7


ҚАзақ тілі. 11 сынып. ҚАйталау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 11-сынып

Пән аты: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыпты қайталау бойынша алған білімдерін жетілдіріу.

Міндеттері:

1)Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.

2)Дамытушылық: Әлекметтік тұрмыстық ая жайында алған білімдерін дамыту.

3)Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қазақ халқының дәстүрін құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың типі: Білік пен дағдыны жүйелеу, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту, «ортадағы қалам» стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2.Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,білу.

II. Өткен сабақты қайталау:

1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1) -Балалар, біз сендермен бүгін І тоқсан бойы өткен тақырыптарымызды қайталаймыз.

- Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, дәптерлеріне жазыңдар.


1 -тапсырманы 79 - беттегі мәтінмен жұмыс.

Тақтамен жұмыс

2 - тапсырма.

Ақ үйлер мен отаулар, қонақүй арасында асығыс жүргендер көп.

Сөйлемге морфологиялық, лексикалық,фонетикалық талдау жасау.

3 - тапсырма.

39-беттегі мәтінді аударыңдар.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты бекіту.

V. Сабақты қорыту:

Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.

VI. Үй тапсырмасын беру: Өткен сабақтар бойынша сөздіктерді қайталау,тақырыптарды қайталау.

VII. Бағалау: Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал