- Учителю
- Сабақ жоспары қазақ әдебиеті 7 - сынып 'Қ. Аманжолов «Өзім туралы», «Ақын өлімі туралы аңыз»шығармаларының '
Сабақ жоспары қазақ әдебиеті 7 - сынып 'Қ. Аманжолов «Өзім туралы», «Ақын өлімі туралы аңыз»шығармаларының '
Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов «Өзім туралы», «Ақын өлімі туралы аңыз»шығармаларының тақырыптық-идеялық негізі.
Сабақтың мақсаты: 1.Шығармалардың мазмұнын,кейіпкерлер бейнесін, шығарманың тақырыптық-идеялық негізін тануға көмектесу. 2.Талдап,жинақтап ойлауын,пайымын дамыту,сөздік қорын жетілдіру. 3.Өзін-өзі тануға, патриотизмге баулу.
Сабақтың тегі: 1)Жаңа білім беру сабағы.2)Іскерлік пен дағдыны жаттықтыру. Сабақтың түрі: «Жигсо І,ІІ»стратегиясы.
Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Ғ.Мүсірепов әңгімелерінен қандай ой түйдіңіздер?
«Ананың анасы»әңгімесінің идеясы
«Боранды түнде»әңгімесінің идеясы
Ортақ ой түйін
Шығарманың құрылысы туралы оқып шық. (120-121-беттер)
Екі шығармаға талдау жаса.
Ортаға салу (талдау)
-Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
- I жақта баяндалған әңгіменің әсері қандай?
Қ.Аманжолов туралы әңгімелету (132-бетті оқыту)
«Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жаз.
-Өз бойындағы 10 жақсы қасиет, 3 дегеніңді ата.
Қ.Аманжолов өзі туралы не деген екен?
133-бетті оқу.
4.Өлеңнің негізінде қандай көңіл-күй басым?
-қайғы, мұң; -шаттық, қуану;
-берік сенім, үміт; -асқақ арман, өршіл мақсат; -өсиет-өнеге.
№1 Сарапшы парағы1.
Лирикалық кейіпкер немесе ақынның сезімін танытатын сөз, сөз тіркестері
Талдау жаса
2.Метафоралы қолданыстарға талдау жаса,мәнін аш.
3. «Кең жайдым дүниеге құшағымды...»тақырыбында ой-толғау жаз.
№2 Сарапшы парағы1.
Ақынның арманы,мақсат-тілегін танытатын сөз,сөз тіркестері
Талдау жаса
2.Эпитетті сөз қолданыстарын теріп жаз,мәнін аш.
3. «Адамзат сапарының мейманымыз...»тақырыбында ой-толғау жаз.
№3 Сарапшы парағы
Болашақ туралы ақын ойлары
Талдау,пікір,көзқарас
2.Ақынның өмір мен өлім туралы ойларын жазып,мәнін аш.
3. «Өзге емес,өзім айтам өз жайымда...»тақырыбында өзің туралы ой-толғау жаз немесе өлең шығар.
4.3.Әр топта ортағы салу.
5.Поэманы оқып шығу.
5.2Сөздік жұмысы
Мина-
Динамит-
Пілте-
5.3. 1.Соғыс сипатын танытатын сөздерді теріп жазу.
2.Соғыстың зұлматын танытатын сөздер.
3.Соғыстың аяусыз,қаныпезер әрекетін танытатын сөздер.
4.Теңеу,кейіптеу,эпитет сөздерді табу.
Батырдың сипаты
Пікір,көзқарас
6.Ұлттық сипатты танытатын сөз,сөз тіркестердің мәнін аш.
7.Үйге:1)Өлеңді жаттау.
2.)Поэманы көркемдік ерекшелігіне қарай талдау.
Тексерілді______________Досманова А