7


  • Учителю
  • Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Ақсу қаласы «Қызылжар селолық округінің орта мектебі» КММ

Патриоттық тәрбие - жеке тұлғаның

қалыптасуының кепілі

Жангабулова А. Е.





Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: - Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді,- деген екен.

Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті мір де болмақ емес деп қазақтың классик тәлімгері Ж. Аймауытов тәрбие беру үздіксіз үдеріс болып табылатынын ерекше атап өткен.

Олай болса, тәрбие - аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз етеін үдеріс.

Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты мен мақсаты - жетілген, толыққанды жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мұғалім балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мінез - құлқының, тәртібінің сана - сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз екенсің, ұстазға тән қасиетті бойыңа дарытып, көкірегіңе ұялат, ұстазға сеніп тапсырған әр үйдің келешегіне, үміт күтіп отырған мұрагерінің санасына білім, жанына жақсылық сыйла. Ұстазды көргенде жиренетін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу - бүгінгі өмірдің басты талабы.

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.

Бала - біздің ертеңгі үмітіміз. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана.Олар ата-анасына және ұстазына қарап бой түзейді.

Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл - парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу - қоғам алдындағы басты міндет. Бұл міндетті, әрине, бала тәрбиесіне жауапты ұстаз, яғни сынып жетекші жүзеге асырады. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты.









Бірнеше жылдық сынып жетекшілік тәжірибемде түрлі сыныптармен жұмыс жасадым. Сынып жетекші ретінде әр оқушының жан дүниесін түсініп, онымен оңай жұмыс жасау үшін сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбие сағаттарын түрлі формада өткізудің пайдасы зор екенін аңғардым. Ескере кететін бір жай бүгінгі күні дәстүрлі, яғни лекция, әңгіме түрінде өтетін сабақтардың пайдасы аз екені белгілі болып отыр. Яғни мұндай сабақтарда негізінен сынып жетекші сөйлеп, оқушы тек тыңдарман ретінде қалып қояды. Ал заманауи үлгідегі сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе мұғалім бағыт беруші де оқушы басты рөлде болады. Ендеше сынып жетекшілері сыныптан тыс жұмыс түрлерін жоспарлағанда оқушыларының ерекшелігіне қарай жұмыс түрлерін түрлендіріп отыру аса тиімді тәсіл болып табылады.

Өзім жетекшілік ететін 9-сынып оқушылары тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс жұмыстарды өздері ұйымдастырып, өздері өткізеді. Оқушыларды осындай дәрежеге жеткізу, әрине, бір күннің немесе бір жылдың жемісі емес, бастауыш сыныптан орта буынға енді аяқ басқан 5-сынып оқушыларының өзіне деген сенімділігін оятып, қандай да бір жұмысты өткізуі үшін үлкендердің, әсіресе, тәрбиеші ұстаздың көмегі, қолдауы керек-ақ. Осы жолда жасаған алғашқы қадамым - мектеп психологымен бірлесе отырып әр оқушының мінез-құлқын анықтағаннан кейін сыныптан тыс жұмыстың жоспарын оқушының ерекшелігіне қарай құруды жөн көрдім. Алдыма қойған басты мақсатымның бірі - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда аса тартымды амалдар мен ұтымды жұмыс түрлерін қолдану болса, әр түрлі амалдарды жоспарлағанда ұжымдық, жұптық, топтық жұмыстардың түрлеріне ерекше көңіл бөлемін. Оқушылардың өздерін ізденіске бағыттау да олардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Әр оқушының жүрегіне жол таба білсек, олармен кез келген жұмысты атқаруға болады.

Қазақстанды «Отаным» деп таныған әрбір азаматтың бойына осы ұлы сезімді ұялату - әрбір сынып жетекшінің басты міндеті деп ойлаймын. Патриоттық сезімді құр ұранды сөз ретінде қолданбай, іс жүзінде жүзеге асыра білу - үлкен шеберлікті қажет етеді. Егер баланың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыра білсек, онда сол арқылы қалған 7 бағыт оңай жүзеге асатынына сенімім мол. Сол себепті өз тәжірибемде патриоттық тақырыпқа көбірек көңіл бөлемін.

Биылғы оқу жылында алғашқы сынып сағаты «Мен елімнің патриотымын» деген тақырыпта өтті. Мақсаты:Оқушылардың өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту; ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.





























Сынып сағатын өткізуді өз міндетіне алған Аяжан мен Орынбасар алғы сөздерін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономиканы өркендету үстінде күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады » деген сөзімен бастап, әрі қарай сабақты пікірталас түрінде өткізетіндерін айтты. «Ой да ортақ пікір де ортақ» дегендей, оқушылар

  • Жалпы «патриот» деп кімді айтамыз?

  • Патриотизм дегенді қалай түсінесің?

  • Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсіндіресің?

  • Қазіргі таңда жастардың бойына патриоттық сезімді ұялататын әндер бар деп ойлайсың ба?

Қалай ойлайсың, сен өз еліңнің патриотысың ба? т.б

сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салды. Соңында «патриоттық сезім» сөзін топтастырып, «Қазақстан - менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген ойды меңгерді. Және сынып сағатын «Өз Отанының патриоты болу - Қазақстанды өз жүрегінде ұялату» деген сөзбен қорытындылауы өте ұтымды шықты.



































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал