7


Конспект

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты:Балалардың алған біліміне қортынды жүргізе отырып, қайталау.Суреттерді пайдалана отырып әңгімелеуге,байланыстырып сөйлеуге үйрету.Сөздің ұйқасын табуды, сөздік қорын,қйялдарын дамыту.Ойын тапсырма ,ертегі арқылы,баланың ой-өрісін дамытуСөздік жұмыс: қар- снег,
предварительный просмотр материала

Мақсаты:Балалардың алған біліміне қортынды жүргізе отырып, қайталау.Суреттерді пайдалана отырып әңгімелеуге,байланыстырып сөйлеуге үйрету.Сөздің ұйқасын табуды, сөздік қорын,қйялдарын дамыту.Ойын тапсырма ,ертегі арқылы,баланың ой-өрісін дамыту

Сөздік жұмыс: қар- снег, қыс- зима

Көрнекіліктер:Қ ыстың суреттері, қар, төрт бұрыш қорапша, қолдан жасалған балта,шана

Жылулық шеңбері:

Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезені торлайды

Кейде ұлып,кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Қарға омбығып,бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады.

Тәрбиеші: Мен қай мезгіл туралы айттым?

Балалар : қыс мезгілі туралы.

Тәрбиеші:

Қар жауады ,күн суытады , аяз қысады, боран соғады.,

Тәрбиеші: Қыстағы қызықты ойындар туралы не білесіңдер?

Балалар: Шаңғы тебеміз, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз,қармен атысып ойнаймыз.

Тәрбиеші: Қыс мезгілі суық,болғанымен өте қызықты мезгіл екен, солай емеспе балалар?

Жұмбақ:Қыста ғана болады

Ұстанасаң қолың тоңады (Қар)

Бірде құстар дауласады,олар қардың,кәдімгі қардың қандай болатынын анықтай түседі. Ұшып жүріп сұрақ қояды:

-Қар қандай болушы еді?

-Алтындай жарқырап тұрады,-деп жауап береді таң.

-Көгілдір түсті,- дейді мұнтаздай таза аспан.

-Тастай суық,-деп жауап береді үйрек,тұмсығын қанатының астына тыға түсті.

-Жып-жылы шығар,-деп жауап қатады тауық.

-Жеп-жеңіл!Сондай жеңіл!-деп шу етеді жел.

-Сондай ауыр!Кереметтей ауыр!-деп күрсінедіағаш бұтақтары.

-Күмістей,әрине!-деп күлімсірейді аспандағы сұлу да,сымбатты ай.

Жер көкті шарлаған құстар алуан түрлі жауаптар естиді,бірақ олар әр түрлі болып шығады.

Тәрбиеші:Балалар қар қандай екен бізге қандай

Балалар жауабы: қар аппақ,суық.

Тәрбиеші:Біздің балаларымыздың тақпақтары бар екен.

Тәрбиеші:Балалар аяз деген не ? Бір ертегі көріп жіберейік сонда аяздың не екенін білеміз.

Ертегі: Екі аяз Әсет, Бекарыс (Бай)

Ғанимат, Қадырболат (Еңбек қор)

Екі аяз: Үлкен аяз, Диас

Кіші аяз Ерсат

Ағайынды екі аяз тоңған адамдарды , тоңған малдар мен аңдарды мазақтап күліп,өздері далада серуендеп жүреді.Бір кезде кіші аяз үлкеніне қарап:

-Ау,туысқан,босқа жүргенше, адамдарды үсітіп,қызығын көрсек қайтеді?-дейді.Сонда үлкені тұрып:

-Е,несі бар?Үсітеміз десек қолдан келмей ме?!Жүр анау үлкен жолға барайық та, алдымен кездескен адамды үсітейік,-дейді.

Екеуі соған келіседі де,жолға қарай жарыса жөнеледі.Бұлар анадай жерде келе жатқан екі шаналыны көреді.Оның бірінде үстіне аю ішік,басына түлкі тымақ,аяғына жаңа пима киген бір бай саудагер отырады.Екіншісінде үстіне тозығы жеткен жаман тон ,басына жұқа ескі тымақ , қолына жыртық қолғап киген шаруа келе жатады.Шаруа отын алу үшін тоғайға бұрылады.Ал саудагер қалаға қарай жөнеледі.

Бұл екеуін байқап тұрған кіші аяз үлкеніне:

-Сіз ана саудагерге барыңыз.Оның киімі тым жылы көрінеді.Менің шамам келмес.Мен ана киімі нашар отыншы шаруаға барып,оны тірідей қатырайын,-дейді.

Үлкен аяз:

-Айтқаның болсын,туысқан,-дейді де,екеуі әлгі екеуінің соңынан сықырлай жөнеледі.

Кешке таман екі аяз уәделі жерлерінде кездеседі.Үлкен аяз қуанышты.Ол қолын-қолына соғып, қарқ-қарқ күледі.Ал,кіші аяз ондай емес,жабырқаңқы.

-Е,қуаныштысыз ғой.Саудагерді үстіне алдыңыз ба?-дейді ол үлкен аязға.

-Үсітпегенде ше!?Қол-аяқ,бет-аузын түгел үсіттім!-дейді үлкен аяз қарқылдап.

-Апырай,оның киімі жақсы еді ғой.Не қып сізге бой берді екен ?-деді кіші аяз таңырқап.

-Мен оның қолғабының ,етігінің ішіне кіріп алдым.

Ол қимыл жасап,жаяу жүріп,мені киім ішінен қуып шығудың орнына,тоңған сайын бүрісіп, қозғалмастан шанасында отыра берді.Ал өзің не бітірдің?Отыншы бейшараны тірі қалдырдың ба?-дейді үлкен аяз.

Тірі қалдырмау қайда!Онан да өзің тірі құтылдың ба десейші!Мен оны тоғайға жеткізбей ,жол бойының өзінде-ақ үсітейін деп ,бара-ақ айқасып едім.Ол шанасынан секіріп түсіп,бет-аузын қолымен уқалап,қолын қолына,аяғын аяғына соққылап ,жүгіре басып,жаяу жүрді де отырды. Шанадан түскен соң,бұрынғысынан да күшейіп,жылынып кетті.Сонан кейін мен: «Тоқтай тұр, бәлем, тоғайға барған соң сілеңді қатырармын»,-дедім де, еріп отырдым.

Тоғайға келген соң,ол мені тіпті маңайына жуытпай қойды.Балталап ағаш кесіп, оны шанасына әкеп тиеді.Қатты қимылдаған сайын, тоңу былай тұрсын қайта ол мені мазақтап, сыртындағы тонын шешіп тастады,-деді.

Сонда үлкен аяз тұрып:

-Әй ,бауырым-ай,ақылсызсың-ау.Қимылдап әрекетте жүрген адамға ешбір аяздың әлі келмейтінін осы уақытқа дейін білмеуші ме едің?-депті.

Қарлы алаңда ойнау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал