7


  • Учителю
  • 'Сыныптан тыс' терапия 4-сынып

'Сыныптан тыс' терапия 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Таутүрген орталау мектебі






ТРЕНИНГ

«Біз бақытты баламыз!»




Сынып: 2-4

Мұғалім: М.М.Елекенова

«Бекітемін»

Мектеп директоры

__________К.К.Карбузов

Тақырыбы: «Біз бақытты баламыз!»


Мақсаты: Оқушыларға бақыттың құндылық ретінде түсінік беру, бақытты болуға ұмтылуға психологиялық көмек көрсету


Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар,


Өтетін орны: биология кабинеті

Тақырыбы: «Біз бақытты баламыз!»

Мақсаты: Оқушыларға бақыттың құндылық ретінде түсінік беру, бақытты болуға ұмтылуға психологиялық көмек көрсету


Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар,

Барысы:

Кіріспе сөз

  • «Сәлеметсіңдер ме, балалар.

  • Көңіл-күйлерің қалай?

  • Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді, яғни бақытты болуды қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша бақыт дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге «Бақыт» аялдамасына тоқталуды ұсынамын. Қазір бәріміз бірге тақсатад жазылып тұрған өлең жолдарын оқимыз.


Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталады,
Мынау - басым ақылды,
Бәрін осы атқарады.
Мынау - менің оң қолым,
Мынау менің - сол қолым
Барлық істі атқарады.
Мынау - менің оң аяғым,
Мынау - менің сол аяғым
Жақсылыққа апарады.


І. «Көбелек» жаттығуы

Әрбір күн - таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиістіміз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын - мен сендерге көрсетемін, - ал сендер менің артымнан қайталайсыңдар «Көбелек» жаттығуы».

Таңертең көбелек оянды, тартылды,

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Азғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.


ІІ. «Сәлемдесу» ойыны:

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.


ІІІ. «Кедергілерден өту» ойыны

Мақсаты: кездесетін кедергілерден бас түсірмей өту.

Нұсқау: оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір-біріне қарап тұрып, қолдарын қайшылап тұрады, және бір оқушы сол кедергілерден өту қажет.


ІV. Өз көңіл-күйіңді бейнеле

Оқушыларға таза дөңгелек пішінді парақтар таратылады, сол парақта олар өзінің сол кездегі көңіл-*күйлерін бейнелеуі қажет.

V. «Бақытты болғым келеді» топтық жаттығу (арт-терапия)

Класс екі топқа бөлінеді, екі топқа ватмандар беріліп, «Бақытты болғым келеді» тақырыбында сурет салу, тілектер жазу ұсынылады. Кейін топтан бір-екі оқушы шығып өздері салған коллаждарын баршаға таныстырулары қажет.

VІ. «Бауырсақ» би терапиясы

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін көтері, рефлексия ретінде, яғни денелерін жеңілдету мақсатында би терапиясы жүргізіледі. «Бауырсақ» ертегісінен үзінділер көрсетіле отырып, биін қайталау

"Егер осылай болса..."

Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:

- егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

- егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.

Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталынады.

6. "Сиқырлы қалам"

Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек.

Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға "көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.

Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.


Қорытынды

Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін рмзашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.

Құрметті оқушылар сонымен біз бүгінгі тренингте бақыттың не екені, бақытты болуды, бақытты болуға ұмтылу сияқты түсініңтерді аша алдық деп ойлаймын. «Бақыт» аялдамасында көп қажетті ұғымдар туралы білдік, көңіл-күйімізді көтердік, барлық адамзатқа жақсылық тілеп, позитивті ой-тұжырым құра алдық. Яғни алдымызға қойған мақсатымызға жеттік.

Болашақта сіздерге өмірде бақыт, бақытты бала болуды шын жүректен тілеймін.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал