- Учителю
- 'Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша' тақырыбына арналған жаттығу жұмысы
'Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша' тақырыбына арналған жаттығу жұмысы
Сыныбы: 8 «в» , қазақ тілі
Мерзімі: 24.10.2015
Пән мұғалімі:Умбеталиева С.Н.
Тақырыбы: Жаттығу жұмысы (бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша тақырыбына)
Сабақтың мақсаты:
а) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіру, теорияны практикамен ұштастыруға үйрету, СКТ пайдалана отырып білімдерін кеңейту;
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: «Қарлы кесек», тіл дамыту, түсіндіру, талдау, СКТ, жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
1)42 - жаттығудың жалғасы.
2)СКТ.
3)«Қарлы кесек» әдісін пайдаланып ережелерді пысықтаймын.
Жаңа сабақ
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Бастауыш
Баяндауыш
Мысалдар
З.е
З.е
Ұстаз - ұлағатты есім.
Есімдік
З.е
Бұл - біздің ауыл.
Есімше тұлғалы етістік
З.е
Келген - Ажар.
Заттанған Сан.е
З.е
Алты - жұп сан.
Сан.е
Сан.е
Бес жердегі бес - жиырма бес.
Тұйық етістік
З.е
Іздену - білімпаз болудың басты шарты.
Бір сөз
Бір сөз
Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза.
Сан.е
(Тұрлаусыз мүше)
Жиырма -төртке бөлінеді.