- Учителю
 - Урок 'Көбейту кестесі' 5кл
 
Урок 'Көбейту кестесі' 5кл
 
Cынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Көбейту кестесі
Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушылардың сан есім бойынша алған білімдерін жинақтау, бекіту, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге машықтандыру, жүйелі сөйлеу, мәнерлеп оқу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік : Отанды сүйіп, туған жерді аялай білуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
(Жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу)
Танысу
-  
Менің атым Айнагүл Айтпайқызы. Мен 13 желтоқсан айында тудым.
 -  
Енді сіздермен танысайық.
 -  
Сен қай айда тудың? Мен қаңтарда тудым.
 -  
Сенің туған күнің қашан? Менің туған күнім - 12 қаңтар
 
І. Ой шақыру
К - бір аптада ... күн бар?
Ө- мынау ненің суреті?
Б- аптаның төртінші күні?
Е - «сказка» сөзінің аудармасы
Й - мынау ненің суреті
Т- « сутки» сөзінің аудармасы
У - сағат нені көрсетеді?
-  
Сонымен біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты
 -  
Көбейту кестесі.
 
 
Мағынаны тану.
І. Мәтінмен жұмыс.
Көбейту кестесі.
Менің немерем зерек. Естігенін қолма- қол қайталап айтып береді. Ол өзі ынталы. Көп сұрайды. Ол білсем екен дейді де тұрады. Қазірдің өзінде бірнеше әріпті танып қалды. Онға дейінгі сандарды жақсы ажырата біледі.
-  
Ата, мынау - бірінші автобус.
 -  
Ата, екі санда автобус келіп тоқтады.
 -  
Ата, тоғызыншы автобус келіп тоқтады, - деп тақылдап тұрғаны.
 -  
Ата, төртінші автобус келе жатыр, - деп машинаға ұмтылды. Мен автобустың маңдайындағы санға қарап:
 -  
Бұл төртінші автобус емес, жиырма екінші автобус, - дедім.
 -  
Бұл - төртінші. Сіздің өзіңіз маған екі жерде екі төрт болады деп үйреткен жоқсыз ба? - деді немерем.
 -  
Немереңіз есепке жүйрік болайын деп аялдамағылар күлісіп алды.
 
« Көктем» тобына тапсырма
Сан есімдерді теріп жазу ,сұрақтар қойыңдар.
« Жаз» тобына тапсырма
Мәтінді рөлге бөліп оқу
« Күз» тобына тапсырма
Мәтіндегі сан есімдерді құрамына қарай т а л д а ң д а р.
« Қыс» тобына тапсырма
Атасы мен немересінің әңгімесі не туралы?
Полиглот ойыны. Мақал - мәтелдерді оқу, берілген сан есімдерді үш тілде айту. (қазақ, орыс, ағылшын)
1.Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
Алтау ала болса , ауыздағы кетер.
2.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
3.Білгенің -бір тоғыз, білмегенің -тоқсан тоғыз
4.Бес саусақ бірдей емес.
5.Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
6.Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні бар.
7.Екі кісі қағысса, Бір кісіге орын бар.
8. Бірінші байлық- денсаулық,
Екінші байлық- ақ жаулық,
Үшінші байлық- он саулық.
 
Бақытты сәт ойыны
 
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойыны. Жұмбақ жасыру
-  
Бір, үш, бес, он.
 
Жиырма, елу, жүз, текі жүз, мыңы бар. (теңге)
-  
Ағайыңды жетеуінің ,
 
Бесеуінің жұмысы бар,
Жұмысы жоқ екеуінің. Бұл не? (апта)
-  
Білімі жетсе, шамасы
 
Алатын алар аласы
Бір мен бестің арасы. Бұл не? (мектеп бағалары)
 
-  
Он екіге жетіп, жүрген кері кетіп. Бұл не? (сағат)
 
ІІІ. Ой толғау
« Сиқырлы сандар сөйлейді»
-  
Балалар, бұл - сиқырлы сандар. Әр санның өз құпиясы бар. Сандардың құпиясына тоқталайық. Сандарды рет- ретімен ашамыз.
 
16 - желтоқсан. Тәуелсіздік күні.
1991- тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев сайланды
1993- Ұлттық валюта теңге қабылданды
1997- Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болды.
2006- еліміздің жаңа Әнұраны қабылданды
2011- Қазақстанда Астана - Алматы Азияда қысқы спорт ойыны өтті
-  
Сонымен сабағымызды қорытындылай келе Қазақстан туралы әр топ шағын әңгіме, эссе жазу
 
(слайд, музыка)
Үйге тапсырма: 5,6 тапсырма 154 бет
Бағалау :