7


  • Учителю
  • Эссе әдептіліктің алтын ережелері

Эссе әдептіліктің алтын ережелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Эссе «Әдептіліктің алтын ережелері»

Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да, өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп, көңіліне нұр шашады, әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады. Халық әдебі "Сіз" деген сөзден басталады. Бұл сөз - сыйласымды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс - қимылына тәуелденіп айтылғанда, бұл сөз "ыңыз", "іңіз" қосымшалары арқылы сыпайылық мәнін арттырады. Мысалы, дастарқан мәзірінде "астан алыңыз", құрметтеу ниетін айтқанда "төрге шығыңыз", т.т. Қазақ халқында өзінен біраз жасы үлкен болсын, кіші болсын, бейтаныс адамға "Сіз" деп сөйлеу салтқа айналған. Өмірінде қателеспейтін адам жоқ, аңғалдық жасап, байқамай қалатын кемшіліктер әркімде бар. Мұндай кемшіліктер екінші бір адамның көңіліне қаяу салып, кейітуі мүмкін, жеке адамның әдептен озып, опықтануы басқаға да әсерін тигізеді. Осындай жағдайда "кешіріңіз", "ғапу етіңіз" деген сөздерді айтып, өз кемшілігін мойындаған адам әдептілік көрсетеді. Ол әдепті сөздерге "оқасы жоқ" деп жауап беру де әдептілік болып табылады. Әдептілікті білдіретін, мәдениеттілікті көрсететін сөздер - құрметтеу, ардақтау, бағалау сөздер: "Аса құрметті атамыз, біз, сізден тараған ұрпақтарыңыз, сіздің тоқсан жылдық торқалы тойыңызды зор құрметпен тойлағалы отырмыз !", "Ардақты анамыз, аялап өсірген балаларыңыз сіздің ақ сүтіңізді ақтау үшін өзіңізге өмір бақи ризашылықпен қызмет етеді !". Міне, осындай ардақтау, құрметтеу сөздерден соң ата - ана, үлкен адамдар жақсы тілекті батасын береді. Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер де жатады. Ағасы інісіне, не қарындасына "жаным", "күнім", "айым", "алтыным" десе, әкесі не шешесі, ағасы жас балаға "ботам", "құлыным" дейді, бала атасына "аташым", апасына "апатайым", ағасына "ағатайым" деп сөйлейді. Басқа адамнан көрген қызмет пен жақсылық үшін "рақмет" айту да әдептілікке жатады. Бұл сөзге "денсаулығыңызға бұйырсын", "көңіліңіз қош болсын", т.б. жауап айтылады. Жақсылыққа жақсы сөз айтып, ризашылық білдірмеу әдепсіздік болады. Үлкен адамға қызмет ету үшін немесе оның тарапына қарай бір іс - әрекет жасау үшін, "рұқсат етіңіз", "мүмкін бе?", "мархабат етіңіз", "мүмкін болса", "ренжімесеңіз" деген сияқты уәж сөздер айту әрі мәдениеттілікті, әрі әдептілікті көрсетеді. Үлкен адамның алдында дөрекі қимыл жасап, сөкет сөздер айту әдептілік емес. Әдепсіздік деген сөздің баламасы - "ақымақтық, нақұрыстық". Әдепсіз адам - бақытсыз. Ол өз бақытын өзі тебеді, өзіне-өзі бақытты өмір жасай алмайды. Әдепті сөздер - ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам - мәдениетті де әдепті адам.

</

Алматы облысы Іле ауданы №39 гимназия

Орындаған Ахметжан Ғазиза

Сыныбы 5 «В»







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал