7


  • Учителю
  • ' ҚАзақстанның ірі қонақ үйлері' урок по казахскому языку 11 класс

' ҚАзақстанның ірі қонақ үйлері' урок по казахскому языку 11 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ірі қонақ `үйлері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен материалды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу. Танымдық деңгейлерін көтеру, ойлау белсенділіктерін арттыру. Алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуі. АКТ - ны дұрыс пайдалана үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада флпчартпен жұмыс жүргізеді.

Пәнаралық байланысы: география, тарих, .

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ертеде отырықшы қалалалы елдерге саудамен жолға шыққан жолаушыларға арнап, жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тамақ әзірлейтін, қонақ түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік тұратын қора жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан төлемақы алып тұрды. Дәстүрлі қазақ қоғамда қалыптасқан қонақ жайлы арнаулы қонақ үй салуды қажет еткен жоқ. Кейін өндірістік тауар сауда қатынастарының дамуына байланысты ірі қалаларда қөп бөлмелі, үлкен асханалары, автогараждары, мәжіліс тағы басқа тұрмыстық үй жайлары бар қонақ үй салынды. Қонақ үйлер қызмет сапасына қарай шартты түрде жұлдыз санына қарай бөлінеді.


  1. Топтама әдісі «Миға шабуыл» тәсілі. Интерактивті тақтада флпчартпен жұмыс жүргізілед


Берілген сөздерден, тек қана тақырыппен байланысты сөздерді теріп, түсіндіріп қояды.

Мысалы: іс сапар, адамдар іс сапарға барғанда қонақ үйлерде тоқтайды

Гүл; қонақ үйдің әр бөлмесінде гүлдер бар.


  1. Картамен жұмыс жүргізеді. Ірі қонақ үйлерді қартаға орналастырады.

Мысалы: Rixos Президент Отель Астана қаласында орналасқан. Кейін осы қонақ үй туралы қысқаша мәлімет береді.


  1. Берілген сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырып, дәптерлеріне жазады.

Сөйлемдерді аяқтап, бір - бірін тексеріп, бағалайды.




5. Грамматиканы қайталау. Грамматика бойынша сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға ауызша жауап береді. Флипчартта жауаптары «шторкамен» жабулы тұрады.

6. Келесі тапсырманы дарынды оқушылар ұйымдастырды.

Жоғары және төмен деңгейлік сұрақтарды дайындап ойын арқылы өткізеді.


Әр санның астында сұрақтар жазылу тұрады. Оқушы тақтаға шығып өзі санды тандап сұрағын ашады да, кейін жауабын береді.

7.«INSERT» - стратегияны қолданып мәтінмен жұмыс жүргізу. Жұптық жұмыс.

Оқушылар берілген мәтінді түсініп, оқып шығады. Мәтіннен таныс емес сөздерді теріп, сөздікпен жұмыс жасайды.

Кейін кестені толтырады

  1. Үйге тапсырма: Келесі сабаққа ватман, түрлі түсті қарындаштар, бояулар әкелу.

  2. Оқушыларды бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал