7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі 'Есімдіктің түрленуі' (7 сынып)

ҚАзақ тілі 'Есімдіктің түрленуі' (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Атырау облысы Жылыой ауданы

№ 22 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Дәріғалиева Гүлжазира Сағынқызы


Сыныбы: 7 Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктерден түрленуінен өткенді қайталау

Мақсаты: Оқушылардың есімдіктердің түрленуінен алған білімдерін пысықтау,

Нәтижесі: Есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратады, сөйлем мүшелерінің қызметінде талдады, түрлену жолын меңгерді.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекілігі: түрлі түсті бор, суреттер, оқулық, схема парақшалар, т.б.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Қайталау сабағы

Оқушылар топқа бөлінеді.

1. « Кім жылдам?» ойыны

1-топ Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің (мен, сен, ол, бұл, сол, осы ) септелуін үлгісін көрсетіңіз

2-топ Сұрау, өздік есімдіктерінің (кім? не? қайсы? өзім, өзің, өзі) септелуін үлгісін көрсетіңіз

3-топ Белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктерінің (біреу, әркім, ешкім, бәрі) септелуін үлгісін көрсетіңіз

2. «Суреттер сөйлейді» Суреттерден есімдіктің мағыналық түрлерін қатыстыра отырып, мәтін құра. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз

3. Сәйкестендіріңіз

Есімдіктің мағыналық түрлері

Есімдіктің мағыналық түрлері қатысқан сөйлем түрлері

Жіктеу есімдігі

Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тағы да тыңдағысы келді

Сілтеу есімдігі

Дүние жүзіндегі барлық халық бейбітшілікті сүйеді.

Сұрау есімдігі

Өзі білімнен кенде қалған жан оқу атаулыға қатты табынатын.

Өздік есімдігі

Біреу кіріп, біреу шығып, сапырылысып жатыр.

Белгісіздік есімдігі

Мен жаспын, мен өмір сүргім келеді

Болымсыздық есімдігі

Ер- азаматтар қайда?Атына неге мінбейді?

Жалпылау есімдігі

Есбол ешқайсысына жауап қайырған жоқ.


4. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.

Қорытынды. 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары

Үй тапсырмасы. Есімдіктің мағыналық түрлерін қатыстыра отырып, «Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында ойтолға



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал