- Учителю
- Казахский язык создердин байланысу турлерин каиталау 7 класс
Казахский язык создердин байланысу турлерин каиталау 7 класс
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлерін қайталу.
Мақсаты: Сөз тіркесінің байланысу түрлерін алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту.
-Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа, туған жерін сүюге баулу.
-Сөйлеу тәсілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақ әдісі: Деңгейлік тапсырмалар, сын тұрғысынан ойлау техникасы.
Сабақ түрі: Қайталау.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, кубик, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Сабақтың құрылысы:
-
Сабақтың құрылысы сөзжұмбақ
-
Деңгейге қарап бағалау. ІІІ топқа тапсырмалар беру.
-
Топтастыру стратегиясы.
-
Оқушы білімін бағалау.
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылардың назарын сабаққа аудару)
Сабақтың құпиясы:
-
Орынбасар сөз табы.
-
Бастауыш пен баяндауыштың байланысы.
-
«Бүгін келді» қандай байланыс?
-
Ілік септігі мен тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы
-
Орын тәртібі арқылы байланыс.
-
Сан есімнің түрі.
-
Сөз тіркесінің сыңары
-
Дұрыс айту заңы
-
Қимылдың амалын білдіретін сөз табы
-
С
И
Н
Т
А
К
С
И
С
«Синтаксис» деген сөзжұмбақты шешкеннен кейін бүгінгі сабақтын құпиясын тауып, ережесін еске түсіреміз.
Синтаксис -гректің «құрау», «біріктіру», «рет» мағынадағы сөзі.
Синтаксис-грамматиканың сөз тіркесі мен сөйлем туралы саласы.
І деңгей
-
Сөз тіркесі дегеніміз?
-
Сөз тіркесінің сынарларын ата?
-
Сөз тіркесінің сыңарлары қалай анықталады?
-
Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз қайсы?
-
Есімді сөз тіркесіне мысал келтір.
-
Етістікті сөз тіркесіне мысал келтір.
ІІ деңгей
Оқушылар мақал-мәтелден, нақыл сөздерден сөз тіркесін тауып, байланысу түрлеріне қарай талдау жасау керек.
-
Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.
Кітап оқудан-меңгеру етістікті тіркес.
Тыйылған адам-қабысу есімді тіркес.
Ойлаудан тыйылады-меңгеру етістікті тіркес.
Адам тыйылады-қиысу есімді тіркес.
-
Денсаулықты сақтау-әркімнің өзінің қолында.
Денсаулықты сақтау-меңгеру, етістікті тіркес.
Әркімнің қолында-матасу, есімді тіркес.
Өзінің қолында -қиысу, есімді тіркес.
-
Бірлігі мықты елдің белін ешкім сындыра алмайды.
Ешкім сындыра алмайды-қиысу, етістікті тіркес.
Белін сындыра алмайды-қиысу, етістікті тіркес.
Мықты елдің-қабысу, есімді тіркес.
Бірлігі мықты ел-қабысу, есімді тіркес.
-
Отан отбасынан басталады.
Отан басталады-қиысу, етістікті тіркес.
Отбасынан басталады-меңгеру, етістікті тіркес.
-
Ас-адамның арқауы.
Ас-арқауы-матасу, есімді тіркес.
Адамның арқауы-матасу, есімді тіркес.
-
Төмендегі сөздерді тақтадағы кестеге орналастырып жаз.
Анаңнын тілі, халқыңның тілі, оқудан қайту, адам баласы, бесікке салу, апай айтады, ол оқиды, бүгін келді, кешке қайту, епті адам, оқыған жігіт т.б.
-
Қиысу
Матасу
Меңгеру
Жанасу
Қабысу
ІІІ деңгей
«Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан » (Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы бойынша) 17, 21, 26 бағыт.
-
Үш тұғырлы тіл-заман талабы.
-
Оқусыз білім жоқ
-
Денсаулық-зор байлық
Бекіту: Топтастыру.
Сөздердің байланысу түрлері
Үйге тапсырма: І деңгей. Мақал-мәтелдерден сөздердің байланысу түрлеріне мысал жазу.
ІІ деңгей. «Әнші» әңгімесі бойынша сөз тіркестеріне талдау.
ІІІ деңгей. «Менің Отаным -Қазақстан» эссе жазу
Бағалау.
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудана
Северный орта мектебі
Тақырыбы:
«Сөздердің байланысу түрлерін қайталау»
7-класс
Өткізген: Б. Ибраева
қазақ тілі мен әдебиет
пәні мұғалімі.
2014-2015 оқу жылы