- Учителю
 - 'Бала Шоқан' ашық сабақ, 5 'А'
 
'Бала Шоқан' ашық сабақ, 5 'А'
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 5 «А»
Тақырып: Шоқан бейнесі
Мұғалімі: Бұлақбаева Айнұр Маратқызы
Күні: 20.02.2015
Сабақтың мақсаты: Шоқан бейнесін ашу
Сабақтың міндеттері:
А) білімділік: Оқушыларды мәтін арқылы Шоқан бейнесін тануы
Ә) тәрбиелік: Оқушыларды қомқор болуға, мейірімділікке, өнерді бағалауға
тәрбиелеу
Б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып, логикалық
ойлауын дамыту
Сабақтың барысы:
-  
Топқа бөлу. Математикалық нөмірлеу арқылы топқа бөлу.
 -  
Психологиялық ахуал. Әр топқа бөлгеннен кейін әр топтан 1 оқушы тұрып өз тобына сәттілік тілеу
 -  
Топқа бөлінгеннен кейін әр топтан 1 спикер дайындап, оған бағалау парағын беру
 -  
Үйге берілген тапсырманы сұрау. (Жоспар құру).
 -  
Логикалық сұрақтар беру
 
1-топқа тапсырма
-  
Ең бірінші Шоқан бейнесін қай эпизодтан көреміз?
 
Қалай ойлайсың, Мысық одан неге қорықты, мәтінге сүйене оытырп дәлелде
2-топқа тапсырма
-  
2-эпизодтан нені байқадың? Яғни 2-эпизодтағы Шоқан бейнесі. Мысықтың Шоқанның үйіне келуіне не себеп болды?
 
3-топқа тапсырма
-  
3-эпизодтан Шоқанды қайдан көрдік?
 
Жай ғана балшықтан қаланған ойыншықтарды Шоқан неліктен жоғары бағалады? Қалай ойлайсың?
4-топқа тапсырма
-  
4-эпизодтан нені байқадық?
 
Шоқанның уәде беруі. Уәде деген сөз Шоқан үшін қаншалықты маңызды?
5-топқа тапсырма
-  
5-эпизодтан нені байқадық?
 
Осы эпизодтан Шоқанның бойындағы қандай қасиетін бағаладың?
(Белсенді тыңдау).
-  
Шоқан жайлы видеоролик көрсету. Шоқан жайлы фильмнен үзінді.
 
-  
Ролик жайлы ауызша пікірін білу.
 -  
Әр топқа тапсырма
 
1-топ: Бес жолды өлең
2-топ: Эссе
3-топ: Венн диаграммасы -Шоқан мен Мысықты салыстырамыз
4-топ: РАФТ
5-топ:Шоқанға 1 шумақ өлең
-  
Сергіту сәті
 -  
Сабақты бекіту
 
1-топ: Қалай ойлайсың, Шоқан қазіргі заманда дүниеге келсе, осындай ғалым болар ма еді?
2-топ: Қалай ойлайсың, Шоқан туылмағанда тұңғыш ғалым дүниеге келер ме еді?
3-топ: Егер сен Абылайханның шөбересі болсаң тарихта қалу үшін не істер едің?
4-топ Шоқан туралы қандай аңыз білесің?
5-топ Бізге Шоқандай болу үшін не жетіспейді?
Қорытынды
Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасын беру. Үйге: Шоқан бейнесіне ой толғау.
 
№30 мектеп-гимназия
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өткізген: Бұлақбаева Айнұр Маратқызы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана
2014-2015