7


  • Учителю
  • ҚЫсқа мерзімді жоспар 9 сынып

ҚЫсқа мерзімді жоспар 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Айы, күні

2.09 1-сабақ

Сабақтың атауы:

Қазақстан - ортақ үйіміз

Мақсаты:

Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету;

Болашақты жасайтын-қазііргі жастар екенін ұқтыру;

Қазақ тілі курсына енгізу.

Оқу нәтижесі:

Мәтінмен жұмыс істеуге үйренеді;

Өз білімін тәжірибеде қолданады;

Сөздік қорларын толықтырады.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук . Слайд «Қазақстан»

Оқулық

Сөздіктер

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық даярлық «Атом молекулалары»

2. Шартты таңбалармен, оқулықпен танысу

3. Сабақ құрылымына шолу жасау

4. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс

5. Мәтінмен жұмыс

6.Топқа бөліну

7. Топтық жұмыс

8. Рефлексия

9. Бағалау

10: Үйге тапсырма алу

1.Психологиялық даярлық «Атом молекулалары». Оқушыларға тренинг барысын түсіндіріп, ойынды өткіземін, олардан қандай көңіл-күйде екендерін, тренинг маңызының неде екенін сұраймын.

3.Топтарды оқулықтағы шартты таңбалармен танысуға шақырамын. Ол үшін әр топ өз оқулыңын қысқаша презентациялайды.

4. Сабақта не істейтіндіктеріне шолу жасаймын. Тақтадан сабақ эпиграфымен танысу, әндету:

Қайда жүрсең Атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен.

Қ.Мырзалиев.

Атамекен - ата-бабаларымыз мекен еткен, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырған жер. Туған жер.

5. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс, жалпы орындайды. Мұғалімнің оқуы, оқушылардың айтып үйренуі, мағынасына көңіл бөлу:

Ірі мемлекет, ұлыс, еркін адамдар, металл өндіру, ұлт өкілдері, өсіру-егу, кең-байтақ жер, сирек, шектеседі, мұнай,

машина жасау, газ шығарылады, темір, батыс шекарасы, мыс, темір, алтын-сөздерді қалай түсінетіндіктерін байқау.

Ірі мемлекет сөз тіркесімен ауызша сөйлем құрату: Қазақстан - ірі мемлекет. Ірі мемлекеттер достастығы жарасқан, өзара қарым-қатынастаыр орнатып отырған елдер баршылық.

Мұнай не? Зат есім. Шикізат атауы

Мұнай өндіру

Мемлекетіміз мұнай өндіреді.

5. Мәтінмен топтық жұмыс. Әр жұп бірге оқып талдайды, бір-біріне түсіндіреді.

Қазақстан - ортақ үйіміз

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы ірі мемлекеттердің бірі. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасында негізгі мемлекет құрушы ұлт - қазақтар. Қазақстан жері - кең-байтақ. Шекараның ұзындығы 14,6 мың шақырымға жуық. Шекарамыз солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия республикаларымен және батысында Каспий теңізімен шектеседі. Шекарамыз Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейін, Тянь-Шань тауларынан Орал тауларына дейін созылып жатыр. Қазақстан аумағы 2,7 миллион шаршы шақырымнан астам. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар бар.

Республиканың әр аймағы бір-бірімен табиғат және экономикалық жағдайларына байланысты ерекшеленеді. Егер республикамыздың бір жерінде металл өндіру, машина жасау, химия өнеркәсібі болса, екінші жерінде мақта, қант қызылшасы өсіріледі немесе мұнай, темір, алтын, мыс мол. «Жері байдың-елі бай» дейді қазақ халқы.

7. Дұрыс па - бұрыс па?

  1. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс тұрады.

  2. Шекараның ұзындығы 18,5 мың шақырымдай.

  3. Шекарамыз шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Қытаймен, батысында Орта Азия республикаларымен және солтүстігінде Каспий теңізімен шектеседі.

  4. Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан.

8. Дәптердегі өзіндік жұмыс: 11-тапсырма. Өзара дәптер алмасу және тексеру.

Топқа бөлу:

2.Топта жұмыс істейтінімізді ескертіп, стиктер арқылы жұпқа бөлемін: 1-топ, 2-топ

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

9.Жаңа сөздерді қайталау.

Сергіту сәті

6. Ноутбуктан Қазақстан туралы слайд көру.

Үйге тапсырма

12: Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 8-бет. Сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіру.

Рефлексия

10. Рефлексия. «2 жұлдыз, 1 тілек»

Бағалау:

11. Бағалау парағымен жұмыс жасау.


Айы, күні

4.09

9-сынып 2-сабақ

Сабақтың атауы:

Қазақстан - ортақ үйіміз. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Мақсаты:

Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету;

Болашақты жасайтын-қазііргі жастар екенін ұқтыру;

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы білімдерін тереңдету, пайдалана білуге үйрету.

Оқу нәтижесі:

Өз білімін тәжірибеде қолданады;

Сөздік қорларын толықтырады.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Оқулық

Сөздіктер

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық даярлық «Атом молекулалары»

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Кіндік қаным тамған жер-туған жер; ержетіп-өсіп, қарым-қатына жасайды- байланыс жасайды. Контексте қарастыру.

3. Жаңа сабақ. Сөйлесім.

2-тапсырма бойынша жұмыс:

Сен қай елде тұрасың?

Сенің Отаның жер көлемі бойынша әлемде нешінші орын алады?

Шекарасы неше шақырымнан асады?

Қай елдермен шектеседі?

Еліңде қандай үлкен қалалар бар?

Туған жеріңнің қандай биік таулары мен ірі өзен-көлдерін білесіңдер?

Атамекенің жайында қандай мақал-мәтелдер білесің?

3.Грамматика бойынша жұмыс:

Кластерді топ ішінде талқылау, топ басшысының түсіндіруі.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Бірақ

Алайда

Дегенмен

Сонда да

Сөйтсе де

сөйткенмен

Мен досымды туған қалама қонаққа шақырып едім, бірақ ол келе алмады.

Қазақстанда көктем, әдетте, жылы болады, дегенмен солтүстік аймақтарда күннің суықтығы сақталуы ықтимал.

4.Жаттығулар орындау. 3-тапсырма. Жазылым. ҚСҚС теріп жазу:

«Қазақстан-2050» бағдарламасында белгіленген міндеттердің бәріне бірдей қол жете қоймас, сонда да қазақстандықтарға оны жүзеге асыруға сенімді беталыс керек.

4-тапсырма. Өздеріне берілегн сқйлемдерден ҚСҚС құрау:

Қазақстан Республикасында негізгі мемлекет құрушы ұлт - қазақтар, алайда мемлекетімізде түрлі ұлт өкілдері өте көп. Республикамыз пайдалы қазбаларға бай, дегенмен табиғаты әр өңірде әртүрлі. Жаз маусымнан басталады, бірақ қыркүйекке дейін созылады. Бұл - көпшілікке ұнайтын мезгіл, дегенмен өте суық қыс ұзаққа созылады.

5-тапсырманы топ ішінде орындау. Берілген диалогты толықтыру, оқу, аудару.

Қысқа тестілеу. Құрмалас сөйлем.Тәжірибе.

1. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Айман дүкенге кетті. В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады. С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр. Д) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар. Е) Мен кеше сабаққа келген жоқпын

2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай анықталатынын көрсетіңіз.

А) Екі жай сөйлем. В) Атаулы сөйлем, түсіндірмелі сөйлем. С) Жалғаулықты сөйлем, жалғаулықсыз сөйлем. Д) Бағыныңқы, басыңқы. Е) Толымды, толымсыз сөйлем.

3. Салаластың түрін ажыратыңыз.

Ән басылып қалды, алайда гитара сазы тоқталған жоқ .

А) Ыңғайлас. В) Қарсылықты. С) Түсіндірмелі. Д) Кезектес. Е) Талғаулы.

4. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.

А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада. С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей. Д) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді. Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

5. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.

А) Сонымен. В) Сондықтан. С) Да. Д) Бірақ. Е) Немесе.

Топқа бөлу:

2.Топта жұмыс істейді. Кластер жасау: ҚСҚС

Сергіту сәті

Түстер терапиясы

Үйге тапсырма

12: Үйге тапсырма: 12-тапсырма, 10-бет. Мақалдарды жаттау.

Рефлексия

10. Рефлексия. «2 жұлдыз, 1 тілек»

Бағалау:

11. Бағалау парағымен жұмыс жасау.


Айы, күні

7.09 3-сабақ

9-сынып

Сабақтың атауы:

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет

Мақсаты:

Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету;

Болашақты жасайтын-қазііргі жастар екенін ұқтыру;

Оқу нәтижесі:

Мәтінмен жұмыс істеуге үйренеді;

Өз білімін тәжірибеде қолданады;

Сөздік қорларын толықтырады.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук. «Атамекен» қысқаметражды фильм

Оқулық

Сөздіктер

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық даярлық «Қала тұрғындары»

2. Сабақ құрылымына шолу жасау

4. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс

5. Мәтінмен жұмыс

6.Топқа бөліну

7. Топтық жұмыс

8. Рефлексия

9. Бағалау

10: Үйге тапсырма алу

1.Психологиялық даярлық «Қала тұрғындары». Оқушыларға тренинг барысын түсіндіріп, ойынды өткіземін, олардан қандай көңіл-күйде екендерін, тренинг маңызының неде екенін сұраймын.

3.Сабақ эпиграфымен жұмыс: хормен оқу, талдау.

Өзіңдікі де Туың да,

От пен Ауа, Суың да.

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

Иран-Ғайып

4.Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс, жалпы орындайды. Мұғалімнің оқуы, оқушылардың айтып үйренуі, мағынасына көңіл бөлу.

Синонимдік қатар:

Ғалам-әлем-жержүзі-дүниежүзі

Таныған-білген-белгілі

Болған-мойындаған

Тәуелсіз-геменді-еркін-дербес

Заң-ереже-қағида

Қабылданды-бекітілді

Терезесі тең-қатар-бірдей

Тарады-жайылды

Жаңалық-хабар

Қолдады-мақұлдады

Іле-шала-лезде-тез-жылдам- сөздерді қалай түсінетіндіктерін байқау, ол үшін оқушылар топта талқылайды.

5. Мәтінмен топтық жұмыс. Әр жұп бірге оқып талдайды, бір-біріне түсіндіреді, аударады.

Қазақты ғалам таныған күн

Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Контитуциялық Заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алалтауға дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатқан миллиондаған қазақтың Отаны болды, яғни терезсі тең мемлекет болып танылды. Енді ол - Қазақстан Республикасы.

1991жылдың 16 желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бұл дүниежүзінің үлеенді-кішілі мемлекеттері қатарына тағы бір үлкен елдің, іргелі халықтың қосылғанын, адамзат тарихындағы тағы бір беттің ашылғанын қуана қолдады. Түркия бас болып, іле-шала Канада, Бразилия, Үндістан, Румыния, Швеция, Норвегия, Египет, Израиль, Куба, сондай-ақ АҚШ пен Швейцария таныды. Топта 3-тапсырманы орындау. Диаолг толықтыру.

5. Дәптердегі өзіндік жұмыс: 4-тапсырма. Өзара дәптер алмасу және тексеру.

Топқа бөлу:

2.Топта жұмыс істейтінімізді ескертіп, стиктер арқылы жұпқа бөлемін: 1-топ, 2-топ

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

9.Жаңа сөздерді қайталау.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)-Денис

Жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.

Сергіту сәті

6. Ноутбуктан «Атамекен» туралы фильм көру.

Үйге тапсырма

12: Үйге тапсырма: 6-7 тапсырма, 12-13 бет. Сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіру.

Рефлексия

10. Рефлексия. «2 жұлдыз, 1 тілек»

Бағалау:

11. Бағалау парағымен жұмыс жасау.


Айы, күні

9.09 4-сабақ

9-сынып

Сабақтың атауы:

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі

Мақсаты:

Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау

Оқу нәтижесі:

Өз білімін тәжірибеде қолданады;

Сөздік қорларын толықтырады.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Оқулық, терек сызбалар, кластер

Сөздіктер

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық даярлық «Қала тұрғындары»

2. Сабақ құрылымына шолу жасау

4. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс

5. Мәтінмен жұмыс

6.Топқа бөліну

7. Топтық жұмыс

8. Рефлексия

9. Бағалау

10: Үйге тапсырма алу

1.Психологиялық даярлық «Қала тұрғындары».

4.Жаңа сөздерді қайталау

Ғалам-әлем-жержүзі-дүниежүзі

Таныған-білген-белгілі

Болған-мойындаған

Тәуелсіз-геменді-еркін-дербес

Заң-ереже-қағида

Қабылданды-бекітілді

Терезесі тең-қатар-бірдей

Тарады-жайылды

Жаңалық-хабар

Қолдады-мақұлдады

Іле-шала-лезде-тез-жылдам

Үй тапсырмасын тексеру.

Семантикалық картамен жұмыс.

Сөз

дер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмек

тес

Қазақстанның

+

Мүшелігіне

+

Елімді

+

Отбасынан

+

Атамекенде

+

Отаныма

+

Елдермен

+

Мемлекет

+

Жаңалығын

+

Халықпен

+

Туған жеріңді

+

Шекарасы

+

Заңында

+

Қатарларында

+

Бекіту:

1.Сөз топтары деген не?

2.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата.

3.Түбір сөз дегеніміз не?

4.Қосымша дегеніміз не?

5.Қосымша неше топқа бөлінеді?

6.Жұрнақ дегеніміз не?

7.Жалғау дегеніміз не? Оларды ата.

Топтық кластер

Зат есім


Топқа бөлу:

2.Топта жұмыс істейтінімізді ескертіп, стиктер арқылы жұпқа бөлемін: 1-топ, 2-топ

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

Зат есім туралы кластер жасау

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)-Денис

Заң-сөзін септеу

Сергіту сәті

6. «Аялы алақан»

Үйге тапсырма

12: Үйге тапсырма: Зат есімді қайталау.

Рефлексия

10. Рефлексия. «2 жұлдыз, 1 тілек»

Бағалау:

11. Бағалау парағымен жұмыс жасау.

Семантикалық картамен жұмыс

Сөз

дер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмек

тес

Қазақстанның

Мүшелігіне

Елімді

Отбасынан

Атамекенде

Отаныма

Елдермен

Мемлекет

Жаңалығын

Халықпен

Туған жеріңді

Шекарасы

Заңында

Қатарларында



Айы, күні

10. 09 5- сабақ

9-сынып

Сабақтың атауы:

Қазақстан Республикасының рәміздерін білу - менің міндетім

Мақсаты:

Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет бере отырып, тілдік құзіреттілігін дамытуға жағдай жасау.

Оқу нәтижесі:

Мемлекеттік рәміздер тарихынан мағлұмат алады.
•Тақырып бойынша топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай алады.
•Ойларын жеткізе біледі.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Оқулық, тірек сызбалар, кластер

Сөздіктер, жұмыс парақшалары, стиктер

Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы

ІІ. Мағынаны тану сатысы

Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс

Жұпқа бөліну

«Түртіп алу-инсерт» стратегиясы

Жұптық жұмыс

І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы

•Қазақстан қандай мемлекет?
•Қазақстан Республикасының Президенті кім?
•Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?

ІІ. Мағынаны тану сатысы

1. Сөздерді оқып жаттығыңдар
Рәміз-белгі-нышан-таңба

Аясында-айналасында-аумағында-көлемінде

Мата-шүберек

Бейбітшілік-тыныштық-татулық

Төменгі жағында-астында

Бостандық-еркіндік-тәуелсіздік-теңдік

Бейнеленген-көрсетілген-салынған

Біркелкі-бірдей-бірыңғай-бірқалыпты

Болашақ-келешек-алдағы уақыт

Дәстүрлі-әдетке айналған-салтқа енген

Ені-кеңдігі-жалпақтығы

Ұзындығы-ұзына бойы

рухын көтеру-жігерлендіру

мән - значение

отырыс-мәжіліс-жиналыс

жадында-есінде-ойында

серпіліс-өзгеріс

рәсім-салтанатты кеш

композитор-сазгер

қастерлеу-сақтау-қорғау

ту-байрақ-жалау

2. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар жұппен екі мәтінді оқиды, оқи отырып, «Түртіп алу-инсерт» стратегиясы белгімен жұмыс жасайды, орыс тіліне аударады.
«V» - білемін «-» білмеймін «+» жаңа мәлімет «?» тереңірек білгім келеді
Оқушылар жұмысы тыңдалады.
«Жұптасыңыз, талқылаңыз, ортаға салыңыз» стратегиясы
Оқушылар жұптаса отырып (4 - тапсырманы орындайды). Жұп өзара сұрақтарына мәтіннен жауабын тауып оқиды.

3. Жұппен жұмыс: Қазақстан рәміздері.

І. Мәтінді толықтырыңыз.

1.Елтаңбаның жүрегі - .....

2.Шаңырақ - мемлекеттің түп - негізі - ...

3.Сонымен қатар шаңырақ - ... де білдіреді.

4.Шаңырақ - қазақ өмірінің алтын қазығы болған киіз үйдің .... . 5.Тұлпар - даланың, ер - азаматтың көмекшісі, .... бейнесі.

6.Қанатты тұлпар .... біріктіреді.

7.Жұлдыз адамға .... көрсетеді. Елтаңбаның авторлары - ..... .

Керекті сөздер: Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов, жол, Уақыт пен Кеңістік, бостандықтың, күмбезі, күн шеңберін, отбасының бейнесі, шаңырақ .

ІІ. Дұрыс сөйлемді табыңыз.

1.Мемлекеттік ту көгілдір түсті .

2.Күн, арай, қыран және ою - өрнек - қызыл түсті .

3.Тудың авторы - Шәкен Ниязбеков .

4.Көгілдір түс ашық аспанды білдірмейді .

5.Қыран құс - билік, батырлықтың бейнесі .

6.Алтын күн тыныштық пен байлықтың, уақыттың белгісі емес

ІІІ. Сөздерді орын тәртібімен қойыңыз.

1.Түсті, көгілдір, ту, мемлекеттік

2.құс, қыран, билік, бейнесі, батырлықтың

3.аспанды, ашық, көгілдір, түс, білдіреді

4.авторы, тудың, - суретші, Шәкен Ниязбеков

5.бейбітшіліктің, пен, тыныштық, жақсылықтың, көк, аспан, нышаны

ІҮ. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақстан Республикасы қайда орналасқан?

2.Қазақстан қандай мемлекет?

3.Қазақстанның Ата заңы қай жылы қабылданды?

4. Еліміздің жері қандай?

Ү. Сөздердің сыңарын табыңыз.

1. Қазақстан а) мемлекет

2. президенттік ә) басқару

3. біртұтас б) Республикасы

4. алтын в) қазына

ІІІ. Ойтолғаныс сатысы

1.«Мемлекеттік рәміздер - еліміздің қасиетті белгісі»
2.Тест сұрақтарына жауап беріңіздер
•Ұлттық ою-өрнек қайда бейнеленген?
а) Әнұран ә) Елтаңба б) Ту

•Шұғылалы күн қайда орналысқан?
а) тудың ортасында ә) Елтаңбада б) тудың сабында

•Шәкен Ниязбеков қай рәміздің авторы?
а) ту ә) Елтаңба б) Әнұран

Жұпқа бөлу:

Зат есім мен сын есім арқылы

Сергіту сәті

6. «Аялы алақан»

Үйге тапсырма

12: Үйге тапсырма: 8, 11-тапсырма 16-17 бет, сұхбатты рөлмен оқу, мағынасы ұқсас сөздерді жұптастыру.

Рефлексия

10 Кері байланыс парағы толтырылады.

Бағалау:

11. Бағалау парағымен жұмыс жасау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал