура мағыналы сөз

Д. Полисемия

Е. Омоним

14.Тілдегі барлық сөздердің жиынтығын не дейді?

А. Сөздік қор.

Б. Сөздік құрам.

В. Жаңа сөздер.

Д. Көнерген сөздер.

Е. Табу.

15. Тек қазақтың төл сөздерінің жиынтығын не дейді?

А. Сөздік құрам.

Б. Сөздік қор.

В. Тарихи сөздер.

Д. Кәсіби сөздер.

Е. Көнерген сөздер.

16. Қай сөйлемде дисфемизм бар?

А. Әлдекім зәресін ұшыру үшін әдейі істеп отырған сияқты.

Б. Екі батырдың бірі өліп, бірі қалсын.

В. Дулығасын шешпеген соң, оның түрін ешкім тани алмады.

Д. Ақындар айтысы екі күнге созылды.

Е. Үш сағат қана ұйықтады.

17. «Жас» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді тап.

А. Бұғанасы қатпаған.

Б. Қолы қышу.

В. Есі шығу.

Д. Сүттей ұю.

Е. Аяқ астында.

18. Дөрекі сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтуды тіл білімінде не дейді?

А. Фразеологизм.

Б. Дисфемизм.

В. Эвфемизм.

Д. Табу.

Е. Архаизм.

19.Айтуға тыйым салынған сөздерді тіл білімінде не дейді?

А. Фразеологизм.

Б. Дисфемизм.

В. Эвфемизм.

Д. Табу.

Е. Архаизм.

20. Көнерген сөздерді тап.

А. Пітір, садақа.

Б. Болыс, ауылнай.

В. Ораза, намаз.

Д. Тікұшақ, жолсерік.

Е. Құда түсу, келін түсіру.

Тест. Фонетика саласы бойынша (5-сынып)

1.Фонетика нені зерттейді?

А.тіл байлығын.

Б. Тіл жүйесін.

В. Тіл тарихын.

Д. Тіл дыбыстарын.

2. Тіл дыбыстары қалай жасалады?

А. Тек тілдің қатысуымен.

Б. Сөз арқылы.

В. Сөйлеу мүшелері арқылы.

Д. Екі заттың соқтығысуы арқылы.

3. Адамның тілі қандай тіл?

А. Дыбыстық тіл.

Б. Ым тілі.

В. Ишара тілі.

Д. Сазды тіл.

4. Барлық дыбыстың жасалуына қатысатын мүше қайсы?

А. Тіс.

Б. Тіл.

В. Таңдай.

Д. Тілшік.

5. «Әліпби» сөзі қай тілден алынған?

А. Қырғыз.

Б. Парсы.

В. Араб.

Д. өзбек.

6. «Әліпби» сөзінің білдіретін мағынасы.

А. Әріптердің жазылуы.

Б. Әріптердің дыбысталуы.

В. Әріптердің құрылысы.

Д. Әріптердің рет тәртібі.

7. Қазақстанда араб әліпбиі қай жылға дейін қолданылды?

А. 1921 ж.

Б. 1925 ж.

В. 1928 ж.

Д. 1929 ж.

8. Әріп дегеніміз дыбыстың несі?

А. Серігі.

Б. Таңбасы.

В. Айнасы.

Д. Тамыры.

9. Қазақстанда орыс әліпбиі қай жылдан бастап қолданалды?

А. 1921 ж.

Б. 1925 ж.

В. 1938 ж.

Д. 1940 ж.

10. Қазақ әліпбиінде төл дыбыс саны неше?

А. 5.

Б. 7.

В. 9.

Д. 8.

11. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?

А. Барлық дыбыстау мүшелері арқылы.

Б. Тек үн арқылы.

В. Сөз арқылы.

Д. Сөйлем арқылы.

12. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді?

А. Жақтың.

Б. Тілдің.

В. Еріннің.

Д. Тістің.

13. Дауыстыларды айтқанда ауа өкпеден қалай шығады?

А. Кедергісіз.

Б. Жылдам.

В. Кедергімен.

Д. Кешігіп.

14. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай ашық, қысаң болып бөлінеді?

А. Еріннің.

Б. Тістің.

В. Тілдің.

Д. Жақтың.

15. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай еріндік, езулік болып бөлінеді?

А. Жақтың.

Б. Тілдің.

В. Жақтың.

Д. Тістің.

16. Жіңішке дыбыстарды айтқанда тіл қандай қалыпта болады?

А. Тіл артқа шегінеді.

Б. Тіл алға созылады.

В. Тіл ортасы дөңгеленеді.

Д. Тіл сыртқа шығады.

17. Қазақтың төл сөздерінде қандай тәртіп сақталады?

А. Дыбыс саны.

Б. Дыбыс реті.

В. Дыбыс жүйесі.

Д. Дыбыс үндестігі.

18. Қандай сөздердің құрамындағы әріптердің бәрі бас әріптен басталады?

А. Қосарланған.

Б. Қысқарған.

В. Кірме.

Д. Көнерген.

19. Қай дыбыс буын талғайды?

А. А.

Б. Ә.

В. Б.

Д. В.

20. «Буын үндестігі» сөзінің синонимі қайсы?

А. Ассимиляция.

Б. Диссимиляция.

В. Синхрон.

Д. Сингармонизм.

21.қай сөзде буын түрінің бәрі бар?

А. Ақпарат

В. Салтанат

С. Жапалақ

Д. Оттары

22. Қай сөзде буын түрінің бәрі кездеспейді?

А. Ескіше

В. Ескерту

С. Естелік

Д. Естелікті

23. Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз

А. Арықша

В. Аралық

С. Арманда

Д. Арала

24. Тек тұйық буынды сөзді көрсетіңіз

А. Бу

В. Ой

С. Тер

Д. Жу

25. Қай сөз қате жазылып тұр

А. Граммдап

В. Граммафон

С. Грамшыл

Д. Грамға

Тест, фонетика саласы бойынша (5-сынып)


  1. Қай сөздің әріп пен дыбыс санында айырмашылық бар?

А. Иін

В. Ана

С. Айна

Д. Еламан

2. Езулік дауыстылар қатарын көрсетіңіз.

А. А,о,ұ

В. А,ә,е

С. А,б,в

Д. ө,у,ү

3. Құрамында тек езулік дауысты бар сөзді көрсетіңіз.

А. Ержүрек

В. әнел

С. әнуар

Д. Ермұрат

4. Құрамында тек еріндік дауыстылар бар сөзді көрсетіңіз.

А. Төре

В. өру

С. Ерулік

Д. Орын

5. Дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?

А. Үннен

В. Салдырдан

С. Үн мен салдырдан

Д. Тек дыбыстан

6. Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.

А. Әуезов

В. Құрманғазы

С. Балалық

Д. Шеберлік

7. Тәуелдік жалғау жалғанғанда соңғы дыбысы ұяңданатын сөзді көрсетіңіз.

А. Терек

В. Терең

С. Терезе

Д. Тербеу

8. Тәуелдік жалғау жалғанғанда соңғы дыбысы өзгермейтін сөзді көрсетіңіз

А. Қорап

В. Тарақ

С. Борыш

Д. Көлік

9. Қай сөзге қатаңнан басталатынқосымша жалғанбайды?

А. Үй

В. Кет

С. Өріс

Д. Дерек

10. Қай сөзге ұяңнан басталатын қосымша жалғанады?

А. Елдік

В. Сыйлық

С. Дүние

Д. Беріп

11. Үнді дыбысқа аяқталатын сөзді белгілеңіз.

А. Жеңіл

В. Төрт

С. Жеті

Д. Бұрғы

12. Құрамында жалаң буыны бар сөзді көрсетіңіз.

А. Алма

В. Алаша

С. Атқарды

Д. Аспан

13. Қазақтың төл сөзіне тән дыбыстық сипат қай сөзде сақталған?

А. Мұғалім

В. Кітабыңыз

С. Құдірет

Д. Оқушы

14.Қай сөзде бітеу буын жоқ?

А. Орталық.

Б. Ортаңғы.

В. Ортасы.

Д. Ортамен

15. Қандай сөз тасымалданбайды?

А. Қысқарған сөз.

Б. Адам аты.

В. Адам фамилиясы.

Д. Жер атауы.

15. Қай сөз тасымалданады?

А. Қия.

Б. Ою.

В. ҚазМу.

Д. Оюлы.

16. Қалай тасымалдаған дұрыс?

А. Қа-йық.

Б. Қ-айық.

В. Қай-ық.

Д. Қайы-қ.

17. Қандай сөзде жуан, жіңішке буындар араласып келмейді?

А. Біріккен.

Б. Кірме.

В. Қосарланған.

Д. Қазақтың төл сөзінде.

18.Қай сөзде буын үндестігі сақталмаған?

А. Жауынгер.

Б. Жапырақ.

В. Жылтыр.

Д. Желкен.

19. Қай сөзге жуан қосымша жалғанады?

А. Хирург.

Б. Парк.

В. Цех.

Д. Рөл.

20. Кейінді ықпал қай сөзде байқалады?

А. Жауып.

Б. Теріп.

В. Болып.

Д. Қалып.

21. Ілгерінді ықпал қай сөзде көрінеді?

А. Орақбай.

Б. Отыз бес.

В. Құрманбек.

Д. Құрмаш.

22. Қай қосымша үндестік заңына бағынбай жалғанған?

А. -лық, -лік

Б. - шы, -ші

В. -дар, -шы

Д. -гер, бен

23. «Орфоэпия» терминінің анықтамасы қайсы?

А. Дұрыс жазу ережелері.

Б. Дауысты дыбыстардың үндестігі.

В. Дұрыс айту ережелері.

Д. Тыныс белгілері.

24. Дауысты дыбысқа тән сипатты анықта.

А. Созуға келмейді.

Б. Буын құрайды.

В. Тасымалданбайды.

Д. Сөз басында ғана келеді.

25. Айтылуда дыбыстық өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсет.

А. Қаптесер.

Б. Бүгін.

В. Сарғыш.

Д. Әкел.

Тест (Лексика 5-сынып)

1.Лексика нені зерттейді?

А.Тіл дыбыстарын.

Б.Сөз мағынасын.

В.Сөз құрамын.

Д..Сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін.

2. Мағына деген не?

А.Сөздің атаған құбылысы, заты, нәрсесі.

Б.Дыбыстардың жиынтығы.

В.Сөздердің тіркесі.

Д.Әріптердің мағыналы жиынтығы.

3.Сөздің тура мағынасы деген не?

А.Сөздің туынды мағынасы.

Б.Сөздің ішкі мағынасы.

В.Сөздің бастапқы мағынасы.

Д.Сөздің қарама-қарсы мағынасы.

4.Көп мағыналы сөздің омонимнен айырмашылығы қандай?

А.Жазылуы, айтылуы бірдей.

Б.Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі.

В.Мағыналары арасында байланыс бар, сөз таптары бір.

Д.Мағыналары арасында байланыс жоқ, сөз таптары әр түрлі.

5.Тіл білімінің салаларын көрсет.

А.Фонетика, лексика, грамматика.

Б.Морфология, синтаксис, буын.

В.Грамматика, зат есім, етістік.

Д.Лексика, есімдік, одағай.

6.Мәндес сөздер деген не?

А.Мағыналары қарама-қарсы сөздер.

Б.Мағыналары жақын, жазылуы әр түрлі сөздер.

В. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

Д. Айтылуы бірдей, жазылуы басқа сөздер.

7.Қарсы мәндес сөздер деген не?

А.Жазылуы әр басқа, мағыналары ұқсас сөздер.

Б.Жазылуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.

В.Мағыналары қарама-қарсы сөздер.

Д.Мағыналары ұқсас сөздер.

8.Синоним емес қатарды көрсет.

А.Байсалды, байыпты, салмақты.

Б.Шалғай, қашық, таяу.

В.Сәт, мезет.

Д.Ескі,көмескі.

9.Антонимдес қатарды көрсет.

А.Асқар таудай, телегей теңіз.

Б.Ала жаздай, қысы бойы.

В. Тал түсте, күз мезгілінде.

Д.Кең дала, айдын көл.

10.Тура мағынала сөзді көрсет.

А.Ашық мінез.

Б.Ашық терезе.

В.Қолы ашық.

Д.Ашық әңгіме.


11.Тұрақты тіркестің баламасын тап. Бармағын шайнау

А.Жеңу.

Б.Жеңілу.

В.Қуану.

Д.Өкіну.

12.Қарсы мәндес тұрақты тіркесті тап.

А.Іші жылу-көз жұму.

Б.Ат ізін салмау-күн құрғатпау.

В.Ақ көңіл- тас жүрек.

Д.Ауыз бастырық беру- аузын майлау.

13.Берілген сөздің баламасын тап. Пысық.

А. Қой аузынан шөп алмас.

Б. Аузынан сөзі түскен.

В. Еті тірі.

Д.Саусағынан өнер тамған.

14.Полисемияны тап.

А.Бет.

Б.От.

В.Қате.

Д.Дала.

15.Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізуді не дейді?

А.Табу.

Б. Дисфемизм.

В.Метафора.

Д.Эвфемизм.

16.Дисфемизмді тап.

А.Барымта.

Б.Мылжың.

В.Ұлыма.

Д.Сөзуар.

17. «Кенже», «Төре жігіт» деген сөздер неге жатады?

А.Эвфемизм.

Б.Дисфемизм

В. Табу.

Д.Тұрақты тіркес.


18.Берілген сөздерді ауыспалы мағынада қолданып сөз тіркесін жаса.

Гүл, жылы, суық,, биік.


19.Берілген сөздердің синонимдік қатарын жаса.

Тез, салқын,жақын.


20.Берілген тұрақты тіркестердің антонимін тап.

Таяқ тастам жер- ..., Су жүрек-..., көз жұму-....


21.Қолданылу өрісі тар лексикаға қандай сөздер жатады?


22.Диалект сөздер неліктен пассив лексикаға жатады?


23.Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерге мысал келтір24. Интернационалдық термин сөздердің қазақша терминдерден айырмашылығы қандай?25.Берілген сөзге лексикалық талдау жаса. Там, бәтеңке.

Мазмұндама

Мақсаты:

  1. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сауатты жазуға, ойларын жүйелей білуге баулу.

  2. Сөздік қорларын кеңейту.

  3. Ойларын дәл, жүйелі жеткізуге, сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге, қөркем, сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.


Атымтай жомарт


Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұра, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп алып, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрапты:

  • Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ақша - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыға отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мәнісі не?

Атымтай жомарт былай дейді:

  • Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен өзімнен төмен бейшарадан жиреніп, көз салмай, кем - кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұра мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер үлгі алсын деймін. Үшінші: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем, еңбекпен табылған нан тәтті, сіңімді болады. Төртіншісі. ...дәулетті өзімсініп, орнына жаратпай, көбісін өзім ішіп -жеп, тұтынсам, мал берген иесіне күнәлы болармын деп қорқамын, - дейді.

Сөздік жұмысы

Жарлы -кедей

Желіккен көңіл - тоқшылық, баршылыққа үрену, ешнәрсе істемеу, ойнап-күлу

Бейнетіммен - еңбегіммен

Пұл - ақша

Күнәлы - мойнын күнә алу, күнахар болу

Кем - кетікке - жоқ - жұқана, кедей адамдарға

Деңгейлік тапсырма

Дауысты, дауыссыз дыбыстарға, буын, буын түрлеріне байланысты.

І деңгей


Ел қонбаса, жер жетім,

Құс қонбаса, көл жетім.

Кемпірі оқ шал жетім,

Иесі жоқ мал жетім.

Соқыр болса, көз жетім,

Тыңдамаған сөз жетім.

Доссыз қалса, ер жетім.

Жау қолында ел жетім.

Жапырақсыз бұтақ жетім,

Оқылмаса, кіпат жетім.

Тыңдаушысыз дана жетім,

Ата - анасыз бала жетім.

Қағазсыз қалам жетім,

Ақылсыз адам жетім.


  1. Қағазсыз - дыбыстық талдау

  2. Өлеңнің бірінші шумағын төмендегі сызба бойынша жікте.

Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік


қатаң

ұяң

үнді


  1. Буын жігін ажырат

    ашық

    тұйық

    бітеу


  2. Өлеңнен түсінгеніңді өз сөзіңмен жазып шық.

  3. Шағын эссе жаз.

ІІ дегей


Ел қонбаса, жер жетім,

Құс қонбаса, көл жетім.

Кемпірі оқ шал жетім,

Иесі жоқ мал жетім.

Соқыр болса, көз жетім,

Тыңдамаған сөз жетім.

Доссыз қалса, ер жетім.

Жау қолында ел жетім.

Жапырақсыз бұтақ жетім,

Оқылмаса, кіпат жетім.

Тыңдаушысыз дана жетім,

Ата - анасыз бала жетім.

Қағазсыз қалам жетім,

Ақылсыз адам жетім.


  1. Жапырақсыз - дыбыстық талдау.

  2. Өлеңнің екінші шумағын төмендегі сызба бойынша жікте.

Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік


қатаң

ұяң

үнді


  1. Буын жігін ажырат

    ашық

    тұйық

    бітеу


  2. Өлең кім туралы? Не туралы?

  3. Шағын эссе жаз.

ІІІ дегей


Ел қонбаса, жер жетім,

Құс қонбаса, көл жетім.

Кемпірі оқ шал жетім,

Иесі жоқ мал жетім.

Соқыр болса, көз жетім,

Тыңдамаған сөз жетім.

Доссыз қалса, ер жетім.

Жау қолында ел жетім.

Жапырақсыз бұтақ жетім,

Оқылмаса, кіпат жетім.

Тыңдаушысыз дана жетім,

Ата - анасыз бала жетім.

Қағазсыз қалам жетім,

Ақылсыз адам жетім.


  1. Құс, иесі - дыбыстық талдау.

  2. Өлеңнің үшінші шумағын төмендегі сызба бойынша жікте.

Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік


қатаң

ұяң

үнді


  1. Буын жігін ажырат

    ашық

    тұйық

    бітеу


  2. Өлеңнің идеясы мен тақырыбын анықта.

  3. Шағын эссе жаз


ІV тоқсан аралық бақылау жұмысы

Мақсаты: сөзжасамға байланысты аралық бақылау жұмысы

Оқушылардың сөзжасамға байланысты алған білімдерін бақылау;

Алған білімдерін грамматикалық тапсырмалар арқылы тәжірибеде қолдана білуін тексеру;

Оқушылардың сауаттылығын, есте сақтау және дұрыс қабылдау қабілеттерін арттыру

Жолаушылар

Ерте көктемнің суық, көңілсіз кешінде Аягөз қаласының бір мейрамханасында үш адамның басы бірікті. Бірі - бойшаң, сымбатты келген жасөспірім бала. Қалған екеуі - ауыл қазақтары.

Бірі - орта бойлы, қызылсары өңді, ерте кексейген жігіт. Бір көзіне ақ түскен. Онысы түріне жымиып күліп тұрған адамның райын береді. Бетінің қызылтамырланып, бұғағының салбырағанына қарап, өмірдің түрлі қызығына көп салынған адам екенін ажыратуға болар еді. Басына уытты сары түсті түлі малақай киген. Отызыншы жылдардың үлгісімен жасалған, бір жағы ойсырап иіліп кеткен қара сандықша немқұрайды нәшпен бұлғақтатып ұстайды.

Екіншісі - бүкіл бет - әлпетінен еріксіз бөгеліске шаршай келіскені сайрап көрініп тұрған орта жастардағы адам.


Грамматикалық тапсырма

  1. Мәтіннен сөзжасамның түрлеріне байланысқан сөздерді теріп жазып, жасалу жолын анықта.

  2. Біріккен сөздердің түбірлерін жеке алып қарстырып, беретін мағынасын тап.

  3. « Кексейген», « бұғағының», « малақай», « нәшпен» сөздерінің мағынасын түсіндіріп, синонимдік баламасын тап.

  4. Мәтіндегі ықпал әсерінен өзгеріске ұшыраған және ұшырайтын сөздер тізбегін құр.

  5. «қҚызылтамырланып», «мейрамханасында» сөздеріне құрамдық талдау жаса.

Өздік жұмысы

Мақсаты:

Сауаттылығына байланысы: күрделі сөздердің емлесі, мәтін ішіндегі қос сөздердің, біріккен және кіріккен сөзердің емлесі.

Грамматикалық тапсырма: лексика тарауына байланысты; фонетика тарауына байланысты; сөзжасамға байланысты біліктіліктерін тексеру.

Кейде әжем сол сөзді маған арнап айтқанда, мейірлене кеудесіне қысып, маңдайыма ыстық лебін тигізе иіскейтін. Сондықтан ол сөз маған барлық сөздердің құдіретіндей сезілетін. Ол сөз Айғыз әжемнің аузынан шыққан сайын, масаттанып, наздана түсетінмін, еркелейтінмін. «Мырзабек, айналайын» дегенде, жүрегім жылып қоя беретін.


І нұсқа


  1. Ұ әрпі соңғы буында кездесетін 3 сөзді тауып жаз.

  2. Мына сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге лексикалық талдау жаса.

Арқасына салды.

  1. Мәтіннен екі дерексіз зат есімді, ықпал әсерінен өзгеріске ұшыраған сөздерді теріп жаз.

  2. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасап, әрқайсысымен ауыспалы мағына сөйлем құрастыр немесе тұрақты тіркестерді тап.

« Бастау», « гулеу», күлімсіреу».


ІІ нұсқа


  1. Ө әрпі соңғы буында кездесетін 3 сөзді тауып жаз.

  2. Мына сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге лексикалық талдау жаса.

Отты қатты жақ.

  1. Мәтіннен екі жалқы есімді, орфоэпиялық заңдылыққа ұшырап тұрған сөздерді теріп жаз.

  2. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасап, әрқайсысымен ауыспалы мағына сөйлем құрастыр немесе тұрақты тіркестерді тап.

«Сұлулық», «өжеттілік», «қорқақ».


ІV тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты:

Сауаттылығына байланысы: күрделі сөздердің емлесі, мәтін ішіндегі қос сөздердің, біріккен және кіріккен сөзердің емлесі.

Грамматикалық тапсырма: лексика тарауына байланысты; фонетика тарауына байланысты; сөзжасамға байланысты біліктіліктерін тексеру.


Үкім


Ортада, дар қасындағы сәкіде төрт төлеңгіт кісендеулі Қайратты қоршап тұр. Жалаңаш қылыштары от сәулесімен жарқ - жұрқ етеді. Дар мен сәкінің төрт бұрышынан от жанып жатыр. Жарығы молая түссін деп төрт адам отқа үті-үстіне жарылған ағаштарды тастап жатыр. От жалыны адам бойындай көтерілген.

Түн тастай қараңғы. Иін тірескен құлдардың да түрлері түн қараңғысындай үрейлі, сұсты. Сәкінің бір бұрышында хан жаршысы. Екінші бұрышында екі жендет, екі жағынан ұстаған Құндыз. Түсі аппақ бордай, көзі жұмулы, тарқатылып кеткен ұзын шашы арқасы мен жерді жапқан қара шапан тәрізді.

Берке ханның жарлығы бойынша есірей құл мұсылман мешітінің қабырғасына сурет салғаны үшін көк шыбықпен жүз мәрте жазаланады екен. Жаршы сәкінің ортасында тұрған түлкі тымақты төлеңгітке қарады. Сірә, ол жендеттердің үлкені болуы керек.


Грамматикалық тапсырмалар

  1. Берілген сөздердің орфоэпиялық нормасын сақтап жаз.

Үкімет, Жанбота, бұрғы, қара ала.

  1. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге лексикалық талдау жаса.

  2. Мәтіннен көнерген сөздерді теріп жазып, беретін мағынасын түсіндір.

  3. Құдірет - берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

  4. Сөзжасамның 5 түріне мысал келтіре отырып дәлелде.


Жылдық бақылау жұмысы

Қазақ тілінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары


  1. Тест тапсырмаларының мақсаты:

  • Мемлекеттік стандарт талаптарының,, оқу бағдарламасының орындалу деңгейін тексеру

Тексеруге алынған тақырыптар:

  • лексика: сөздік қор, сөздік құрам, табу, тұрақты сөз тіркестері, жалпылама лексика және қолданылу аясы тар лексика.

  • фонетика: қазақ әліпбиі, дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын, буын түрлері, тасымал, үндестік заңы, орфография мен орфоэпия.

  • лексика: өткен тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс құрай білу.


  1. Тест мазмұнын анықтайтын құжат.

  • Орта мектеп курсының мемлекеттік стандарты

  • Мемлекеттік тілде оқитын 5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы.

Астана 2010 ҚР БҒМ


  1. Тест тапсырмаларының құрылымы мен жоспары.

« Лексика мен фонетика» тақырыбы бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігінің өлшеуіші ретінде тест тапсырмалары пайдаланылады. Жұмыс 25 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар күрделенудің өсуі бойынша орналасқан.

А блогы 19 сұрақтан тұрады. Оның ішінде 9 сұрақ қайталаным, 10 сұрақ

Қолдану деңгейіне арналған. Барлық сұрақтардың жауаптары 4 нұсқадан тұрады

дұрыс жауаптардың кілті қоса ұсынылады.

Б блогы сұрақтан тұрады. Тапсырмалар күрделілігі жоғары, яғни шы-

ғармашылық деңгейге арналған. Бұл блокта ұсынылған сұрақтардың жауабы

берілмеген.


  1. Тапсырмалардың мазмұны мен әрекет түріне, яғни деңгейлік белгілеріне байланысты орналасуы

Мазмұны

Қайталаным деңгейі

Қолдану деңгейі

Шығармашылық деңгейі

% қатынасы

40%

35%

25%

Лексика бөліміне арналған


Үндестік заңы, ілгерінді, кейінді ықпалдар


Фонетика бөліміне арналған


Дыбыстардың жасалу жолы


Орфография, орфоэпия


Барлығы

9

10

6

  1. Жұмыстың орындалуы 45 минутқа есептелген.

  2. Тестің өзіндік белгісі.


Тапсырманың №

Тексерілетін элемент

Дұрыс жауаптардың кілті


А БЛОГЫ


1

Мағынасына қарай сөзді дұрыс таба білу

А

2

Етістіктің шақ категориясы

Е

3

Мағынасына қарай дұрыс жауап беру

В

4

Фонетика саласына байланысты

Е

5

Фонетика саласына байланысты

А

6

Фонетика саласына байланысты

Д

7

Фонетика саласына байланысты

В

8

Орфография заңдылығы

А

9

Синоним сөздерге байланысты

Д

10

Сөздің шығу тарихы

В

11

Үдестік заңына байланысты

Е

12

Лексика тарауына байланысты

В

13

Сөздік қор мен сөздік құрам

А

14

Фонетика тарауына байланысты

В

15

Фонетика тарауына байланысты

Е

16

Фонетика тарауына байланысты

В

17

Үдестік тарауына байланысты

Д

18

Фонетика тарауына байланысты

В

19

Сөздің шығу тарихы

Е


Б БЛОГЫ


20

Тұрақты тіркеске байланысты


21

Лексика тарауына байланысты


22

Сөздердің жасалу жолдары


23

Шағын эссе жазу


24

Орфографиялық және орфоэпиялық ормаларға байланысты


25

Сөздік қор мен сөздік құрамға байланысты

  1. « Жаңа сөз» деген мағынаны білдіртін сөз.

  1. Неологизм

  2. Метафора

  3. Архаизм

  4. теңеу

  1. «Фразеологизм» сөзінің баламасын тап.

  1. Нақыл сөз

  2. Үндесік заңы

  3. Тыйым сөздер

  4. Тұрақты тіркес


  1. « Дыбыс» сөзі қай тіркеспен сәйкес келеді?

  1. Лексика

  2. Фонетика

  3. Морфология

  4. Синтаксис

  1. Дифтонг дыбыстарды көрсет.

  1. А, о, ы

  2. Ұ, ү, у

  3. Ь, ъ, й

  4. Я, ю, е

  1. Жұп болып келетін қатаң, ұяң дыбыстарды тап.

  1. П-б

  2. Д-т

  3. Қ-к

  4. С-ш

  1. Сөздің ең кіші бөлшегі қалай аталады?

  1. Сөз

  2. Буын

  3. Дифтонг

  4. Дыбыс

  1. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыздарды көрсет.

  1. Ң,п

  2. Ғ,щ

  3. Һ,ң

  4. В,з

  1. Қай сөзде қате бар?

  1. Әріпі

  2. Халқы

  3. Ойна

  4. Алтау

  1. Синоним сөздерді көрсет.

  1. Адам, жануар

  2. Құмырсқа, қоян

  3. Күшті, мықты

  4. Мықты, әлжуаз

  1. Омоним болатын сөзді анықта.

  1. Сарғыш

  2. Тақ

  3. Тасбақа

  4. Керек

  1. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсет.

  1. Темір

  2. Жігіт

  3. Ана

  4. Мектеп

  1. Көнерген сөзді анықта.

  1. Өзі ант ұрған оңбаған

  2. Сексен түйе үстінде,

Алтын жағлан орнаған


С. Отаның мен халқыңа қызмет ет

Д. Ол жанын шүбірекке түйді


  1. Қазақтың төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбыс.

  1. Д

  2. Ң

  3. З

  4. П

  1. Дыбыс және әріп санында айырмашылық бар сөзді анықта.

  1. Орман

  2. Бояушы

  3. Қарауыл

  4. Кемеңгер

  1. Орфографиялық заңдылыққа бағынбай тұрған сөзді анықта.

  1. Олар қалаға ерте аттанды

  2. Ешкім үзіліске шыққан жоқ

  3. Далада қар жауып тұр

  4. Омар өз ойын ашаып айталмады

  1. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды анықта.

  1. Зиянкес

  2. Сары ала

  3. Ала кептер

  4. Бұл кім?

  1. Жазылуында түбірі кейінді ықпалға ұшыраған сөзді анықта.

  1. Түнгі дала

  2. Олар шекарадан өтті

  3. Жүрегі бір жақсылықты сезгендей

  4. Бәрі бірге келді

  1. Қай дыбыстар тізбегінде дыбыс үндестігі болмайды?

  1. Аа ( қара ала)

  2. Са ( бас алды)

  3. Па ( жатып алды)

  4. Еа ( келе алмады)

  1. Эвфемизм бойынша « найзағай» сөзін қай сөзбен алмастыруға болады?

  1. Жай

  2. Түнгі жарылыс

  3. Табиғат құбылысы

  4. Жасыл

  1. Берілген сөздердің тұрақты тіркестегі жұптарын анықта « асықпау», «саспау», «іске дайын тұрды», «жасқанбау», «сескенбеу», «жақтау», «болысу»; « асығы алшысынан түсті», «аузы алты қарыс», «арқаны кеңге салу», «ауыз жаласу», «айылын жимау», «алақанына түкіру»

  2. Берілген тіркестердің түрлерін анықта ( әрқайсысы 2 мысалдан).

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

Жерден жеті қоян тапқандай.

Қорыққын бұрын жұдырықтар.

Сіркесі су көтермеу.

Соқыр атқа қотыр ат үйір.

Адамның ішкі сеземінің айнасы - сөз.

Балалы үй - базар,

Баласыз үй - мазар.

Келінім саған айтам, қызым сен тыңда.

Тұрақты тіркес.

Мақал.

Мәтел.

Нақыл сөз.

  1. Сөзжасамның әр түріне тоқталып, мысалмен дәлелде.

  2. Орфографиялық және орфоэпиялық нормаға сай 10 мысал тізбегін құрып, өзгеріске ұшырауын дәлелде.

  3. Жақын - алыс

Батыр - қорқақ

Жомарт - сараң

Берілген антонимдік жұптардың тұрақты тіркесін тап.

  1. « Адамгершілік» тақырыбына ойтолғау жаз. Мәтін ішінде кем дегенде бірнеше мақал - мәтел, тұрақты тіркес, қүрделі сөз ( қос сөз, біріккен), нақыл сөздер болсын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал