- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Біржан сал-ақын, Біржан әндері
Сабақтың тақырыбы: Біржан сал-ақын, Біржан әндері
Досова З.Т.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пәні:қазақ әдебиеті,10-класс
Сабақтың тақырыбы: Біржан сал-ақын,
Біржан әндері
Мақсаты:а)Біржан салдың сол заманның бай,болыс-билеріне бас имеген ақын екендігін, Біржан әндерінің белгілі бір жағдайға ,тақырыбыпқа байланысты туатындығын ұғындыру;
ә)Өнерді құрметтеуге,эстетикалық сезім,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
б)ойлау,танымдық қасиеттерін дамыту,өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру;
Күтілетін нәтижелер
1.Ұсынылған мәселе бойынша өз көзқарасын жеткізе біледі;
2.Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады.
3.Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі көрінеді.
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың түрі:іздену:зерттеу сабағы
Әдістері:СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс:тарих,музыка
Көрнекілігі:слайдтар, «Біржан Сал» фильмінен үзінділер,ән жазылған таспа
Барысы: І Ұйымдастыру
«Мақал құрастыру» әдісі арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
ІІ Қызығушылықты ояту
«Тәуелсіз зерттеу»
Үйге берілген тапсырма «Әнші Біржанның ақын Абаймен шығармашылық байланысы» туралы өз ойларын ортаға салады.
-Біржанға атасы Қожағұлдың тәрбиесі қалай әсер етті?
-Ақын трагедиясы неде?
ІІІ Мағынаны ашу
1)«ЖИГСО» стратегиясы
Топтарға мәтіндер бөліп беру.
1-топ «Ақтентек» әнінің шығу тарихы
2-топ «Жанбота»әнінің шығу тарихы
3-топ «Ләйлім шырақ»әні туралы
Мұғалім қосымша түсіндірмесі:
1.Біздің заманымызға Біржанның барлығы 60-тан астам әндері жетіп отыр.
2.Жамбас сипар лириканың керемет үлгісі
«Қазақ әдебиетінің тарихы:ХІХғ.ІІжарты (1850-1900)»
А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» еңбектерінен мысалдар келтіру.
(слайдтар арқылы түсіндіру,әндерін тыңдату)
2.Оқушыларға өлеңдерін оқыту.
3. «Талдау»
Оқушыларға өлең құрылысына талдату,ерекшеліктерін аңғарту.
ІV Ой толғаныс
«Хат»ойыны арқылы оқушылар сұрақтар құрайды,жауаптарын табады.
V Қорытынды
Біржанның ақындығы,әншілігі,композиторлығы біздің мәдени жұртшылығымызға толық танылған,жаңа мәдениетіміздің сарқылмас асыл қазынасы.
(кинодан үзінді)
VІ Үйге тапсырма:Айтыстары туралы мәлімет жинақтау
VІІ Бағалау