7


  • Учителю
  • «Жас Ұландар» атты әскери-спорттық сайыс.

«Жас Ұландар» атты әскери-спорттық сайыс.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бекітемін»

мектеп директоры Р.И.Қожахметова


Тақырыбы: «Жас Ұландар» атты әскери-спорттық сайыс.


Мақсаты:


1. Жастардың Қазақстан қарулы күштеріне қызмет етуге дайындық

сапасын мектеп қабырғасынан бастап дағдыландыру.

  1. Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып,

астардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру.


Өтілетін орны: спорт алаңы

Отан ордан ыстық тауы орманы,

Күні кеше егемен ел болғаны.

Отан қорғау қасиетті борышың,

Бүгінгі шәкірт- ертеңгі ел қорғаны.


Қадірлі ұстаздар мен оқушылар !

Қазақстан Республикасын қорғау- оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті!- деп ата заңда көрсетілген осы мағыналы ұғымды өскелең ұрпақ жастайынан бойына сіңіріп өсуі керек.

Ата бабамыздың аңсап өткен егемендігіміз бізге оңайлықпен келмегені белгілі. Жасөспірімдерді мектеп қабырғасынан бастап әскери қызметке дайындау өз Отаны - Қазақстан Республикасымен оның халқы алдындағы жауапкершілігін ұғындыру алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің негізі болып табылады.


Сол мақсатта 7 мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуына және Ұлы Жеңіс күніне орай «Жас Ұландар» атты әскери- спорттық сайысымызды бастайық .


Төрешілер:


1.

2.

3.


Жүрегі де алып, өзі де алып арыстан

Қарулы қолы жау жағасында қарысқан.

Батыр елімнің семсер ұлдары бар әне,

Жаралған биік Рух пенен Жігер, Намыстан! деп сайысымызды

бастайық.

Кім-кімнің де жапырақ жаяр жері-Отан. Отансыз бақыт жоқ, сол себепті әрбір адам туған жерін, Отанын қастерлеу керек. «Отанды сүю- иманнан» деген терең қанатты сөз бар.Өйткені иманды адам өз Отанын сыйлап, қастерлей алады. Имансыз адам қадір қасиетін түсінбейді.

Мен қазақпын жаралған сүйек еттен,

Менде ар бар, мен де ой бар жан тербеткен.

Халқымның қарапайым бір ұлымын

Жанымды арым үшін құрбан еткен деп Бауыржан атамыз жырлағандай сөз кезегі кешімізге қонақ болып келіп отырған

1.

Жылдан жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің беделі артып келеді. Оған Отан алдындағы борышын өтеуге ынталы жастар санының өсуі дәлел. Бұдан бөлек, арнаулы және жоғарғы әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіруші жасөспірімдердің қатары да жыл сайын көбейіп келеді. Атап айтсақ Алтыүй ауылындағы Ә.Қастеев атындағы орта мектепті бітірген жас түлектердің ішінде Бекбосын Дияс ,Сұлтанов Оян, Шерипақын Мұстафа, Алматы қаласындағы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара акдемиясының курсанттары. Нұрмолда Ербол, Ақтөбе қаласындағы әскери авиация институты, Оңалбай Арман Алматы қаласында Құрлық әскери институты курсанты. Надек ауылында Бекенов Ержан Бақытжанұлы Ақтау қаласында теңіз флотынының курсанты.

Жүрегі де алып, өзі де алып арыстан

Қарулы қолы жау жағасында қарысқан.

Батыр елімнің семсер ұлдары бар әне,

Жаралған биік Рух пенен Жігер, Намыстан! деп келесі сөз кезегі:

2.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елім, жерім, Отаным , тілім, дінім деп, елі үшін бар күш қуатын жұмсауда. Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауында Отанымызды, елімізді алдыңғы қатарлы әлемнің 30 елінің қатарына қоссам деген ұлы мақсатты мүдде етті. Ал осындай ұлы мақсаттарға жету үшін бізге ең алдымен ынтымақ пен бірлік қажет, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуі керек. Отанды ешкім сатып ала алмайды. Еліміз бен жұртымыз біз үшін өте қымбат.


Ақын М.Жұмабаев жырлағандай

Сайыстың барысы:

1.Көп сайыс а) пневматикалық мылтықтан ату (топ басшылары)

ә) шалқалап жатып денені көтеру (қыздар )

б) гранат лақтыру (топпен)

2. Жалпы ұзындықққа секіру (топпен)

3. Оқ жатардағы оқты шашып, қайта жинау (ұлдар)

4. Тез есте сақтап қал! сайысы (қыздар)

5. Кедергілерден өтіп, 100 м жүгіру

6. Кір тасын көтеру (ұлдар)

7. Арқан тартыс (топпен)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал