7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары тақырыбы 'Бейнелеуіш сөздер' (6-сынып)

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары тақырыбы 'Бейнелеуіш сөздер' (6-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұғалім: Шарпекова А.С. Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Күні:

Сынып: 6

Пән: қазақ тілі

Тақырып: Бейнелеуіш сөз

Оқу құралдары: Қазақ тілі. Исаев К., Назарғалиева Ж., Ж.Дәулетбекова. - Алматы «Атамұра» 2011

Сабақтың мақсаты: Бейнелеуіш сөздерді мысалдар арқылы түсіндіру, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Күтілетін нәтиже: Өткен тақырыппен байланыстырады;

-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады;

-Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолдана алады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Қысқа мерзімді жоспар


Кезең

Уа-қыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Психологиялық ахуал

3 мин

Сергіту сәті.

Смайлдар арқылы топқа бөлгізеді.

Сергіту сәтін жасайды.


Мұғалімнен әр түрлі смайлдарды алып, екі топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру

3 мин

Бақылайды. Өткен сабақта не өтілгенін, үйге қандай тапсырма бергенін сұрайды.

Үйге берілген 300-жаттығуды қатар отырған екі оқушы бір-бірінің дәптерін тексеріп, бағалайды.

Өткен сабақтармен байланыс

Жаңа тақырыпқа көшу

Білу

Түсіну




10 мин



2 мин

Интербелсенді тақтадан «Бейнелеуіш» сөздерге байланысты видеолар мен суреттерді ұсынады.

БББ әдісін ұсынады БББ кестесі

Топтастыру әдісін ұсынады.







Мадақтайды

Тақырыпты анықтайды.

«БББ» кестесін толтырады


Топта «Бейнелеуіш сөздер» тақырыбын талқылайды, жіктейді, сипаттайды, түсіндіреді, жалпылайды, мысалдар келтіреді, постерге түсіреді.

Өз сөзімен баяндайды, қысқаша түсіндіреді.


Екі топ бір-бірінің жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Қолдану

10 мин





1 мин

Тапсырма береді. Бақылайды.






Интербелсенді тақтадан бейнелеуіш сөздерге байланысты жұмбақтарды жасырады.



302-жаттығу. Оқушылық деңгейлік тапсырма. Бейнелеуіш сөздерді тауып, олардың мағынасын және қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Тапсырма: Жұмбақ шешу. Оқушылар жұмбақтың жауабын топпен ойлап, шешімін айтады.

Қызыл бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар.

Ауық-ауық азан салып,

Өңеш керген айқайы бар.


Қорбаң-қорбаң еткен,

Өмірі орманда откен.


Жылмаң-жылмаң етеді,

Жылмаңдап сайдан өтеді.

Із-міз тастап кетеді.


Әуеде ақ мамық,

Қалбалақтап ұшады.

Қанаты талып,

Жерді барып құшады.

Шұнтиып қос құлағы,

Түнде көрер қырағы.


Көк көйлекті жеңешем,

Көлбең-көлбең етеді.


Жалт-жұлт еткен,

Жылуын жанға төккен.


Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап.


Жинақтау

10 мин

Интербелсенді тақтадан «Сызба кесте, білім 5-те» атты кестені оқушыларға ұсынады.

Р/с

Еліктеу

Елік- теуіш

Бейне-леуіш

1

Тыпың - тыпың

2

Гүрс - гүрс

3

Томпаң-томпаң

4

бүрсеңдеп

5

Қаңғыр- күңгір

6

Сылқ


Бақылайды, бағыт-бағдар береді


Карточкамен жұмыс. Екі топқа екі түрлі карточкалар таратып береді.









Бақылайды. Бағыт-бағдар береді.

Оқушылар осы кестені орындарында отырып тез-тез толтырып, тақтаға шығып толтырады.


Әр топ өздеріне берілген карточкамен жұмыс жасайды.

  1. Карточка. Төмендегі Абай өлеңдерінен алынған үзінділерден басқа сөз таптарын жасауға негіз болған еліктеу сөзді табыңдар. Оларға құрамы жағынан талдау жасаңдар.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.


Тоты құс түсті көбелек,

Жаз сайларда гулемек.


Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,

Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.


Мақтауға есіріп,

Барынша көсіліп.

Ырғалып қарқ етті,

Ірімшік жерге салп етті.


Жарқ-жұрқ ектіп екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан майданға.


  1. Карточка. Төмендегі мәтін қай әңгімеден үзінді? Авторы кім? Әңгіменің қысқаша мазмұнын айтыңдар. Еліктеу сөзді тауып, морфологиялық талдау жасаңдар.

.... Аяғының астында, сонау көзге түртсе көрінбес, қара түнекте ол өмірі көрмеген бір дүлей аранын ашып, тісін са-сақ қайрап тұрғандай ту сыртынан мұздай тер шығады.

... Сүйменді қайта ұстады. Сыз қабырғаны дүңк-дүңк ұра бастады. Кенет тасқа тиіп шық ете түсті. Сосын жаңағы сүйменіне қатты тиген жерді бойлап қаза түсті. Әлгі күрт-күрт дыбыс жоғалды.



Бағалау

2 мин

Алдын-ала берілген бағалау парағы бойынша бағалауды ұсынады

Топ басшысы алдын-ала берілген бағалау парағы бойынша бағалайды.

Рефлексия

5

Оқушыларды тыңайды

10 минут ішінде еліктеу сөздер бойынша эссе жазады.

Үйге тапсырма беру


Үй тапсырмасын береді

Үйге 305, 306-жаттығу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал