- Учителю
- Абай және батыс әдебиеті 11 сынып
Абай және батыс әдебиеті 11 сынып
Сабақ тақырыбы:Абай және батыс әдебиеті
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абайдың Еуропаның ұлы ақын-жазушылары
Шекспир, Байрон, Гете,Дюмалардың, философтар Сократ,
Платон,Аристотель, Спенсер, Дарвин еңбектерімен
танысуын,Дж.Байроннан «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен
«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі » өлеңдері туралы түсінік
беру.
Дамытушылық: оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімдерін
тереңдету.
Тәрбиелік: ұлы ақынның мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабағы
Көрнекілігі: ақынның өлеңдер жинағы, слайд
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Абай Құнанбаев туралы шығармашылық жұмыс
ІІІ.Жаңа сабақ
Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым- батыс, батысым-шығыс боп
кетті » деуі ақынның Батыс елінің мол рухани қазынасына, мәдени,
әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Абай оқып, біліп,
таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет
қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы
сақталмаған. Бұл жайында М.Әуезов: «Батыс Европа мен орыс
жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің
білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы
ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі,
Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол
кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін
аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ
білімпаздарын да зерттейді. Европа философиясын зерттеу ретінде
Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрінен де Дарвинге қызығады.
Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі» деп жазған.
Абай аудармаларының ішінде ұлы ағылшын ақыны, революцияшыл
романтизмнің көрнекті өкілі Джордж Ноэл Гордон Байронның әйгілі
«Еврей сазы» топтамасынан «Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар.
Поляк ақыны А. Мицкевичтің жарқын есімі әлем әдебиетінен ұлы
классик жазушылармен қатар. Абай оның шығыс ақындарының ішіндегі
бірінші аудармашысы. «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі».
IV. Мәтінмен жұмыс
Оқушылар Абайдың аудармаларының мәтінімен танысады.
«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі»
«Көңілім менің қараңғы»
V. Кестемен жұмыс
Абайдың өз шығармалары Абайдың Крыловтан аударған шығармалары
Абайдың Батыс Европа ақындарынан аударған шығармалары
VI. Сабақты қорытындылау
Тест арқылы
VII.Үйге тапсырма