7


  • Учителю
  • Деңгейлік тапсырма: есімше мен көсемше

Деңгейлік тапсырма: есімше мен көсемше

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Есімше, көсемше
І деңгей І нұсқа
  1. Мақал-мәтелдерді жаттап, олардың мағынасын түсіндір. Есімшенің жұрнақтарын ажырат.
Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер. Денсаулықты сақтап, байытатын - қимыл- қозғалыс. Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.
  1. Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыр.
Таба білген, барып келейін, шашқалы отыр, тілек тілеп.
  1. Берілген етістіктерден көсемше жасау.
Үлгі: қалан- ып, қалан- ғалы, қалан- а.
Отыр, айт, жүр.
ІІ деңгей
  1. Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жаса.
Түседі, барады, сөйлеппін.
  1. Өлең жолдарынан есімше жасап тұрған жұрнақтарды тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндір.
Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған, Оқ тиіп, он үшінде ой түсіріп,
Қалмаған түк қасиет қазақ азған. Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
Байға мал, оқыған шен мақсат боп, Алданып жегеніме оны ұмытсам,
Ойлайтын жұрттың қамын адам азған. Болғандай жегенімнің бәрі қарам
* * * * *
...Тек жүрсе, тоқ жүрмекті ...Біз жанбасақ лапылдап
Қиын деме білмекті. Аспан қалай ашылмақ.
ІІІ деңгей
Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жікте
Ү л г і : Білмей: білмей+мін, білмей+сің, білмей+сіз; білмей+ді;
білмей+міз, білмей+сіңдер, білмей+ді.
Айтып, барып, келіп, жібере, бере.


Есімше, көсемше
І деңгей ІІ нұсқа
  1. Мақал-мәтелдерді жаттап, олардың мағынасын түсіндір. Есімшенің жұрнақтарын ажырат.
Көрмес түйені де көрмес. Толған ел - тарихын таспен жазады. Тозған ел - тарихын жаспен жазады. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.


  1. Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыр.
Тізе қосып, көре алмайды, ауырып отырған.


  1. Берілген етістіктерден көсемше жасау.
Үлгі: қалан- ып, қалан- ғалы, қалан- а.
Қалану, даму, бару.
ІІ деңгей
  1. Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жаса.
Бұрылғалы, тартып, салынғалы.
2. Өлең жолдарынан есімше жасап тұрған жұрнақтарды тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндір.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Маған ауыр осылардың бәрінен Ойлайтындар мен емес бір күнгісін...
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны.
* * * * *
Оюын ойып, орындап қойып, Қиыннан қиып, қиырдан жиып,
Түр салғандай өрнекке. Құрап сөзді термекке...
ІІІ деңгей
Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жікте.
Ү л г і : Білмей: білмей+мін, білмей+сің, білмей+сіз; білмей+ді; білмей+міз, білмей+сіңдер, білмей+ді.
Көре, сөйлей, болмай, қала, шығара, байқай.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал