7


  • Учителю
  • Адыраспан - киелі шөп ғылыми жоба

Адыраспан - киелі шөп ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ ...................................................................................................3



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Адыраспан туралы ақиқат ................................................................4



2. 2 Дәрілік өсімдік - адыраспанның пайдасы .......................................7



2. 3 Өсімдіктің медицинада қолданылуы ................................................8



ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................................12



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................13



































Аңдатпа



№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің 4 «Б» сынып оқушысы Қайырбекова Кәмиләнің «Адыраспан - киелі шөп» атты ғылыми жобасы жергілікті жерде өсетін қасиетті шөптердің бірі адыраспанның қыр-сырын танытуға арналған.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Сыр өңірінің топырағында кең таралған адыраспан өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерімен жан-жақты таныстыра отырып, оның адам өміріндегі маңызын, шипалық қасиеттерін ашып көрсету

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Баспа материалдарын және өсімдіктер әлемі жайлы оқи отырып, адыраспанның пайдасы және қауіпі жайлы мәліметтер білуге мүмкіндік ашты.

Зерттеу жұмысының орындалу әдістері:

Биологиялық-салыстырмалы, топтастыру әдісі, талдау жинақтау әдісі.

Зерттеудің жаңалығы, нәтижесі:

Зерттеу барысында адыраспанға деген адамдардың көзқарасы адал ниетте екендігі анықталды.





















Кіріспе



«Сенің денеңнің қуаты - өсімдік шырынында»

Қытай дәрігері Шин Жон.



Дәрілік өсімдектермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-Насыр әл Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни, Әл-Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына ықпалы зор болды.

Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі - адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл-көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған. Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алколойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алколойдтері бар. Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «уарау Аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді.

Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін "дәрісіз ем-домды" дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек.





ІІ.Негізгі бөлім:

2. 1 Адыраспан туралы ақиқат



Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдік маңызы зор. "Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп тұр". "Дәріміз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздейік". "Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек…"Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден - жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедак, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан. Мәдени өсімдіктерден - капуста, сұлу сарымсақ, пияз, қарбыз, жүгері т.б. Соның ішіне адыраспан өсімдігінің орны ерекше. Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал.

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) - түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.

Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі - кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 - 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр-шілдеде гүлдейді. Жемісі</</font> - көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. Ол көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімденген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады.

Тостағаншасы - бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 - 2 см аталығы 15. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр , ұзындығы 3 - 4 мм, .үш ұшты төбешік тәрізді. Мамыр , шілде айында гүлдейді, шілде - тамыз да піседі. Қатты хош исі бар. Топтанып өседі . Жеке ірі бұтақтарында 150 - ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетіне өсіп өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады.

Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында басталып, күзге үсік болғанда аяқталады.

Сыр өңіріне топырағында кең таралған адыраспан өсімдігінің өзіндік ереткшеліктерімен жан-жақыт таныстыра отырып, оның адам өміріндегі маңызын, шипалық қасиеттерін ашып көрсету

Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәледен сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайды деп ойлаған.

Сыр өңіріне топырағында кең таралған адыраспан өсімдігінің өзіндік ереткшеліктерімен жан-жақыт таныстыра отырып, оның адам өміріндегі маңызын, шипалық қасиеттерін ашып көрсету

Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. Біріншіден, оны қауызы толып,









Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!









7



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал