7


'Мезгіл үстеу' (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 6- сынып


1-апта

3-күн 82-сабақ

08.04.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы

Мезгіл үстеу.


Сілтеме:

Жоспар (күнтізбелік жоспар)

Жалпы мақсаты:

Сөйлем ішінен мезгіл үстеуді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге жетелеу. Өз ойын еркін жеткізуге бағыт беру.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру

Оқыту нәтижесі:

Мезгіл үстеуді түсініп, сөйлемнің ішінен ажырата білу, қолдана білу.

Негізгі идея

Мезгіл үстеудің мағынасын әртүрлі мысалдар арқылы түсіндіріп,оларды бір-бірінен ажырата білу.

Ақпарат көздері

ОТК, интерактивті тақта,проэктр, үлестірме парақтар.

Әдіс-тәсіл түрлері

Миға шабуыл,сұрақ - жауап, топтық жұмыс,деңгейлік тапсырмалар, дарынды оқушылармен жұмыс.

Мұғалімнің сабақ барысы

(45 минутқа жоспарланған)

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен ортаға дөңгеленіп тұрамыз, қызыл түсті қолды бір-бірімізге тілек айта отырып беріп шығамыз.Оқушыларды топқа бөлу үшін 1,2,3,4 деген жазуы бар қағаздарды таратамын. 4 топқа оқушылар топтасады. Әр топтың басшысы, хатшысы, баяндамашысы бар. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау негізінде оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын, бағалау парағын әр топтың басшысына беремін.


Үй тапсырмасын тексеру

273-жаттығудың орындалуын тексеру. Сурет бойынша мәтін құрау.


Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін қолдану.

Миға шабуыл.


  • Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  • Үстеу қандай сөз табы?

  • Үстеудің құрамдық түрлері қандай?


Жаңа сабақты түсіндіру. Сыни тұрғыдан ойлауды қолдану. Топпен жұмыс.


Әр топқа тапсырма беріледі.1-топ «Жұлдыз», 2-топ «Ай», 3-топ «Ағаш», 4-топ «Адамның жасы» бейнеленген суреттерден жұмбақ құрастыру міндеттелінген. Құрамынан мезгіл үстеуді тауып, сұрақтар қою.

275-жаттығу. Ә) Берілген сөйлемдерді көшіріп жазу, қалай жасалғанын айту.


Сергіту сәті.

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Деңгейлік тапсырмалар.

А деңгейінің тапсырмасы:

1. Үстеу туралы айт және мысал келтір.

2. Мәтіннен үстеулерді тауып, мағынасын түрлеріне қарай ажырат.

Түн ортасы ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады.Әр жерде әлденемен шұғылданып ербеңдеген кісі.Сол бір тұста күбірлескен екі адамның сыбыры естілді, біз ілгері жүріп кеттік.

3. Төмендегі үстеулерді қатыстырып сөйлем құра. Биыл, былтыр, бүрсігүні, қолма-қол, тым, дәл, қаннен қаперсіз.

Б деңгейінің тапсырмасы:

1. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінетінін айт.

2. Құрамында мезгіл үстеуі бар мақал жаз. Ақылдының бірінші ісі кеше тынған.

3. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті үстеуді қойып жаз.

Адам деген ... қиындыққа төзеді деп кім ойлаған. Вагон ішіндегі адамның көптігі ... бөшкеге толтырып салған балықтай екен. Әр жерден ... сөздер, ат айдаған дыбыстар естіледі.

С деңгейінің тапсырмасы:

1. Үстеуге мақал-мәтелден мысал келтір.

2. Ішінде үстеуі бар жаңылтпаш шығарып көр.


Сыныптағы дарынды және талантты балаларды оқытуды қолдану.

Қосымша тапсырма

Қазақтың билері айтқан бір шешендік сөзін әңгімелеп бер, ішінен үстеуді тап.


Оқушылар берілген сурет бойынша мәтін құрап келеді. Өз сөздерімен мазмұнын айтады.


-- 9- зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөз, шылау, одағай.

-- Қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы.Үстеу қалай, қашан, қайда, не мақсатпен, қайдан, не себепті,т.б. сұрақтарға жауап береді.

-- Негізгі, туынды, күрделі.

Оқушылар топ болып жұмыс жасайды. Басшылар басқарып, хатшылар толтырып, баяндамашылар презентацияларын қорғайды.

  1. Санымыз қанша білмейміз, түнімен көз ілмейміз.

  2. Түнде бармын, күндіз жоқпын.

  3. Жазда жасыл торқа киеді, күзде сары тон киеді, қыста, суық аязда жалаңаш тұруды сүйеді.

  4. Таңертең төрт аяқты, түсте екі аяқты, кеште үш аяқты.

Оқушылар өз деңгейлерін таңдап, тапсырмаларды орындайды.


Дарынды оқушыға арналған қосымша тапсырма. Барлық деңгей тапсырмаларын және қосымша тапсырманы да орындайды.

Пайдаланылған құралдар

Таратпалы материалдар .

Үйге тапсырма

  1. Мезгіл үстеу, жасалу жолы.

  2. 276-жаттығу (орындалу шартын түсіндіру)


Рефлексия «Қос жазба күнделігі»

Не ұнады? Неліктен?


Оқушыларды бағалау


Оқушылар алған білім бойынша өз ойларын жазады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал