7


  • Учителю
  • 'Қазақшаңыз қалай?' 11-Сынып. Сайыс сценарийі.

'Қазақшаңыз қалай?' 11-Сынып. Сайыс сценарийі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қазақшаңыз қалай?» байқауы


Мақсаты:

-мемлекеттік тіл саясатын насихаттау;

-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;

- Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,

-мемлекеттік тілде жүргізілетін іс қағаздарының сапасын арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Негізгі кезең.

Жүргізуші:

- Тілім менің - қазынам, қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме, ана тіл, қасіретім.

Құрметті ұстаздар мен байқауға қатысушылар!

«Қазақшаңыз қалай?» атты тілдер мерекесіне арналған байқауына қош келдіңіздер.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1989 жылдың 20-қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі.

Қадыр Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәріне мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанан сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен ұйымдастырылған «Қазақшаңыз қалай?» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:- Бүгінгі байқау 5 кезең бойынша өтеді:

  • Өзін - өзі таныстыру (мұғалім өзі қалаған формада өзінің мамандығын, мектебін таныстырады)

  • Мәтінмен жұмыс (әңгімелеу)

  • Тапқыр болсаң, тауып көр (2 жұмбақтың жауабын табу)

  • «Білім көкжиегі» (блиц турнир 10 сұрақ беріледі)

  • Мақалды жалғастыр


Жүргізуші: -

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық,

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасын таныстырайық.

Сайыскерлерді бағалайтын әділқазылар алқасымен танысайық.


Әділқазылар мүшелері:

1. Ахметова Роза Камашевна - аудандық білім беру бөлімінің

2. Бураншеева Алтынтас Орыновна - аудандық білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері


3. Даулетова Алия Музафаровна - аудандық білім беру бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері


Жүргізуші:

  • Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

деп сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.


I кезең «Таныстыру». (мұғалім өзі қалаған формада өзінің мамандығын, мектебін таныстырады)


Жүргізуші:

  • Сүйемін өз тілімді - ана тілім,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген тыныс үнін.

II кезең мәтінмен жұмыс (әңгімелеу) бастайық.

Жүргізуші:

-Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!

Тілім менің, тілім менің - тірлігім!


III кезең «Тапқыр болсаң тауып көр» (2 жұмбақтың жауабын табу)


Жүргізуші: - Ана тілім қасиетті өз тілім,

Тілім үшін шаттанамын мен бүгін.

Өз тіліммен паш етемін өмірге

Қазағымның ата-салтын, дәстүрін.

YI кезең «Білім көкжиегі»

Жүргізуші: - Қазақ тілі - қасиетті бабамның ,

Қыр-сыры көп кеңдігіңдей даламның.

Тіл мәртебе, ұлт мерейі сәніміз

Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.

Y кезең Мақалды жалғастыр


Жүргізуші:

- Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты..., дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділқазыларымызға сөз берейік.


(сайыстың қорытындысы жасалып, сайыкерлеріміз марапатталады).

Жүргізуші: -Құрметті ұстаздар! «Қазақшаңыз қалай?» атты байқау өз мәресіне жетті. Тіл - басты байлығымыз, сәніміз, ата-бабамыздың ұлы мұрасы. Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін! Ана тілін ардақтайық ағайын!

Бүгінгі тілдер мерекесіне арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты сайымыз аяқталды! Келесі көріскенше, сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал