7


  • Учителю
  • Разработка урока Шортанбай Қанайұлы

Разработка урока Шортанбай Қанайұлы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ әдебиеті 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Шортанбай Қанайұлының өмірімен таныстыру, ол туралы білімдік түсінік беру; адам бойындағы ізгі

қасиеттерді оқушы бойына сіңіру; алған білімдерін олардың

біліктілік деңгейлеріне орай дамыту, ой-тұжырымдарын

дәйектей алуға ұмтылдыру.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. 2.Кіріспе сөз: Шортанбай Қанайұлы (1808, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі - 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) - ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.

Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.

Ол 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің "Зар заман", "Бала зары", "Тар заман", "Опасыз жалған", т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті.

1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет - насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.

. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.

  • Арам арсыз жан шықты,

  • Қайыры жоқ бай шықты.

  • Сауып ішер сүті жоқ,

  • Мініп көрер күші жоқ,

  • Ақша деген мал шықты.

  • Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған</<font color="#000000"> облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді. Қалықтаған сұңқар ем, Қанатым сынды ұша алмай, Қиындап қуға түсе алмай, - деген ақынның өз сөзіне назар салайықшы. Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар едім" - деп бекерге айтпайды.

3.Оқулықта берілген өлеңдерін мәнерлеп оқу, мазмұнын оқушылар өз беттерімен талқылайды. Мәтінді орыс тіліне аударуға болады.

4. Қорытынды. Жаңа тақырыпты пысықтау. Бағалау.

5. Үй тапсырмасы: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал